Күнделікті таңертең балаңызды «Қайырлы таң» деп оятып алу маңызды.
Әрбір күніңізді жағымды ойлармен, жақсы көңіл-күймен және ешбір ұрыс-керіссіз бастау маңызды.
Бала өзіне сенімді болу үшін кез-келген өмірлік жағдайда нақты позицияны ұстана біліңіз.
Өз балаңыздың айналысып жүрген ісіне қызығушылық танытыңыз! Оның өміріне шынайы түрде белсене қатысыңыз!
Өз балаңыздың шешімін қадірлей біліңіз! Оның командирінен гөрі кеңесшісі болуына тырысыңыз!
Сіздерді біріктіретін ортақ бір істі таңдай біліңіз!
Өз балаңызды жазалаудың шамаларын нақты қарастырыңыз және өз дегеніңізді сақтай біліңіз.
Балаға оны жазалаудың себептерін нақты түрде түсіндіріңіз, жалпылама түрде оған «сен әрқашан осындайсың...», «сен үнемі...», «сен түзелмейсің ....» деген таңбаларды «таңбаңыз»!
Сіздің балаңыз әр кезде жақсы екенін ұмытпаңыз! Ол тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс жасамаған шығар, ол жөнінде өзіне де айтыңыз.
Біз өз балаларымыздың өмірінің қожайындары емеспіз. Біз олардың тағдырын алдын ала біле алмаймыз. Сондықтанда өз шешімдерімізді қабылдауда өте мұқият болуымыз керек, өйткені олар оның тұлғасының қалыптасуына ықпалын тигізуі мүмкін. Ұмытпаңыздар! Сенім арту дегеніміз – бақылау емес, бұл керісінше өзара түсінусу мен өзарасыйласуды білдіреді.