Өмірбек Рысбике Өмірбекқызы Тараз қаласы



бет1/2
Дата07.06.2020
өлшемі98,04 Kb.
#72586
  1   2
Байланысты:
Баяндама Документ Microsoft Word (5)


Өмірбек Рысбике Өмірбекқызы

Тараз қаласы


«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Біліктілікті көтеру – оқытушының

және педагогикалық ұжымның

кәсіби дамуының негізгі құралы 

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.

Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгерудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған. Бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы (88 сағаттық) оқыту мазмұны тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауды жетiлдiру курстарына дайындықты ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиелеудiң субъективтiк әдiстерiне бағытталған. Ал оның мазмұны қолданбалы сипатта құрастырылды. Мұғалiм – ақпараттанушы емес, білімгердің жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi. Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен шектелiп қалмауы керек. Олар үшiн оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, білімгер деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға бағытталған теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар, психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек. 

Педагогтің өз еңбегіне, сапалы көрсеткішіне зерттеу және талдау жасау біліктілігіне қарай шығармашылық мынандай деңгейлерге бөлінеді:

1.Ақпараттық – өндірушілік: педагог басқаның тәжірибесін ескере отырып, нәтижеге жету жолындағы педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты стуацияларды шешудің тиімділігін талдауды біледі. Бұл педагогикалық шығармашылықтың төменгі деңгейі болып табылады.


2.Бейімділік- болжаушылық: педагог өзіне белгілі ақпараттан оқушылардың потенциялық мүмкіндіктері мен өзіндік жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет әдістерін, құралдарын, тәсілдерін іріктеп, өзгертіп пайдалана біледі. Бұл деңгейде пәнаралық байланыс, саралап оқыту, білім, білік дағдыларын меңгерту жұмыстары жүреді. Бірақ әліде болса оқушының жеке басын дамытуды оптималды болжау жағдайы жетіспейді. Бұл педагогикалық шығармашылықтың І деңгейі.
3.Ұтымдылық: педагогтің құрастырушылық – болжаушылық қабілеті байқалады, яғни жаңашылдық, педагогикалық үрдісті мақсатты, ұйымдастыру, педагогикалық міндеттерді шешудің қалыптан тыс түрлерін қолдану, т.б. Бұл ІІ деңгейі.
4.Зерттеушілік: педагог өзінің ізденісінің тұжырымдамалық негізін анықтай біледі, оларды еркін қисындырады. Оның нәтижесін зерттеу негізінде өзінің жүйесін дайындайды. Бұл деңгейде педагог шығармашылықтың жоғары категориясына жақын. Бұл педагог өзінің тәжірибесін жинақтай біледі. Егер оны әріптестері мойындаса, оның идеясы басқа мұғалімдердің жұмысында тиімді нәтиже беруі мүмкін. Бұл педагогикалық шығармашылықтың «жоғары» деңгейі.
5.Креативтік.(шығармашылықты елестете білу) – болжаушылық: педагог жоғары міндеттерді ұсыну және оларды шешудің әдістерін негіздеу қабілеттерін көрсетеді. Мұндай қызмет нәтижесінде өмірлік шығармашыл инновациялық тұлға қалыптасады. Бұл деңгейде педагог қызметінде өзара әрекет жасау әдісі орын алады. Принцип бойынша бұл әдістерді оның білімгерлерді де меңгереді. Олар тұрақты жағдайда өз мүмкіндіктері бойынша өзіне – өзі іштей жарысқа түсу үрдісінде нәтижеге жетуге тырысады. Алғашқы екі деңгейде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзін іздейді, яғни ол өзіне : Мен не істей аламын?, Қолымнан не келеді? Деген сұрақтарын қойса ІІІ-деңгейде, Қалай жақсы істеуге болады?, Қандай әдіс – тәсілдер, құралдар жоғары нәтиже береді? деген сұрақтарды басшылыққа алса, ал ІV, V деңгейде өз іс әрекетіне шығармашыл-педагог: Мен кімді қалыптастырамын? Менің қызметімнің нәтижесі не? Сұрақтарын басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында былай деп атап көрсетті: «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Негізгі педагогикалық білім берудің стандарттарын, мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс». Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (2010 жылдың 7 желтоқсанында № 1118 Президент жарлығымен бекітілді) сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Білікті педагогтар педагог мамандығының мәртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады. Педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне өзгерістер ендіру қажет. Біліктілікті арттыру орталыығы педагогтардың сапалық құрамын арттыруға және кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталды.

Орталық өз жұмысында мына принциптерді басшылыққа алады:

1.Қоғамға бағытталуы. Біліктілікті арттыру педагогтардың бойында азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.

2.Ғылымилық және инновациялық. Жаңа ғылыми нәтижелерді қолдануға үнемі ұмтылу, жаңа технологиялар, ғылыми білім мен ақпаратты қолдануға дайындық.

3.Үздіксіздік. Педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.

4.Көптүрлілік (Диверсификационность). Білім сапасын арттыруға және біліктілікті арттыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру, қызметтердің түрлерін, санын көбейту.

5.Ашықтық (транспарентность). Орталықтың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және қол жетімдігі, құрылымдық тұтастық пен тұтас жүйенің айқындығы.

6.Автономия және академиялық тәуелсіздік. Басқарудың дербестік және коллегиялық сипаты мен демократиялық принциптер негізінде шешім қабылдау, әрбір адамның жеке жауапкершілігі, оқытушыларға білім беру қызметінде академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

7.Заңға сәйкестік. Орталық өз қызметінде барлық құқықтық нормаларды сақтайды. 8.Көшбасшылық. Педагогтардың біліктілігін арттыруда көшбасшылыққа ұмтылу, басқарудың бір вертикалын және менеджменттің жаңа принциптерін енгізу.

Кәсіптік деңгейдің сапалық өсуін қамтамасыз ету үшін мына жұмыстар белгіленді: - жаңартылған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары; - жаңа жүйе бойынша үш айлық біліктілікті арттыру курстары; - e-learning электрондық оқытуды енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстары; - қазіргі білім беруді дамытудың бағыттарына сәйкес жасалған біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңарту; - жаңа мазмұн жасау; - ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды ендіру. Қазақстандық білім беру жүйесінде педагог мәртебесін арттыруда төмендегідей стратегиялық бағыттар анықталды:

1.Педагог қызметкерлердің біліктілігін артырудың жаңа жүйесін жасау.

2.Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын модернизациялау.

3.Жоғары оқу орындары мен колледждің педагогикалық мамандықтарындағы оқытушылардың біліктілігін арттырудың инновациялық жүйесін дамыту.

4. Білім сапасын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру жүйесінің тиімді жұмыс жасауына қажетті жағдайлар тудыру.

Осы қайшылықтарды шешу мақсатында біз біліктілікті арттыру институты тарапынан курстарды өткізу, әдістемелік көмек көрсету және т.б. жұмыс бағыттары бойынша мынадай педагогикалық шарттар кешенін есепке алуды ұсынамыз. Олар:

1) педагог тұлғасын педагогикалық қызметтің құндылықтарына бағыттау;

2) педагогикалық мәдениетті дамыту және жетілдіру;

3) педагогтардың өз қызметінің әмбебап сипатын, кәсіби білімі мен іскерлігін қызметтің басқа да салаларында қолдану мүмкіндігін ұғынуы;

4) қосымша кәсіптік білім жүйесіне педагогтарды ендіру;

5) кәсіби шеберлікті жетілдіру мақсатын белгілеумен байланысты жетістікке жету ситуациясын тудыру.

Педагогтың өзі үшін ізденудің ерекшелігі:

•әріптестер үшін ерекшелігі;

• білімгерлермен шығармашылықпен жұмыс жүргізу бағытының дәрежесі;

•әлеуметтік тапсырыстар, ата-аналар сұраныстарының дәрежесі;

•білім беру жүйесіндегі шығармашылық ізденіске дем берушінің әрекет дәрежесі;

•барлық аймақтық білім беру жүйелерін дамытудағы тәжірибелер ерекшелігі.

Практикалық (танымдық) кезең-таңдалған жаңа инновациялық процестің, соған сәйкес тәжірибелердің өзектілігін ашық сабақтар, семинарлар, мастер-кластар арқылы ұжым мүшелерінің әрқайсысының өзінің педагогикалық әрекетіне сәйкестендірілуі қажет. Бақылау-бағалау кезеңі-мұғалімдердің жеке таңдаған әдістемелік тақырыптары мен педагогикалық ұжымның инновациялық технологияны іске асырудағы жұмысының нәтижесін қорытындылау қажет. Осыған сәйкес колледждішілік біліктілікті көтеру жұмысын ұйымдастырудың екі түрін айтуға болады.

1.Мәдени ынтымақтастық (ынтымақтастық мәдениеті).

2.Жасанды әріптестік, яғни колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен бақылауының нәтижесінде дайындалған бағдарламаны орындау.

Мәдени ынтымақтастық-екі жақты түсіністікке негізделген тәлімгерлік тұрғыда іске асады. Өзара сенім мен қолдауға сүйеніп мұғалімдер ортақ мақсатты анықтап, оған жетудің мүмкіндіктерін бірігіп қарастырады. Біздің ойымызша, қазір мұғалімнің қажеті мен білім мекемесінің дамуына ең қолайлы біліктілікті жетілдіру түрі – мәдени ынтымақтастық. Өйткені, мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің кәсіби деңгейі санасының өсу-тек білім жинақтау процесі ғана емес, педагогикалық әрекеттің жаңа түрін игеру жаңа технологияның мәнісін терең түсіну болып табылмақ. Әдістемелік жұмыстың бұлай қайта бағдарлануы-мұғалімнің кәсіби-тұлғалық сипаттамасының, түйінді концепциялар мен педагогикалық шығармашылығының қалыптасуы үшін қажетті процесс. Сондықтан білім мекемелерінде біліктіліктің кең көлемді және әр түрлі негізде мұғалімдердің өздігінен сапалы түрде жетілуі, өзінің кәсіби біліктілікті деңгейін көтеруі үшін мүмкін жалпы болатын мәдени даму ортасын қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Колледжішілік біліктілікті жетілдіру жұмысының негізгі принциптері төмендегіше болуы керек:

- мұғалімнің жеке тұлғалық қасиетіне бағытталуы;

- педагог маманның кәсіби мотивациясы;

- әкімшілік пен педагогтың арасындағы ізгілікті қарым-қатынас;

- мұғалім еңбегінің нәтижесі мен кезекті білікті перманенті ( үздіксіз көтеруін) түрде қадағалап (мониторинг) бағалау.

Сондықтан, білім беру мекемесі деңгейінде өткізілетін біліктілікті көтеру жұмысын сол мекеме үшін бірыңғай ғылыми-әдістемелік тақырыпта өткізу керек деп есептеймін, өйткені ортақ проблема-колледжді дамытып, білім беру жұмысын жақсартудың басты көзі болады. Мұнымен қатар, ортақ тақырыптарға біріккен кіші шығармашылық топтар арқылы жүргізуге болады. Облыс колледждерінде тәжірибе осындай кіші шығармашыл-зерттеуші топтардың өнімді жұмыс істей алатынын көрсетті. Өйткені, әр топтың құрамы тек өзара ынтымақтастық пікірлестерден құралды. Таңдаған тақырыптарын кәсіби әдістемелік құштарлықпен игеру соңы зерттеушілік-ізденіс жұмыстарына ұласады. Мұның өзі педагог маманның кәсіби өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Енді біліктілікті көтеру процесі жүретін колледждің осы процесі басқару қызметін (функциясын) талдап көрейік. А.М.Моисеевтің пікірінше ондай колледждің басқару (функциясын) қызметін үш топқа бөлуге болады:

1. Колледждің өз міндетін тұрақты атқаруына қолайлы жағдай туғыза отырып басқару.

2. Колледждегі инновациялық процестер мен колледждің жалпы даму процесін басқару.

3. Колледжішілік басқарудың өзін-өзі дамыту процесін басқару. Бұл топтардың әрқайсысының колледжішілік біліктілікті көтеру жұмысын ұйымдастырып, дамытуды атқаратын өзіндік қызмет міндеті бар. Колледждің өз міндетін тұрақтылықпен атқарылуына қолайлы жағдай туғыза отырып басқару функциясына: -Колледждің ішкі қызмет жүйесі бағдарлаған маңызды құндылықтарды, принциптер мен ұмтылыстарды анықтап, келісу жұмысын ұйымдастыру. -Колледждегі педагог кадрлармен жүргізілетін жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Колледждегі педагог кадрлармен карьералық өсуін жоспарлау.

- Педагог кадрларды аттестациялау жұмысын жоспарлау және өткізу.

- Колледждегі озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Ал, колледждегі инновациялық процестер мен колледждің инновациялық бағытта дамуын басқарудың біліктілікті көтеру жұмысымен байланысы төмендегіше сипатталады;

- Озық педагогикалық тәжірибені жүйелі талдау және бағалау

- Колледжде «қабілеттілік кризисі» жағдаятын туындатып соған сәйкес мінез-құлықтық мотивацияны ынталандыру.

- Колледждегі білім сапасын жақсартудың нормативтерін жасауды ұйымдастыру. -Инновациялық қызметті ұйымдастыру тәжірибесін зерттеу және жинақтау жұмысын ұйымдастыру.

- Колледждің инновациялық дамуына үлес қосқан педагогтарды ынталандыру (марапаттау);

- Инновациялық әрекеттік тиімділікті талдау мен бағалау. Соңғы топтағы өзін-өзі дамытуды колледжішілік басқаруды реттеу төмендегі мәселелерді қамтуы тиіс: -өзіндік басқару тәжірибесін талдау мен жинақтау;

- Колледжді басқару мәселелері бойынша зертттеу мен эсперимент жұмыстарын ұйымдастыру;

- Колледждегі оқытушылардың арасынан басқару жұмысына бейім бір қабілетті педагогтарды басқару ісіне дайындау (резерв);

- Колледж әкімшілігі басшылары өзгерген жағдайда басқарудың сабақтастық саясатын қамтамасыз ету;

- Колледж әкімшілгінің колледж ішіндегі біліктілікті жетілдіруін ұйымдастыру.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың

Мемлекеттiк бағдарламасы.

2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту

тұжырымдамасы

3. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк

бағдарламасы.

4. Информатика (Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарты) Алматы, 2003ж.


5. Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Алматы, 1998ж. 
6. «Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж 44, 45 бе

Асанов Қаңлыбек Асанұлы

Тараз қаласы
«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі

Математика пәнінің оқытушысы


Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру пақрадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. » Масырова Р.Линчевская Т — «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару — белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке — дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке — дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

-дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік,  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыра отырып,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық  жауапкершілін арттырады.

-қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

-оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

саралап   деңгейлел   оқыту   технологиясында   оқытудың   мазмұны   мен   әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

-ақпараттық  бағдарламалап   оқыту — оқытудың  мазмұнын  пәнаралық  байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

-иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

-ізгілендіру технологиясында  педагогика ғылымының  алдыңғы  қатарлы  ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект»,  «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да,  ал  ғылыми   білімдер «оның  тұрмысының  әлеуметтік  жағдайы  мен  іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге  бөлуге болады .

Модификациялық инновация — бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация — бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация  — білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта  білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:

енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;

жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;

жаңалықты енгізу жолдарымен.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері — кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:

Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.

Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.

Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін  анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді  жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны  таңдай алуы қажет.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық  ептілікті,      шығармашылық белсенділікті болашақ маманның  шығармашылық-ізденушілік   дамыту   кіреді.  Оған болашақ маманның ғылыми — зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік  жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен  ұштасады. Ал кәсіп — мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік — оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция,  қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң  нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: 

инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;

инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ:

білім сапасының төмендігі;

білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы;

білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім  алушылар  мен  оқытушылардың  бірлескен  шығармашылық  еңбектерінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі-жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:


  • білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

  • жаңа   инновациялык   технологияларды   енгізу   жүйелі  әрі   мақсатты  түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

  • жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты-оқу орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті.

Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

— әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде

ұйымдастыра білу;

—  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

—  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

—  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдебиеттер

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. — //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. — //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану

мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

Ибрашева Айнаш Раймбекқызы

Тараз қаласы
«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары


«Педагог — жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған

барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді,

кінәрәттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам» 

А.В. Луначарский
Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуде жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданылатын амал-тәсілдер құрамынан этика елеулі орын алады.

Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.

Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмасфере тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанын сендіре білу, көңіл-күйін айтқызбай ақ түсіну, деркезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.

Педагогтың көңіл күйі- оның тәрбиелейтін зор күш қуаты. Кімде кім мұғалімнің көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн.

Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін- педагогикалық техника дейміз.

Педагогикалық техника:

Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;

Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;

Қол айқастыруға мүлдем болмайды;

Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек.


Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. Ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін-мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайымда кішіпейіл,бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғарғы саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.

Ал енді оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасындағы педагогикалық этикаға келетін болсақ, мұғалім оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.


Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігімен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды. Мәдениеттілік, ой –өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады.

Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше ақыл ой мәдениетіне жету қиын.

Ұлы педагог А.С Макаренко айтады: Оқушы сіздің еркіңізде, мәдениетіңізді жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек. Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік-жігері мен қажыр-қайраты немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді.

Сондықтан мұғалім сөзін оқушылырды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөз арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны байқап қояды.

Сабақ бергенде мұғалімнің дауsсы оқушылардың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығу керек. Кейбір мұғалімдердің сабақ түсіндіргенде сөздері естілер естілмес жай, бір сазды болып естіледі. Оның өзі оқушыларға гипноздық түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайына келтіреді. Осыдан кейін мұғалім мен оқушы арасында реніш туындайды. Ал енді оқушылардың сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу- барлық пән мұғалімдерімен қатар тәрбиешілердің міндеттерінің бірі.

Тек күнделікті өтіп жатқан сабақтар арқылы ғана емес, сабақтан тыс өтілетін шаралар, ашық сабақтар арқылы мұғалім мен оқушы арасында этика нығаяды, және орны ерекше болмақ. Мұғалім мен оқушы арасында болатын қатынаста педагогикалық этиканың маңызы зор. Этика-әдеп деген сөз. Педагогикалық этика болмайынша, мұғалім өз пәнін, өз жұмысын терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмысты алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған жас ұрпақты жан-жақтытәрбие беру мақсатына жете алмайды.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастар алуан түрлі болып келеді. Сондықтан мұғалім оқушыға қатынасын әр уақытта да өзгертіп отыруы тиіс. Бір жағдайда қатаң талап қоюы, екінші жағдайда тілек өтініш ретінде болып келуі, үшінші бір жағдайда сендіру мен көз жеткізу, мойындату, төртінші бір жағдайда үгіттеу, ақыл кеңес беру, бесінші бір жағдайда түсіндіру, жәрдемдесу, қамқорлық жасауы, алтыншы бір жағдайда ұялту, бетіне басу не ұрсу керек болатын жағдайлар кездессе, жетінші бір жағдай мақтау немесе жазалау жұмысына ұласады.

Мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Сол сияқты мұғалім білім алушының ата-анасы, туыстарымен нашар қарым-қатынасының, өкпе –арызының есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық этикаға жатпайды.

Білімгердің әлсіздігіне, тіл алмауына, кейде мұғалімге қарсы келуіне сыйламау әдетіне өшігіп оқушыдан кек алу, жек көру әдетінен де аулақ болуымыз керек. Кейбір ұстаздар тарапынан оқушының тәртіпсіздігінің есесін үлгерім бағасына ауыстыру әдеті де кездесіп қалады. Бұл әдеттің тиімсіздігі педагогикалық этикаға қайшы келуі тұрмақ, оқушыны өшіктіріп, қырсықтырып, мұғалімге қарсы қоюға, сыйламаушылыққа әкеліп соқтыратынын аңғармаймыз.

Мұғалім біріншіден өте әділетті шыншыл болуы тиіс. Педагог шәкіртіне өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы керек. Бұл жерде мен Л.Толстойдың «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол шын мәніндегі мұғалім болғаны» деген сөзін естеріңізге салғанды жөн деймін.

Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді, сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге (ұстаздарға) өте лайықты.

Сондай- ақ Ы.Алтынсариннің «Оқушы сабақты білмей қалса оған ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің керек» деген өсиетін де есте сақтаған артықтық етпейді. Оқушы мұғалімнің сұрауына жауап бергенде, олардың сөздеріне, жауабына ынта қойып ұқыптап тыңдауды, оқушының сөзін бөлмеу, басқа оқушыларға бөлдірмеу, орынды жерде қоштап отыру, кейде жаңылысқан қиналған жерінді түзету жасап, жәрдемдесіп жіберуді де қолданып отыруымыз керек. Жәрдемдесу дегенді мұғалімнің өзі оқушының аузына сөз салып, жетектеуге айналдырып жіберуге болмайды.

Кейде сабақты нашар оқитын оқушының тағдырын алдын ала шешіп қоюмыз кездеседі. Мысалы: Асанова тез тақтаға шықшы, сен бүгін де ештеңеге жауап беріп жарытпассың, сен Асанова ең болмағанда мынаған жауап берші… Бұл сияқты күдікті сөз ұнамсыз қылықты көрген оқушының өзіне деген сенімі жойылады, ұнжырғасы түсіп, не намыстанып, кектеніп ұзтазына да біліп тұрса да жауап бергісі келмейді. Сол сиқты сабақты өте салғырт, нашар оқитын не салақ, олақ, жалқау оқушылардан күдер үзіп, көңіл бөлінбей, ескерусіз қалдырған жағдайлары да кездесіп тұрады. Бұл сияқты қылықтар педагогикалық этикаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жаман әдет.

Оқушы әрқашан сенің айнаң іспеттес. Сол оқушының алдындағы қадір –қасиетіңді жойып алмас үшін мұғалімнің бой басы жинақы, көрікті, киген киімдері қарапайым, тап-таза бойына лайық, шақ сәнді болуы тиіс.

А.П. Чеховтың «Адамда барлық нәрсе жүзі де, киімі де , жаны да, ойы да көркем болуы тиіс» деген ұлағатты сөз ұстаздарға айтылған сиқты. Орынсыз бояну, шектен асқан сәнді , жасанды киіну, табиғи өңін өзөгертуге әуестену немесе өте салақтық, бой басын күтінбей жүру мұғалімдік этикаға үлеспейді. Кейде мұғалімдер арасында оқушы кінәлі болып қалағанда жазалай бергеннен гөрі оқушының жақсы қылықтарын да ескерусіз қалдырмай, оны дәріптеп, көтермелеп отыру мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартады.
Мұны да сатылап, орынды пайдалана білу маңызды жұмыс. Атап айтқанда құптау, ырзалық білдіру, рахмет айту, сенім білдіру, дәріптеп отыру, мақтау,үлгі тұту, сыйлық беріп көтермелеу жатады. Кейде оқушы сабақ үстінде тәртіп бұзып кінәлі болып қалады делік, оны сабақ үстінде тұрғызып қою, не далаға шығарып жіберу, не мұғалімнің сабағын жалғастырмай қалуы, болмаса тыңдамаған баланы әкімшілікке сүйреу мұғалімнің оқушы алдындағы қадір-қасиетін кемітеді. Яғни мынадай қорытынды шығаруға болады.

Мұғалім сыныбында болмас нәрсеге ашу шақырып, осындай кемшіліктен бір өзі жапа шекпей, төңірегінің алдында да айыпты болып саналуы.


Оқушының кінәсіне, тәртіп бұзғандығына ренжіген, ашуланған, ұрысқан мұғалім артынша не тиісті уақытты сақтамай кінәлі оқушыға жылы сөз, жылы қабақ көрсетудің керегі болмайды. Оқушының майда кінәләрін термелей берудің қажеті жоқ. Кінәлі болып қалған оқушының өткендегі кінәләрін қайталап, бетіне баса беруден аулақ болу керек.

Мұндай әдістер зияны бар әдіс болып шығады.

Менің пікірімше, мүлдем тыйым салуға жататын, жан түршігерлік былапыт сөздер айту –мұғалім үшін ең ұят нәрсе.

Әй, сен оңбаған, сен адам болмассың!


Бұл бала барып тұрған сотқар.


Жап аузыңды үніңді шығарма!


Асықпа әлі тоқсан аяғында берермін сазайыңды!


Тағы да басқа ауыр сөздерді зиялы кісі аузынан есту бала жүрегіне әсер етеді. «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» деген емес пе! Мұғалім әр уақытта да ең жоғары дәрежелі маманның бірі екенін естен шығармау керек. Тағы бір айта кететін жай бар, мұғалімдер демей-ақ қояйын, сынып жетекшілерінің өз тобындағы балаларды «Әй Даубаев, Әй Оспанова» деп айтқанда менде мынадай ой туады: неге сол балаларды есімімен атамасқа. Жоқ әлде мұғалімнің этикасына сай емес дей ме? Жоқ әлде қарапайым жылы лебізден баланы төбемізге шығарып аламыз дей ме екен?

Деген менің пікірімше тым аса тәртіпсіз, бұзақы балаларды біз тәрбиелеп жатқан жоқпыз деген ойдамын.

Өскелең өсіп келе жатқан біздің балаларға жылы сөздің артықтығы болмайды.

Педагог бала үшін жақсы да үлгілі өнеге беруі тиіс. Мейірімі мол адамның келбетінің өзі кез келген оқушыны еріксіз бас идіреді, оған шабыт бере отырып, батылдық, адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық және игілік арқалаған ұлағатты нәрселерімен еліктіре түседі. Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды. Ал біз педагог болғандықтан біздің білім, тәрбие беріп отырған оқушыларымыз саналы, тәрбиелі болып өссе деп тілейміз.
Қыдырбаева Индира Алпысқызы

Тараз қаласы


«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі

Арнайы пәндер оқытушысы


Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсатүйрете жүріп, үйрену.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыуәдістемесін өзгертеді.Менің  математика пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
Математика – оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа  технологияларды сабақ беру процесіне енгізу болдып отыр.

Сабақта жаңа   технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.


Педагогикалық ізденіс барысында білімгерлерді тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Осыған орай 3-4 сыныптарға арналған «Математика сырлары»« атты  бейінді оқытуға арналған бағдарламамда  жаңа тақырыпты түсіндіру барысында электрондық оқулықтағы мысалдарды көрсете отырып түсіндіремін интерактивті тақтаның көмегі арқылы тест тапсырмаларының жауаптарын тексеруге болады.

Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады.. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру


Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар ке­ңістігінде дұрыс бағытты таң­дауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпа­раттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Педагог мамандарды ақпа­рат­тық-коммуникациялық техно­логия негiзiнде дайындауда ке­­лесi қағидалар негiзге алынған:

– вариативтiлiк – әрбiр бi­лiм беру қызметкерлерiнiң жа­сақ­та­ған материалдарына сәйкес бi­лiк­тiлiктi көтеру жүйесiн ба­ғыт­тайды;

– болашаққа негiзделген –күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың ба­ғытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анық­тайды;


– рефлексивтi-креативтi – жа­ңа ақпараттық технологиялар­ды меңгерту бiлiмдерiн ұй­ым­дас­ты­руда курстың бағыты да­ра­лық-шығармашылық негiзге бағыт­талуы қажет;
– эргономикалық – нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
– iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап ете­дi, бiлiктiлiктi көтеру жүйе­сiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;

– тәжiрибеге бағытталған – оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қол­дану ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы iс-әре­кет­тер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;

– жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсы­нылады.
Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа  технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы  технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүм­кіндіктер береді. Дәл осы жаңа  технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол бе­ретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгер­ме­лі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүм­кіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдері­сінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа бі­лім алу технологиясын түбегей­лі өзгертуді тығыз байланыстырады.

Бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­дың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақ­па­раттық технологияны пайдала­ну­ға, Қазақстан Республика­сын­дағы ақпараттық кеңiстiктi әлем­дiк бiлiм беру кеңiстiгiмен са­бақтастыруға мүмкiндiк бередi.


Бiлiм берудi ақпараттанды­рудың негiзгi мiндеттерi:

–  ақпараттық және телеком­му­никациялық техникалық құ­ралдармен қамтамасыз ету;


–  бiлiм берудi ақпараттан­дыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
–  оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны ен­гi­зу­дi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүр­гiзу;
– пәндер бойынша жасақта­латын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiс­темелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiл­дiру бiлiм берудi басқаруда ақ­параттық жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарла­ма­лық-техникалық құралдарды қам­тамасыз ету және мульти­ме­дия­лық бағдарламаларды, элек­трондық оқулықтарды жасақтау;
– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қыз­меттерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандар­дың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог маман­дардың біліктілігін көтеруді ақ­параттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог маман­дардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандар­дың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.


Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени да­мудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын же­тілдіруде тың ізденістер жа­сауға мүмкіншілік туғызып отыр­ғандықтан  алдыма мынадай мақсаттар қойдым.

– жаңа  технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;


– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
– жаңа  технологияны қолдану саласы бойынша білімнерлердің мамандыққа баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi  жинақталған ақпарат­тық ресурстарға жедел ену;
– мультимедиялық электрон­дық оқулықтарды пайдалану.
– отандық бiлiм беру жүйе­лерiн бiртұтас әлемдiк ақпарат­тық бiлiмдiк кеңiстiкке ену ар­қылы сабақтастыру және т.б.

Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.


Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.


Жаксылыкова Айнур Абдыкадыровна

Тараз қаласы
«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі

Күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі


Жас ұрпақ-ел тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті колледж оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран - түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты үйрете жүріп, үйрену.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.Менің биология пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа  технологияларды сабақ беру процесіне енгізу болып отыр.
Сабақта жаңа  технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген . Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.

Оқыту жаңа технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.

Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар ке­ңістігінде дұрыс бағытты таң­дауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпа­раттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.


Педагог мамандарды ақпа­рат­тық-коммуникациялық техно­логия негiзiнде дайындауда ке­­лесi қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк – әрбiр бi­лiм беру қызметкерлерiнiң жа­сақ­та­ған материалдарына сәйкес бi­лiк­тiлiктi көтеру жүйесiн ба­ғыт­тайды;
– болашаққа негiзделген –күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың ба­ғытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анық­тайды;
– рефлексивтi-креативтi – жа­ңа ақпараттық технологиялар­ды меңгерту бiлiмдерiн ұй­ым­дас­ты­руда курстың бағыты да­ра­лық-шығармашылық негiзге бағыт­талуы қажет;
– iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап ете­дi, бiлiктiлiктi көтеру жүйе­сiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған – оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қол­дану ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы iс-әре­кет­тер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
– жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсы­нылады.

Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа  технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы  технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүм­кіндіктер береді. Дәл осы жаңа  технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол бе­ретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгер­ме­лі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүм­кіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдері­сінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа бі­лім алу технологиясын түбегей­лі өзгертуді тығыз байланыстырады.


Бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­дың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақ­па­раттық технологияны пайдала­ну­ға, Қазақстан Республика­сын­дағы ақпараттық кеңiстiктi әлем­дiк бiлiм беру кеңiстiгiмен са­бақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттанды­рудың негiзгi мiндеттерi:
–  ақпараттық және телеком­му­никациялық техникалық құ­ралдармен қамтамасыз ету;
–  бiлiм берудi ақпараттан­дыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
–  оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны ен­гi­зу­дi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүр­гiзу;
– пәндер бойынша жасақта­латын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiс­темелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiл­дiру бiлiм берудi басқаруда ақ­параттық жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарла­ма­лық-техникалық құралдарды қам­тамасыз ету және мульти­ме­диа­лық бағдарламаларды, элек­трондық оқулықтарды жасақтау;
– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қыз­меттерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандар­дың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог маман­дардың біліктілігін көтеруді ақ­параттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог маман­дардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандар­дың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени да­мудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын же­тілдіруде тың ізденістер жа­сауға мүмкіншілік туғызып отыр­ғандықтан  алдыма мынадай мақсаттар қойдым.

– жаңа  технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;


– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
– жаңа  технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi  жинақталған ақпарат­тық ресурстарға жедел ену;
– мультимедиалық электрон­дық оқулықтарды пайдалану.
– отандық бiлiм беру жүйе­лерiн бiртұтас әлемдiк ақпарат­тық бiлiмдiк кеңiстiкке ену ар­қылы сабақтастыру және т.б.
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа  технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін  сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың  маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың  ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл  “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын  салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту.  Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж.

2. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.

3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.

4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.

5. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.

адаева

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.



Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Жаңа формациядағы мұғалім:

Біріншіден – жаңа формациядағы педагог ретінде өз мүмкіндігін объективті түрде бағалайтын, яғни өзінің күшті де әлсіз жақтарын білуі қажет;

Екіншіден – интеллектуалдық іс-әрекеттің жалпы мәдениеттік педагогикалық этикасін меңгеру;

Үшіншіден – әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында жүріп жатқан интеграциялық процестерге бейімделу керек.

Білім беру жүйесі өзгергендіктен, білім беру процесіндегі негізгі жылжымалы күш – педагог та өзгеруі тиіс. Білім беру шеңберіндегі «Педагог – оқушы – ата-ана» бір бағытта жұмыс істегенде білім беру процесіндегі салаларға максималды нәтижеге қол жеткіземіз. Ертеңгі жаңа формация мұғалімі қысқа және ұзақ мерзімді әдістемелік мәселелерді әзірлеп, оларды шешу деңгейін бағалауға, өз-өзіне талдау жасауға көп уақыт бөліп, өз-өзін оқытып, үйретуге ұмтылады. Ал кездескен қиындықтар белсенділікті көтеріп, кәсіби дамуды басқарып, одан нәтижеге жетеді.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.

Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Қоғамдағы білім-беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар оқытушының ісіне еңбек жолына – «инновациялық білімді», «ақпараттық даярлықты», «ақпараттық технологияны» және тағы басқа технологияны алып келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман әзірлеуді  жүктеп отыр.

Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние- адамды кемелдендіру болып табылады.

Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.Ең керемет деген педагогты есіңе түсіргенде оның тұлғалық бейнесі көз алдымызда ең бірінші тұрады. Ал  кәсіби қасиеті екінші орында болады. Педагог өз пәнін жетік – жоғары деңгейде, жан-жақты білгенде ғана шәкірт дайындай алады.

Құзыретті маман даярлау мақсатында «білім алушылардың білімдік  белсенділігін арттыру технологиясын» пайдалана отырып, жаңа оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты студенттерге өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу.

Ақпаратты, коммуникативті, әлеуметті-құқықтық құзыреттер педагогтан ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа, смартмедиа, электрондық пошта, интернет) мүмкіндіктерін, бұған қоса студент  пен педагог арасындағы байланысын, бірін-бірі түсінуін, топпен жұмыс жасауын, ұйымдастыру басқару шешімдерін дұрыс таба алуын, қолдану қабілеттерінің басым болуын, әлеуметтік қызметтердің маңызын түсінуін, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарауын талап етеді.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы –өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ. Сондықтан, жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, педагогтың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа ақпараттық технологияға ұштастыруын қажетті санайды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы», «Қазақстан - 2050»«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»! Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Осы жолдағы басым бағыттардың бірі сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педагогтан ақпаратты коммукативті құзыреттілігін арттыруын талап етеді, осы тұжырым бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, студенттен кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабілетті, білімді,азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.



Бүгінде отандық білім беру мен бизнес саласы арасындағы әріптестік байланыс күшейіп келеді. Оған ел экономикасының­ дамуына қажетті мамандықтар даярлаудың себепкер екенін ескер­сек, бұл арнадағы жұмыстар өз ретімен орындалуда. Бұл бағыттағы жүйелі жасалған жұмыстар екінші жағынан аймақтық бәсекені арттырары сөзсіз. Дей тұрғанмен, жасыратыны жоқ, елімізде кәсіптік білім беруді көздейтін стандарттарға енді ғана көңіл бөлініп келеді. Осы ретте ірі кәсіпорындар кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даярлау ісіне белсене қатысуда.

Осылайша аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесі қолға алынды. Нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар бас­талды. Кәсіптік-техникалық оқу орындары индустриалық-инновациялық сала үшін кадрлар даярлауға баса назар бөлді

Білім беру жүйесін дамыту­ үшін елімізде аталмыш сала құрылымдық, мазмұндық бағытта жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда. Осы мақсатта қабылданған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аталған мәсе­лелерді шешуге арналған ұлттық  мамандар даярлаудағы негізгі қарқынды жоба болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орын­дары мен әлеуметтік серіктестіктердің байланысының жақсарғандығын осы секілді игі бастамалардан аңғару қиын емес.

Техникалық және кәсіптік білім беруге қазіргі уақытта ел көлемінде айрықша мән беріліп отыр. Кәсіптік-техникалық білімнің бәсекеге лайық ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес құрылымдарының және азаматтардың әлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сөзсіз. Елдің экономикалық қуаты да осы аталып отырған сала мамандарына тәуелді екені ақиқат. Жалпы бұл сала мамандарына біздің өңірімізде де сұраныс жоғары. Үкіметтің арнайы қаулысымен бекітілген тұжырымдамасында жастардың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отандық кәсіптік білім алуына жағдай жасау, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру мәселелері жіті қарастырылған. Ал оны іске асыру ортақ мүдде болғандықтан сала мамандарының әріптестік жұмысы игі нәтижелерге бастайтыны хақ.

Кәсіптік білім жастарымыздың мамандық таңдауы үшін қажетті өрісті қамтамасыз етуге, ал ересек тұрғындар үшін олардың жаңа жоспарлы іспен айналысуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруіне бейімделген. Қазіргі жастардың кәсіптік білімге деген қызығушылықтарының арта бастағанын байқаймыз.

Теориялық білім тәжірибемен ұштасқанда ғана маман кәсібіне төселіп, көш ілгері жұмыс атқаруға қабілеті артады.Осыған байланысты, өндірістік тәжірибеге тарту жұмысына да елеулі көңіл бөлініп отырғаны айтылды. Қазіргі таңда жұмыс берушілер кадрларды мақсатты даярлауға көптеген қаражат бөліп отыр.

Білім  жүйесін жаңғырту аясында дуальды кәсіби білім беруді дамыту, жұмысшы кадрларының зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру міндеттері қойылды. Дуальды жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл кәсіптік-техникалық білім берудегі  басты проблема –  оқу орнындағы теория мен заманауи өндіріс практикасы арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Дуальды оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. Мұндай оқыту өндірістің нақты сұраныстарына барынша жақындатады да жұмыс берушілер дайын мамандарға ие болады. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру, яғни, жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасында алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі  білікті мамандармен қамтамасыз ету бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.

Дуалды оқыту жүйесі теориямен қоса пактиканы пайдалану деген сөз. Түлектер теориялық жағынан емес,практикалық жағынан да сауатты болмақ . Диплом алысымен олар мекемеге орналаса алмаса да, өздері жеке істерін ашып, бизнеспен айналыса алады. Біздің оқу  ордамыз  мамандарды даярлауда сапаға ерекше мән береді.

Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді.\

-    жүйелі ойлауды;

-    құқықтық ақпараттық мәдениетті;

-    кәсіпкерлік мәдениетті;

-    өзін-өзі тануды;

-    басқаларға ұсынуды;

-    өз қызметін білімді талдауды;

-    жаңа білімді;

-    нано технологияларды меңгеруді;

-    кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;

-    бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;

-    әр іске жауапкершілікпен қарауды;

-    нәтижеге бағытталған істерді жасауды.

Білім ордасында студенттер арнайы пәннің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек. Мамандықтар бойынша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, оқу – әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық – технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері  қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді. Себебі, соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне ауытқуы көп қарастырылып келеді, яғни жұмыс берушіні көбіне біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзыретті мамандар қазықтырады. Бірақ, біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі әрі сапалы болады.

Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жүйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейін, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені кәсіби даярлықта педагогке қажетті  кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген оқытушы, студентті оқытуда, білім алу нәтижесіндегі  құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.

2. Шағыр Қ. Әрбір ұстазға берері мол //Тәрбие құралы.–2005. -No5 Б.55-56.

3. Қ.Ж. Бұзаубақова. « Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы. Жазушы 2006

4. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

5. Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005

абдыкадырова



Рухани адамгершік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.

Жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы ретінде, бүгінгі қабылданып жатқан стратегиялық мақсаттардың ертеңгі жүзеге асырушысы бола ала ма? Нақтылап айтқанда, жастардың әлеуметтену үдерісі дұрыс бағыт алып отыр ма? Әсіресе, қазіргі кездегідей, адамдар арасындағы қатыгездік, жеккөрушілік сынды және тағы да басқа қоғамға жат қылықтар үстемдік етіп отырған жағдайда адамдарға арнайы кәсіби көмек көрсететін мамандардың қажеттілігі артуда. Мұндай қажеттілік бүгінде қоғамда болып жатқан өзгеріс заттық өндірісті тек ғылыми-техникалық тұрғыдан қайта құрумен ғана емес, сонымен бірге сол еңбектің өзіне жаңа мазмұн беру, ол үшін оған жаңа адамды даярлау үдерісімен де байланысты болып отыр. Ол әрбір адамның әртүрлі әлеуметтік, техникалық үдерістерді шығармашылықпен, белсенділікпен ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру. Мақсаты: жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу; жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру. Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді. Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру. Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зертеп, дамыту.

Салт–дәстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескеру, рухани адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары: оқушылар бойында мінез- құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту; мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін білу; өз өлкесінің мәдени құндылықтарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметін білу; мектепте өз өлкесінің (облыс, аудан, ауыл , мектеп) тарихын насихаттау мақсатында мұражай жұмыстарын жандандыру; оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың мінез- құлықтарымен жүріс тұрыстарын заң талабына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет – ғұрыпқа тәрбиелеу; оқушылардың өзін- өзі тәрбилеуіне басшылық жасау.

В.Сухомлинский: – Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруге тиімді ықпал жасайды, дей отырып, – Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады,- деген болатын. Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Түйіндей келе, адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы жалғасатын, адамдардың мінез- құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері. Әлемнің тұтастығын, адамның, қоғамның және табиғаттың бірлігі және өзара тәуелділігі; адамның, оның өмірінің және абыройы мен қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарының құндылықтарын, жалпы адамзаттық құндылықтарға жақындығын көрсетуді; қоғамдағы өзінің орны және неге арналғандығын, өзін-өзі мейлінше толық шығармашылық жүзеге асыру қажеттілігі; өмірдегі адами қарым-қатынастар құндылығын (отбасы, махаббат, достық) терең үйретіп, олардың танымдық белсенділігін, адамгершілік сапаларын дамытуға негіз болады. Ізгілік отбасынан бастау алады, оған ата- ананың берген тәрбиесі, тұрмысы ықпал етеді. Халықтық мақал «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» адамгершілік тәрбиенің негізгі отбасында қалыптасатынын көрсетуде. Халық, жанұя құндылықтарын ауызша халық шығармашылығы арқылы тапсырады, мысалы, аңыз ертегілерді, ырымдарды, салттарды қолданады, дін арқылы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы. Халық ауыз әдебиеті адамгершілік эстетикалық тәрбие беруде баланың ой- өрісін дамытады. Олардың тіл байлығы және шексіз шешендік мүмкіндіктерін арттырады.



Білім беру жүйесі тұлғаның рухани дамуына жоғары деңгейде кепіл бола алмайды, өйткені тәрбие – бұл күнделікті өмірдегі адамның әрбір адамға деген құрметі мен сыйластығы негізіндегі басқа адамдарға деген қарым – қатынасын анықтайтын тұлғаның сапасы. К.Ушинский: – Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды,- десе, дана Абай: – Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті, сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын,- деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыптасады. Қорыта айтқанда, тәуелсіз еліміздің төл перзенттері рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгерген, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуда құзыреттілік таныта алатын, бәсекелестікке қабілетті, жан мен тән үйлесімдігін сезіне алатын саламатты тұлға болып қалыптасуы тиіс. Осындай ізгі мақсатқа құрылған игі істің болашағы да зор болары сөзсіз.
Хидирова


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет