БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ
ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Күрделі де көп қырлы тәрбие үдерісі әр түрлі формалардың көмегімен жүзеге асырылады. Оларды таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, балалардың жас ерекшелігіне, педагогтердің шеберлігіне байланысты. Тәрбиені ұйымдастыру формасы көп жағдайды қамтитын кең мағыналы ұғым. Ол тәрбие қызметін ұйымдастырумен байланысты нақты процестерді белгілеу үшін қолданылады. Егер тәрбиені ұйымдастыру формасын жалпы түрде қарастыратын болсақ, онда ол педагогтер мен тәрбиеленушілер арасында қалыпқа түсіп келе жатқан қарым-қатынастарды, сондай-ақ балалар ұжымындағы тәрбиелеу үдерісіндегі қарым-қатынасты бейнелейді. Тәрбиені ұйымдастыру формасы – тәрбие элементерінің ішкі байланысын бейнелейтін және педагогтер мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын сипаттайтын тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдісі.
Білім беру ұйымдарында тәрбие үдерісін ұйымдастыруда жаппай немесе бұқаралық, топтық немесе үйірмелік және жеке дара формалары қолданылады. Бұл формалар көп таралған ұйымдастыру формалары болып табылады. Мұнда педагогтер мен тәрбиеленушілердің тәрбие үдерісіндегі қарым-қатынастары, олардың араласу формалары бейнеленеді. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау әдістемесіне байланысты жіктеуге болады. Мұндай жіктеуде тәрбие формалары мынадай топтарға бөлінеді;
ақпараттық, көрнекілік яғни саяси хабарлар, жиналыстар, лекциялар, тренингтар, шеберлік сабақтар, оқырмандар конференциясы, диспуттар, кездесулер, ауызша газеттер, радио, журналдар, мектеп музейлері, табиғат мүйістері, соғыс және еңбек ардагерлерінің галереялары, көркем шығармашылық көрмесі, тақырыптық стенділер, кітап көрмелері;
комплексті, яғни тек қана ақпарат беріліп қоймай, күнделікті өмірмен байланысты іс-әрекеттер немесе практикалық сипатта болады. Олар жорықтар, экскурциялар, спортакиалар, олимпиядалар, конкурстар, сенбіліктер, жастар ұйымдарының түрлі жұмыстары «асар», «жас натуралистер», техниктер, қөлөнершілер және т.б.;
пікірталастық олар пікірталас, ой жәрмеңексі, өнер жәрмеңкесі, философиялық үстел және т.б. формада іске асырылады.
Тәрбиелік ықпал жасау сипатына қарай жіктеудің шартты сипатта болатынын де есте ұстау қажет. Тәрбие практикасында сөздік, практикалық, көрнекілік формалар тығыз астасып, сабақтасып жатады.
Осы формалармен қатар түрлі көркемөнер клубтары, ғылыми ұйымдар, көркемөнерпаздар театрлары, киностудиялар, түрлі оқулар («Абай» оқуы, «Мұқағали» оқуы, «Оралхан Бөкейханов» оқуы және т.б.) арқылы да нәтижеге жетуге болады.
Практикалық қызметті ұйымдастыру жолдары.
Жеке адам ең алдымен түрлі әрекеттер барысында қалыптасып, дамиды. Әрекет адамның айналадағы болмысқа деген қарым-қатынасының көрінісі. Балаларға өмірлік тәжірибелерін қолдану мақсатында жағдаяттар шешу әдістемелік тәсілі көптеп берілді. Жағдаяттарды шеше отырып, балалар нақты шынайы жағдайлардан алшақ кетпей күнделікті өмірде туындайтын мәселені шешуге машықтанады. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ізгілендірудің тиімді жолдарының бірі - көркем үйірмелер. Көркем үйірмелер балалардың эстетикалық және адамгершілік жағынан қалыптасып, көркемдік талғамдары мен іскерлік, дағдыларының дамуына әсер етеді. Сонымен қатар әрбір баланың даралық қабілеттері мен мүмкіндіктерінің толық ашылып, дамуына тигізетін әсері зор. Көркем үйірмелерде педагогтің әрбір балаға жеке дара қарауына мүмкіндік туады. Көркем үйірмелердегі жұмыстар балалардың қоршаған ортадағы әсемдікті көріп, оны сақтау мен көре білуге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |