Өмірбаяны садуақас қазіретінің отбасы



бет1/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,09 Mb.
#923
  1   2   3   4   5
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
І. СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

1.1.Садуақас қазіретінің отбасы

1.2. Смағұл Садуақасұлы-коммунистік такаппарлық құрбаны

ІІ.СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ АТҚАРҒАН КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ

2.1. Смағұл Садуақасұлының қоғамдық-саяси көзқарастары

2.2. Смағұл Садуақасұлының Ф.И.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясына қарсылығы

2.3. Смағұл Садуақасұлы – халық комиссары

2.4. Смағұл Садуақасұлы сындарлы жазушы, жауапты редактор және публицист
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Ұзақ сонар ұлт тарихының қай бөлігі болсада керекті, әрі тағылымды. Әйтеседе еліміз тәуелсіздігін жақтап отаршыл патша өкіметіне, сонан соңоны құлатып орнына большевиктік империялық саясатқа қарсы тұрған кезеңнің орны ерекше.

С.Садуақасұлы сол шақтың оза туған перзенті еді. Ол аға толқын алаш ауығандардың ісін ілгерлету жолында аянбай күрескен азаматтардың алдында тұрған тұлға жетпіс жыл бойы аты аталмаса да, жариялықтың арқасында сахнасына қайта шықты.

Бұл тақырыптың таңдағы өзектілігі тарих бетінен өз орнын ала алмай жүрген, өз халқының болашағы үшін күрескен, көрнекті қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлының өмірі мен қызметінің сіңірген еңбегіне шолу жасап өтеміз. Смағұл Садуақасұлының репрессияға ұшыраса да, 1997 жылы президент жариялаған «ұлттық татулық пен саяси құғын-сүргіндерді еске алу» жайында еске алуға тұратын тұлға. Ол аз ғана ғұмырында өз халқы үшін өмір сүріп, көптеген қызметтер істеді, оның оқу-ағарту саласында индустрия, ауыл шаруашылығына сіңірген еңтегі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ. Өйткені жылы 2003-06 жылдар ауыл шаруашылығы жыл болып жарияланды және осы жоспарланған үш жылда халықтың жағдайын жақсарту сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту болып отыр.

Бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі тарих бетіне, өз халқының болашағы үшін күрескен, көрнекті қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлының өмірі мен қызметіне, сіңірген еңбегіне шолу жасап өтеміз.

Осы аяқтау жұмысын жазуда екі мәселені қарастырдым:

1.Смағұл Садуақасұлының өмірбаяны

2.Смағұл Садуақсұлының атқарған кәсіби қызметі

Бірінші тарауда Смағұл Садуақасұлының өмірбаянына толық шолу жасап өттім. Екінші тарауда оның атқарған қызметіне және қоғамдық саяси көзқарастарына қолда бар деректік материалдар арқылы ашып көрсетуге тырыстым.

Бұл тақырыптың әлі де болса зерттелмеген, ашылмаған қырлары көп. Айталық, оның Алашорда қызметкерлерімен қарым-қатынасы, «Жеке Азамат» ұйымындағы белсенділігі туралы оның еңбектері жайлы нақты зерттеулер, көптеген еңбектер шығару болашақ ісі.

Болашақта тарихшылар тарапынан зерттеу қолға алатындығына сенемін.

Қазақстан тәуелсіз ел болуы оның күрделі тарихи даму кезеңдеріндегі оқиғалар мен фактілерге жаңаша бағыт беру қажеттілігін туғызады. Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих этикасы көп жағдайда ақиқатты бір жақты көрсетіп бұрмалап, ұйғарып пікірлерге құрылған теориялардың қорытындылардың өмірге келуге себепші болды. Мұндай еңбектерге тарихи процестерді сүреусіз баяндау, тарихтың қасыретті беттері жайылып тіс жармау немесе үстемдік құрған коммунистік идеологияны енгізуге қайшы келетін оқиғалар хақында шындықты ашып айтпай, орағытып кету және оларға жаркеш сондай-ақ 1908 жылы И.Сталиннің өзі редакциялаған БК (б)П тарихының қысқаша күрек» тұрғысынан теріс сипаттамалар беру тән болып келеді. Мәселенің жаңаша қайтуы тарихи шындықты дұрыс тапты біреуге апаратын жолды іздеуді және сан алуан тың деректерді кең көлемде тауси, ғылыммен айналысуға енгізуді қажет етеді. Тарихи деректерді адамзат қызметінің нәтижесі ретінде қарастыру қоғамдық дамудағы маңызды жалпы адамзаттың ортақ көріністерді байқауға көмектеседі. Тарих ғылымының докторы, профессор О.М.Медушевскидің пікіріне, деректану болашаққа алатын мұндай жалпы адамзаттың жүйесі, яғни деректану бұл арада оның көмегімен зерттеуші шығармаға баға беретін әдіс ретінде көрінеді.

Аталған кезеңнен деректер беретін Қазақстандағы Сталиншілдер еңбектері туралы айтқанда ең алдымен ауызға алынатыны сол жылдары БК (б)П Қазақ өлкелік комитетінің жауапты хатшысы қызметінде болған Ф.И.Голощекиннің басқаларға жолдаған хаттары, жедел хаттары, сөйлеген сөздері, болып табылады. Мысалы, Ф.И.Голощекин «Партийное строительство в Казахстане, Сборник статей и речи (1925-1930гг) М» Алматы 1930ж.

Голощекиннің бұрын зерттеушілерге белгісіз болған кейінгі жылдары баспасөзбен жарық көрген еңбектерімен танысқанда толық көз жеткізуге болады. Голощекиннің Сталинге хаты, «Қазақ неге атқа қонды?» Ақиқат, Голощекиннің Сталинге хаты, «Қазақ тарихы, жеке адамдар жасаған деректі материалдар, тобына Голощекиннің төңірегіндегі жауапты партия мемлекет қызметкерлері қалдырған құжаттары да жатады. Бұлардың кейбіреуі соңғы жылдары жарық көре бастады.

С.Садуақасұылының сол кездерде мерзімді басылымдарға жарияланған көптеген әр түрлі мәселеге жасаған мақалалары жарық көрді. Мысалы «Жоғары оқу орнының Қазақстан үшін маңызы» Оқу ісінің кемшіліктері оларға қарсы шаралар: «Халық ағарту мәселелері», мен Голощекин жолдастың сөзіне қосыла алмайтын» т.б. [25,26-б].

С.Садуақасұлының Ташкентте жүргенде оның «Большевик» журналына жарияланған «Ұлттар, ұлт өкілдері туралы» мақаласы жарияланады. Бұл мақалада оның нағыз сүйген азамат екендігін айқындайды [6,102-б].

Алдамжаровтың «Победа великой октябрьской революции в Казахстане» еңбегінде көптеген мәселелерде С.Садуақасұлының көзқарасы туралы жазған [10,92-б].

Қ.Қасенов пен Ә.Төреханов бірігіп шығарған «Қызыл қырғын 37-опат болғандар» атты еңбекте С.Садуақасұлының өмірбаянына тоқталып: «Оның Қазақстандағы жоғарғы оқу орнының тұңғыш ұйымдастырушысы және КазПИ-дің алғашқы ректорларының бірі болғандығы, 1928 жылы транспорт инженерлерін дайындайтын институтқа түсіп, оны бітірген соң С.садуақасұлы Москва-Донбасс теміржолында инженер қызметін атқарып, онда жүріп сырқаттанып, 1993 жылы желтоқсанда Кремль ауруханасында дүние алды» деп көрсетеді [12,45-б].

М.Қойгелдиевтің еңбегінде С.Садуақасұлы 1926 жылы Қазақ өлкелік комитетінің қараша пленумынан кейін баспасөзде оның жеке басына қарсы бағытталған теориялық мақалалар жиі көріне бастады [6,59-б].

Бұл мақалада Голощекиннің «Кіші октябіріне», жалпы сол көздегі Қазақстандағы коммунистер арасында орын алған «Коммунизмнің» солшылдық ауруына қарсы қойылған бағытына С.Садуақасов қарсы болды.

Б.Дәрімбетов құрастырып, баспаға дайындауымен 1993 жылы шығарылған Смағұл Садуақасұлының таңдамалы атты екі томдық шығарма жарық көрді. Ол еңбекте С.Садуақасұылының жазған мақалалары, очерктері ғылыми публистикалық шығармалары берілген. Бұл дерек көз болып табылады [2,13-б]. Аяқтау жұмысымның жазылу барысында С.Садуақасұлының 20-шы жылдары өзі жазған мақалаларын пайдаландым. «Советская степь» Ауыл мектебінің жағдайы және оны нығайту жолында» атты мақаласы бар. Бұл мақалада С.Садуақасұлы мынадай пікір ұсынады:

«Ауыл мектебін ашпай тұрып талапқа сай орта және жоғары оқу орындары жөнінде сөз болуы тіпті мүмкін емес, яғни бұл жерде білім беру мәселесі ең алдымен бастауыштан басталады, деген тұжырымға келеді» [3,4-б]. Смағұлдың өз заманнан көнеріне сыймаған, кезінде ресми органдар қолдау таппаған, өзінің қудалауына себеп болған идеялардың негізгілері оның 1928 жылы бүкіл одақтық «Большевик» журналында жарияланған «Ұлттар және ұлт өкілдері туралы» атты мақалаларында барынша тиянақты баяндалады. Бұл мақаланы автордың кеңес қоғамдағы тең праволы ұлттарының бірінің өкілі ретінде табанды позициясын айқындайтын тарихи документ десе болғандай [3,17-б].

Арнаулы зерттеулерге келер болсақ, мұнда Садуақсұлының қоғамдық саяси қызметі, қайраткерлігі жөнінде белгілі тарихшылардың еңбектеріне сүйене аламыз.

М.Қойгелдиев пен Т.Омарбеков бірігіп шығарған «Тарих тағылымы не дейді?» атты еңбегі екі бөлімнен тұрады [6,5-б], бірінші бөлімінде ғасырдың 20-шы жылдарында жаңа қалыптаса бастаған тоталитарлық жүйеге қарсы күреске шыққан қазақ зиялыларының тағдыры сөз болады. 2-ші бөлімінде 30-шы жылдардағы ашаршылық жеке табынушылыққа байланысты халқымыздың басынан кешкен ауыр тарихы баяндалған. Осы бірінші бөлімі М.Қойгелдиев жазған бұл еңбегінде С.Садуақсұлының қоғамдық саяси қызметкер ретінде дәлелдеп көрсетеді және оның алаш қайраткерлерімен бірігіп жүргізген қызметін нақты фактілерге сүйеніп дәлелдеп көрсетеді. Бұл еңбекте Голощекин мен Смағұлдың саяси аренадағы қақтығыстары ешбір бүкпесіз жазылған [6,6-б].

Соңғы кездері мерзімді баспасөз бетінде С.Садуақасұлының Қазақстанда 20-жылдардағы қызметі жөнінде мақалалар жарық көрді. Д.Қамзабекұлының «Ақиқат» журналында «Тарихты жазған тарихта қалған тарланбоз» қазақ тарихына С.Садуақасұлының бай мұрасын қалай зерттеу керек» атты мақалалар жарияланды. Әдебиетші Д.Қамзабекұлы Смағұл еңбектерінде жасай отырып, әдебиет саласындағы жеткен жетіктіктеріне тоқталып өткен, оның әдебиетшіл керемет көркем сөзші екендігін барынша дәлелдеп көрсетеді. Әрине, бұл зерттеулер дұрыс. Біз тарихшы болған соң тарихи жағынан нақты фактілер зерттеуін қараймыз.

Д.Қамзабекұлының «Жұлдыз жураналына» «Алаштың ұлы Смағұл» мұнда Смағұлдың өмірі туралы жазылған [24,55-б].

М.Қозыбаевтың «Көкшетау» газетіне «Алаштың аяулы азаматы» атты мақаласы шыққан. Автор мақаласында С.Садуақасұлының алаш ұранды зиялылардың ісін жалғастырушы қоғам қайраткері деп көрсетеді.

С.Яимурзаеваның «Қазақ тарихына» С.Садуақасов жағдайы, оған қойылатын талаптар, қайраткердің ағарту саласындағы қызметін деректік материалдарға сүйене отырып жазған [26,45-б].

Сонымен бірге республикалар арасында миграцияны зерттеу, жергілікті ұлт кадрларын дайындау, мемлекетті басқару істеріне ұлт өкілдерін көбірек тарту, мекемелер ісін жергілікті ұлт тілінде жүргізу тағы басқа қойылды. Осы шақты жаңартуға ұмтылған қазіргі қоғамымыздағы ұлт аралық қатынастарды реттеу қолға алынды. «Оқу ағарту халық комиссариаты» қорында С.Садуақасұлының оқу ағарту саласына сіңірген еңбегін алып көрсетілген, оның ағарту саласында ғана емес мәдениет саласында да жетістіктері жазылған.



І. СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

1.1.Садуақас қазіретінің отбасы

Смағұл Садуақасұлының туған жылы барлық зерттеулерде 1890 жыл деп жазылып жүр. Мұны Смағұлға қатысты Омбы ауыл шаруашылық училищесіндегі, Қазақстан мемлекеттік Орталық архивіндегі құжаттар растайды. Әйтседе «орта Сібір» атты Батыс Сібір коператив бірлестіктері одағына жұмысқа кірерде анкетадағы сұраққа жауабында өз қолымен «1899 жыл» деп жазылыпты. Бірақ бұл жауапты жұмысқа кірердегі әдіс-айла (жасты үйкейтіп көрсету) болуы да мүмкін [ҚРОМА, 81 қор].

Смағұл заманындағы әкімшілік бөлініске сәйкес Ақмола губерниясы, Омбы уезі, қорған болысында дүниеге келген. Ардагер азамат Қастай Өтекин мен филологиялық ғылымының кандидаты Айтым Әбдірахмановтың деректері бойынша бұл жер қазіргі көкшетау облысының Ленинград ауданына қарасты, Ұялы елді мекенінің қасындағы Жарқын (Жарқынағаш) деген жер екен.

Әкесі Садуақас қазірет 1872 жылы туған. Жақих қажының айтуына қарағанда, кісі Уфадағы «Медресе Ғамихны» тамамдаған. Елде молдалық құрып, арапша балалардың тілін сындырған. Өзі еңселі, қарулы кісі болыпты. Дүние қумаған. Әркез: «Алланың кепілдігімен өңешті тескен құдай құрсақты да толтырды деді. Біз өз мойнымыздағы парызды орындайық,» -деп айтатын дейді, - Жақих қажы. Садуақас қазірет бұған мысал ретінде жамағаттан:

«Мына кесеге бір шелек су құюға бола ма?» -деп сұрайтын көрінеді де, «жқ» деген жауаптан соң, «міне, адам да сол секілді», -дейді екен.

«Бала күнімізде, -деп еске алады Ұялы ауылының қариясы Әмен ақсақал, -Садуақас молданың төбесі шатырлы шымнан салынған үйі тым зәулім көрінетін. Сырт жақ беттегі қос терезенің ортасынан қабырғаны тесіп шыққан гүлді арнайы отырғызылған деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, молда атамыз құдайдың құдіретімен шыққан өсімдікті жұлып тастауды обал санапты ғой...».

Әкесі Садуақас Тұрабайұлы нақақтан 1937 жылы кеңестік саясаттың құрбаны боп кете барады. Бар жазығы Орталық пен Голощекиннің қазақцидіне қарсы тұрған Смағұлдың әкесі болғандығы еді. Ұялының 85-тегі қарты Қайыржан ақсақал: «1937 жылы ауылдан 7 кісіні айдап әкетті ғой дедектетіп. Өз көзімен көрдім. Айдағандар қазақ мелитселері тұғын. Айдағандардың ішінде Садуақас молда да бар екен. Оларды Москаленкаға жаяу айдайды», -дейді. Ал, Смағұлдың шөбере інісі Аронұлы Рахымжан қария: «Біз Садуақас молданың Қарағандыға айдағанын білдік те поштамен азық-түлік жібердік. Салған нәрсеміз бұзылған күйінде қайтып келді. Молда атамыздың Қарағандыдан кейінгі тағдыры белгісіз», -деп әуезе етеді[25,10-б].

Смағұлдың анасының аты Мажікен. Ол, кісі, баласы Смағұлдың жазған дерегі бойынша, 1879 жылы туған. Рақымжан Аронұлының бәйбішесі Гаухар Бейсенқызы айтады: Смағұл ағатайымыздың қарындасы Орынбасардың: «Шешем нағашыларым туралы көп айтпайтын. Сірә, бізге зияны тиіп кетер дейтін болу керек. Оның үстіне біз бой жеткенде «тақырда шыққанмын» дейтіндердің тасы өрге дөңгеледі ғой, -дегенін өз құлағыммен естідім», -деп [25,12-б].

1933 жылы жалғыз ұлы Смағұл ауыр қазасынан кейін бейбақ ана қатты қайғырып, күні-түні жылап, қос жанарынан айырылады. 1937 жылы күйеуі Садуақас қазірет жазықсыздан – жазықсыз айдалғаннан кейін Мәжікен ана көп кешікпей құсадан қайтыс болады.

С.Садуақасұлының ата-анасы туралы бар деректер осы. Ал, емшектес бауырларына келсек, Мәжікен ананың көтерген он сегіз құрсағынан аман қалғаны – Смағұл мен Орынбасар екен. 1918 жылы «Орта Сібір» коператив бірлестігіне қабылданарда Смағұл: Екі қарындасым (бірі 18-де, екінші 3-те) және бір інім (5-те) бар», -деп жазады. Мұның мәнісін Рақымжан Аронұлы қария: «Садуақас молданың екі ақ перзент болды менің әкелерім Өтебай мен Аронның (әкесі Әлім- Садуақастың әкесі Тұрабаймен емшектес бауыр, жусан бабамыздан тараған ұрпақ тамыры тереңде болғанмен, бұтағын кең жая алмады)». Сол себепті әр отау өз алдына түтін түтетседе, араласып-құраласып жататын. Смағұл ағатайымның «5 жасар інім» дегені менмін, «18 жасары» бір анамыз болуы керек, ал «3 жасар» дегені – Орынбасар ғой», -деп жауап берді [9,17-б].

Садуақастың қарындасы Орынбасардың өзі өмірден өгейлік, тағдырдан тәлкек көріп, 1990 жылы Омбы облысы, Любин ауданының Капустино деревнясында тұратын Аронұлы Рақымжанның қолында қайтыс болады. Рақымжан қария: «Смағұл ағам дүние салған соң, Садуақас қазіреттің шаңырағынан бақ тайды. Садуақас қазірет хабар-ошарсыз кетті. Мәжікен анамыз көз жұмды. Жалғыз қалған Орынбасар бой жетіп, тұрмысқа шыққанмен, отбасының жылуын көре алмады. Ақыры жетім күйінде дүниеден көшті. Өкімет «Қазақстан өкіметін қаласқан Смағұл бауыры» деп ескермеді. Ақтық сапарына дейін Орынбасар қолына бір тиын зейнет ақысы да тимеді ғой», -деді...

Смағұл ұшқан ұяның халі, міне осындай. Бұл – иісі алаштың кеңес билігі тұсындағы шынайы тарихының бір ұшқыны еді [19,47-б].

Смағұл 10 жасына дейін әкесі Садуақас қазіреттен тәлім –тәрбие алады. 11 жасында Жарқындағы Әбіл молда Бекімұлының мектебіне барады. Мұнда Смағұл арапша хат танып, ислам діні негіздерін оқумен қабат дүниеге білімдерден де нәр алады.

Садуақасұлы Уақап ақсақалдың айтуына қарағанда, білімпаз діндар Әбіл Бекімұлы сол өңірдегі ірі-ірі Тоғжанның Садуақасы, Бөртебайдың Шәмелісінде байлардың көмегімен татар, орыс мұғалімдерін алдырыпты. Бұл мектепті Смағұл 1912 жылы тәмамдайды. Мұнан кейін Жарқыннан шамамен 50-60 шақырым жердегі орыс поселкесі Полтовкадағы екі класты орыс-қырғыз (қазақ) училищесіне түседі. Училищеде үш жыл оқығаннан соң», толық курсты меңгергені жөнінен емтихан тапсыруға тура келеді. Сөйтіп, ол білімінің үздік екенін байқатады. Нәтижесі: «Тәртібі: -5.

Құдай заңы – мұсылман болғандықтан босатылған.

Орыс тілі – 5

Арифметика – 5

Жағрапия – 5

Геометрия – 5

Тарих – 5

Жаратылыс тану – 5

Сурет һәм сызу - 5

1915 жылы «халық мұғалімі» дәрежесін алып, қазіргі Көкшетау облысы, Лениград ауданы, «Қызыл ту» совхозы жерінде орналасқан сиыршы ауылындағы орыс, қазақ мектебінде ұстаз болып орналасты. Бір жыл ұстаздық еткен соң, әрі қарай оқуды жалғастырмақ болып Омбыдағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесінің агронамия бөліміне түседі. 1916 жылы 22 тамызда С.Садуақасұлы тууы туралы анықтамалық пен училище бітіргені жөніндегі куәлігін 108-ші талапкер болып ауыл шаруашылығының орта дәрежелі оқу ордасының мәдени – техникалық бөліміне тапсырады. Бірақ Смағұлдың өзі қаламады ма, училище басшылығы солай шешті ме, әйтеуір әлгі бөлім тізіміндегі Смағұлдың аты –жөні қарындашпен белінен бір сызылып, үстінен бадырайтып «с/х» деп жазылыпты [14,25-б].

«С/х»-сы ауыл шаруашылығы бөлімі белгісі. Мұндағы талапкерлер тізіміне 113-ші болыпты. Сынақ үш пәннен: арифметика, орыс тілі, құдайзаң бойынша, 22 мамыр бен 25 тамыз аралығында өтеді. Мұсылман дінінен Смағұлды босатады. Әр пәннен емтихан ауызша әрі жазбаша тапсырған. С.Садуақасұлы бәрінен «жақсы» деген баға алып шығады [11,22-б]. 1916жылы Омбыдағы ауыл-шаруашылық мектебіне кіруге емтихан берсе де, стипендия тимей (ол кезде стипендияны тек мекеме – орындары ғана өз есебінен берген), ауылға қайтпақшы болған соң, оқып жүрген жолдастары пұл жинап беріп, оқуын ары қарай жалғастырады. («Еңбекші қазақ» 5.V.1925жыл).

С.Садуақасовпен бір уақытта түскендер: Жүніс Бабатайұлы, Аспандияр Шорманұлы, Брмұхаммет Айбасұлы. Осы азаматтардың бәрі де кейін, 1918-1919 жылдары алаш ұранды ағаларына тілеуқор болып, ұлттың жоғын жоқтаған жасалашылардың «Жас Азамат» ұйымында топтасады.

Мен үшінші курс оқып жүргенде (бітіруге бір жыл қалғанда), Омбыда тқтаған әскер көпірі училищені оқу үшін өздеріне күшпен тартып алды да, дәрісімізді еріксіз үзді», -деп жазады Смағұл [2,43-б].

1918 жылы жазында Ақмола облыстық Жер-су Басқармасы ұйымдастырған қысқа мерзімді екі айлық қазақ оқытушыларын дайындайтын курста кооперация қисыны мен табиғаттанудан сабақ береді.

1918 жылы 2-ші желтоқсанда Ақмола облыстық Жер-су Басқармасы жанындағы қазақ бөлімінің қазақ бөлімінің оқу ісі бойынша, меңгеруші қызметін атқарады. Сонымен бірге, осы мекеменің құзырындағы 2 жылдық оқытушылар әзірлейтін курста жаратылыс тану мен физика пәндерінен дәріс алады.

С.Садуақасұлы туралы бұл құнды дерек осы кезге шейін құпия болып келген көп нәрсенің басын ашады. Түйін болған жұмбақтың шешетін жібін ұстады.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалың ұйқыда жатқан қазақ даласы да оянып, қимылға енеді. Уақытша өкіметтің шешімі бойынша жер-жерде жергілікті басқару органдары – комитеттер сайлана бастады. Сондай комитеттің бірі Омбыда құрылған болатын. Ақмола губерниялық қазақ комитеті деп аталатын бұл өзін-өзі басқару деп аталатын құрамында біраз оқыған жігіттермен бірге М.Жұмабаев пен С.Садуақасұлы да кіреді [12,24-б].

С.Садуақасұлының бұл комитетте нақты қандай іспен айналысқаны жөнінде қолымызда дерек жоқ. Бірақ кейбір жанама факторларға қарасақ ол бұл ұйымда жастар арасындағы жұмысқа жауапты болса керек. Мысалы, 1918 жылы майда «Бірлік» ұйымы жалпы қазақ жастарының съезін шақырады. Съезге қатысушылар өздерінің кеңес өкіметінің танитындығы жөнінде арнаулы қаулықабылдайды. Осында барлық жастар ұйымы бірігіп «Жас азамат» деген жаңа ұйым болып қайта құрылады. Оның басқармасына мына кісілер кіреді: төрағасы Мырзаұлы, мүшелері: С.Садуақасұлы, Сейітұлы, Г.Досымбекова, Ә.Байділдәұлы. «Жас азамат» деген газет шығарған. Оның редакторы болып Қ.Кеменгеров сайланады. 1918 жылы колчак шапқыншылығы С.Садуақасовтар елге кетіп, Омбыға кеңес үкіметі орнаған соң қайтып оралады. Осы кезден бастап, ол әлеумет жұмысына белсене араласады. С.Садуақасұлы 1918 жылы 2-ші желтоқсанда «орта Сібір» атты Батыс сібір коперативтер берлестігі одағына қызметке кіруге бел буды [4,15-б].

С.Садуақасұлы бұл тұста көрегенділік қадам жасады. Яғни, қазақ өз көз алдына мемлекет боламын деп қадам жасап жатыр. Өтпелі кезеңде жүргенде алауы бар шешен көсемдер керек-ақ шығар, бірақ саяси ахуал қалыпқа түскенде, ел бастаған көсемге от тілді, орақ ауызды болу аз. Алашқа енді іскер адамдар, қажет күн туды. Сонда Бөкейханұлы Әлихан сынды білімді де іскер адамдар санаулы ғана болып жүрмес пе екен? Қазақ үшін жанын құрбан етті, үркердей аға толқын зиялыларға кім демеу болмақ, ісін кім жалғастырмақ? Смағұл Садуақасұлын осындай ойлар мазалағаны ақиқат. Бұл пікірді оның Сібір шаруашылық кәсіпкер мамандары жиылған «орта Сібір» бірлестігі басшылығы атына жазған өтініш хатына сезіледі. «Сіздер даңғайыр Сібірдің тұрғылықты халқының басым көпшілігі қазақтар екенін білесіздер», - дейді ол [19,3-б].

Смағұл Садуақасұлы 1918 жылдың 14 желтоқсанында «орта Сібір» бірлестігі басқармасының саудадан басқа істермен шұғылданатын бөліміне шет ұлттар арасында кооперация жұмысын жүргізуші стажер – нұсқаушы есебін қызметке алынады. Бұл қызметте қазақ арасындағы ұйым дүкендерінің жандануына себепші болып, мал баққан қандастарына мал өнімін құнттау мен еңбегінің есеп-қисапын қалай білуді үйреткені де тарихи шындық.

Смағұл Садуақасұлы «орта Сібір» бірлестігінде 1920 жылдың 6 мамырына дейін қызмет жасап, «Қазақс еліндегі кооперация құру мәселесіндегі көзқараста басқарма әкімшілігімен ымыраға келе алмайтындығын айтып және істі әрі қарай жалғастыруды ұлтының келешегі үшін негізсіз деп тауып» өз еркімен ұйымынан босайды [19,22-б].

1986 жылға дейін Смағұлды «ұлтшыл-уклонист» деп келген қайсы бір зерттеушілер 1986 жылдан кейін «жоқ, қателесіппіз, коммунист екен» деп шықты. Тіпті кейбір ізденушілер «қажырлы большевик» деп те жүр [7,20-б].

С.Садуақасұлы коммунистік партияға осы Омбы қаласында өткен болу керек. Бұлай деуімізге себеп – Смағұлдың «кедей сөзі» газетіне (І.V.1920жыл.№11) «Л.Ленин» атты мақала жазуы (мен «В.И.Ленин және Қазақстан» деп жуан –жуан кітап жазған ағаларымның осы мақаланы ескермей келгеніне қайран қаламын) – деп жазды [4,21-б].

С.Садуақасұлы Мәскеу қаласында 1920 жылы 12-18 қыркүйек аралығында өткен күншығыс ұлттары жастарының бүкілресейлік бірінші конференциясына өкіл болып барып, қазақ ұлтының жастары атынан сөз сөйлейді. Осы жиылыста ол Күншығыс жастарының 9 кісіден тұратын кіндік бюросына мүше болып сайланады. («Жизнь национальностей») газеті.

Барша Сібір мен Кеңес үкіметіне қараған күллі Күншығыстың жаңа саяси қайраткерлері таныған Смағұл Қазақстанның үкімет басшылары назарынан да тыс қалмады. Оны 1920 жылы қыркүйек айының аяғына Орынборға арнайы шақыртты. С.Садуақасұлы Аймақтық жастар комитетінің хатшысы болып тағайындалды. («Еңбекші қазақ» 5.Х.1925жыл). Жастардың ұйымдық істері жөнінен тыңғылықты тәжірибе жинақтаған Смағұл қазан – қараша айларында Орынбор қаласында ашылған қазақ жастары курсінде ұйымдық, іскерлік, шаруашылық мәселелрі. 17.Х.1920) бойынша дәріс оқиды.

Осы күнгі Жастар Одағы басшылары Смағұл Садуақасұлы хақында дым блмейді десе болғандай. Олардан «Қазақстанда алғашқы Жастар Одағының ұйытғысы болған кімдер?» деп сұрасаңыз, Ғани Мұратбаевты ғана атаулары мүмкін. Әлі күнге бұл кісілерді «Осы Қазақстан автономиясы (!) Жастар Одағының тұңғыш хатшысы кім болған?» деген сұрақтың ойландырмауы ғажап нәрсе...

1920 жылы 4 қазанда Орынборда жалпы қазақ кеңестерінің бірінші съезіне С.Садуақасұлы делегат болып қатысып, қазақтың жас коммунистері атынан сөз сөйлейді. («Ұшқын» газеті, 7.Х.1920жыл), түрлі сала бойынша, жасалған баяндамаларды талқылауға белсене ат салысады. «Біз, жастар, автономияға үлкен мағына беріп қараймыз... Жастар келесі өмірге бастарын байлап кірісті. Үлкен ағалардың да сол жолда адастырмай түзу тартуларына сенемін,» - дейді Смағұл бұл съездің мінберінен [2,10-б].

Съезд күндері С.Садуақасұлы арнайы шешіммен «Ұшқын» газетінің (бүгінгі «Егемен Қазақстан») шығарушылар алқасына кіреді.

Сонымен, 1920 жылдың қараша айында С.Садуақасұлы жаңа құрылған Қазақстан автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынды. Бұл кезде ол бар болғаны 20-ақ жаста еді.

Саясат айдынына көтерілген жас қайраткер бұл жылдары бойындағы бар күш-жігерін балаң қазақ автономиясының буынын бекітіп, қабырғасын қатайтуғ жұмсады. Осынау кезеңнің ең үлкен көкейтесті зәрулігі – жер, әкімшілік – территориялық айырылым мәселелерін шешуде жаста болса оқыған-тоқығаны көп С.Садуақасұлының еңбегін ерекше атаған орынды [8,105-б].

С.Садуақасұлы 4 маусымда Семей губерниясының жиылысын шақырады. Өз шешімімен «отаршылдық іс-әрекеті үшін» губерниялық атқару комитетін тұқым-тұқымымен тарқатып, оның орнына губерниялық төңкеріс комитетін (губревком) құрады. Өкімет бұйрығымен өзі сол губревкомның төрағасы болып тағайындалды.

Ол губернияның шаруашылық мәселесі бойынша, ел басқаратын азаматтарды (кадр) іріктеу жөнінде бірқатар жұмыс жасайды.

1921 жылы қазанның 4-10 аралығында болып өткен жалпы қазақ кеңестерінің ІІ съезі С.садуақасұлының өтінішін арнайы қарап, Семей губерниялық атқару комитетін таратуын заңды деп табады.

Кез-келген саяси қайраткердің жолы даңғыл емес, - соқтықпалы – соқпақты, тар жол, тайғақ кешу, 21 жасар Смағұл мұны өз өмір тәжірибесінде көреді [12,94-б].
Смағұл Садуақасұлының әйелі Елизаветаға хаты:
Менің мейірімді Лизанькам!

Сенің соңғы хатың 14/ІІ-да жазылған еді. Демек сен хатты сирек жазатын болдың. Егер сен маған еліктегің келсе, онда мен жинақы болуға тырысуым қажет шығар.

Ал қазір... Мен жаңа ғана мұғалімдер съезінен келдім. Біз оны бүгін бастадық. Съезді ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әбдірахман Байдилдин ашты, ал үкімет мүшесі ретінде менің съезді ашуым ыңғайсыз деп саналды. Алайда съездің маған деген көзқарасы жан тебірентті. Құттықтау сөз айтуға мінберге көтерілгенімде мені бірнеше минут сөйлетпей қойды. Өйткені бәрі съезд делегаттары – қызу қол соқты. Басқа ешкімге (олардың қатарында Голощекин мен Нұрмақов та бар) мұндай құрмет көрсетілмеді.

Қатты қалжырап шаршадым, ал қазір сағат түнгі бір.

Саған көп нәрсені айтқым келгенімен, мардымды ешнәрсе жаза алмай отырмын.

Қазір менің ең жаман болжамдарын орындалуда. Осыған дейін мені босатпай келгендері «құлатуды» ойланғандары екен. Мұны әлі дәл айта алмаймын, алайда осылай болса, мен тағы да саясатқа қарғыс айтуға міндеттімін. «Саясаткерге тіл ойларын жасыру үшін берілген» деп ұлы Талейран бекер айтпаған. Мейлі, оларға шайтан дос болсын. Бір айдан соң бәрі де белгілі болады.

Ескендір қалай? Оны жиі-жиі ойлайтын болдым. Айтпақшы университетке төлеу не болды? менің орынбасарым саған 4-5 телефон шалғанымен, орныңнан таба алмағанын жазды. Осы сен қайда жүрсің? Ол бәрін де жөнге келтіреді. Тек оған бәрін жақсылап түсіндір. Жарайды, әзірше. Ұйқы қысып барады. Сенің көздерің мен Ескендірдің мұрнынан сүйдім. Әрқашан, түгелдей сенің Смағұлың (Егемен Қазақстан // 1992.3-б).
Смағұл өміріндегі ерекше де есте қаларлық жыл 1925 жыл еді. Мұсылманша айтқанда, Бөкейханұлы Әлиханнан сызған, Яковлевка Еленадан туған Зейнеппен Смағұл Омбыдағы жылдарында таныс-тын. Үйлену рәсімі Зейнептің нағашылары тұратын Омбы шахарында және Смағұлдың кіндік кескен жері Жарқын ауылында сәуір айында болады.

«Смағұл ағатайын Зейнеп жеңгемізді алып келе жатыр» деген хабарды естіген соң, елдегілер даярлана бастады. Өтебай (Аронның інісі) әкеміздің отауын олар үшін арнайы әзірледік. Ол кезде баламыз ғой, әшекейленген киіз үйді тамашаламақ болып ішіне ұмтылғанымызда, үлкендер жағы «тәйт» деп тыйып тастайтын, -деп еске алады Аронұлы Рақымжан ақсақал [25,47-б].

Жарқын мен оның етектес Ұялы ауылдары қарттарының естулерінше, Смағұлдың күйеу жолдасы Сансызбайдың Омары болыпты. О.Сансызбайұлы 20 жылдары Қазақстан халық ағарту комиссариаты (комиссары А.Байтұрсынұлы) ұйымдастыған этнографиялық экспедицияға қатысқан азамат. Елі әлі осы күнге дейін кісі туралы «ғұлама еді ғой», -деп отырады. Бұл кісі бертінде қайтыпты.

Елизавета Әлиханқызы Садуақасова 1930 жылға дейін Мәскеудің дәрігерлер институтын бітіріп (басында Омбы мед. институтын оқып), кейін медицина ғылымының докторы дәрежесіне дейін көтеріледі. Осы салада жазған 7 кітабы, жүздеген мақалалары ғалымның атын тарихта қалдырды. Ол кісі 1971 жылы дүние салды [25,48-б].

1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін қалың ұйқыда қазақ даласы да, қимылға енеді. Уақытша өкіметтің шешімі бойынша жер-жерде жергілікті басқару органдары – комитеттер сайлана бастайды. Сондай комитеттің бірі Омбыда құрылған болатын. Ақмола губерниялық қазақ комитеті деп аталатын бұл өзін-өзі атқару мекемесінің құрамына біраз оқыған жігіттермен бірге М.Жұмабаев пен С.садуақасұлы да кіреді [28,3-б].

С.садуақасұлының бұл комитетте нақты қандай іспен айналысқаны жөнінде қолымызда дерек жоқ. Бірақ кейбір жанама фактілерге қарағанда ол бұл ұйымдағы жастар арасында жұмысқа жауапты болса керек.

Жиырмасыншы жылдары Қазақ республикасы өкіметі басшылығына батыл сындарлы пікір – пайымы мен көрінген Смағұл Садуақасұлының есімі ел арасында аса істипатпен аталмағандығына тарих пен халық жадындағы естелік – әңгімелер куә. 1923 жылы 28 ақпанда Орынборда болып өткен ұлт қадірлісі – А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерей тойында баяндама жасау С.Садуақасұлына тапсырылуы жайдан-жай емес. Ұлт адам туралы мәнді ақ-адал сөзді тек кесек кісі ғана айтады. Халық ағарту мен баспасөз төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары осындай қорытындыға келгенінде дау жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет