Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы



бет1/62
Дата06.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#30070
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ,


БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ИНСТИТУТЫ


ӨМІРДІ БАҒАЛАП ҮЙРЕНЕЙІК
БАЛАЛАР СУИЦИДІН АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА, ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ


Алматы
2011


Авторлар:


Әкімбаева Ж.Ж. , Ахметова А. И.


МАЗМҰНЫ



  1. Алғысөз

  2. Кіріспе

  3. Туындау себептері

  4. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүргізуде негіз болатын басты ұстанымдар

  5. Педагогтің жеке басына қойылатын талаптар

  6. Білім беру ұйымдарын ізгілендірудің формалары мен әдіс-тәсілдері

  7. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар

  8. Білім беру мекемесінде суицидттің алдын алудың психологиялық шаралары

  9. Жасөспірімдердің суицидалдық мінез-құлқын алдын алу бойынша әдістемелік нұсқаулар

  10. Қосымшалар


Алғысөз


«Өзін-өзі тану» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартта бұл пән жеке міндетті пән ретінде ғана оқытылып қоймай, вариативті оқу жүктемесінің бір оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептің жоғарғы сатысындағы бейіндік оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткізілу уақыты (32 сағаттан 64 сағатқа дейін) мен сипаты әр түрлі болуы мүмкін [1] деп атап көрсетілген. Сол себепті білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» бағдарламасының идеясы қолданбалы курстар аясында немесе тәрбие жұмыстарында пайдаланылу керек. Сол себепті аталған әдістеменің қосымшасында ата-аналар мен педагогтерге арналған тренингтер, сауалнамалар, сыныптан тыс тәрбие жұмысытарының жоспарларын беріп отырмыз.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ізгілендіру, оның мазмұнын рухани-адамгершілік тұрғыдан жаңарту мәселесі және ондағы тәрбие жұмысының әдістемесін ізгілендіру, балалармен қарым-қатынасты демократияландырудың қажеттігі алға қойылып отыр. Осындай мақсаттарға байланысты «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығындағы «Адамның үйлесімді дамуы институтында» «Балалардың құқықтары туралы» Конвенцияның, «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының», «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының», «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасының», «Өзін-өзі тану» пәнінің стандарты мен бағдарламаларына сүйене отырып, «Өмірді бағалап үйренейік» балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарға, педагогтерге арналған құрал жасалды. Аталған құрал балалардың жеке тұлғасын қалыптастырып, дамытуға, алған білім, біліктерін құндылыққа негіздей алатын, өмірде кездесетін түрлі қиындықтардан оңтайлы шешім таба білетін, өмірлік ұстынымдары мен әрекеттерін ізгілікке, адамгершілікке құра алатын, Отанын сүйетін, айнала қоршаған орта мен жақын адамдары, Отанының алдында азаматтық борыш, жауапкершіліктерін сезіне білетін азаматты тәрбиелеу міндетін қояды.
Бүгінгі таңда балалар арасында айнала қоршаған ортаға деген немқұрайдылық, әлсіздерге әлімжеттік жасау, қатігездік көрсету, мектептен, балалар үйлерінен қашу, көшеде бейберекет күн кешу, қаңғыбас болу, қылмыс жасау, өз-өзіне қол салу мәселелері етек алып отыр. Аталған келеңсіз жайлардың туындауына тек біржақты қарауға болмайтындығын ескерсек, мәселенің екінші жағы тәрбие мәселесіне келіп тіреледі. Яғни бала тәрбиесінің әлсіреуі, үлкендердің бала алдындағы дәрменсіздігі, тәрбие жұмысының тек қана құрғақ үгіт-насихатқа құрылуы, балалармен жүргізілетін жұмыстың дұрыс жолға қойылмауы, үлкендердің балалармен қарым-қатынасының авторитарлық, әкімшілдік-әміршілдік сипатқа ие болуы мен балаларға деген махаббаттың жетіспеуі, оқу-тәрбие үдерісінде балалардың әрқайсысына тән жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерінің есепке алынбауы сияқты бірқатар олқылықтарды көруге болады.
Әдістемелік құралда тәрбиеленушілерді рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің біртұтас жүйесі ұсынылды. Тәрбиенің жалпы мақсаттары мен міндеттері білім беру ұйымдарының педагогтері мен отбасының, қоғамдық ұйымдардың өзара бірлікте, шығармашылықпен іске асыруына бағытталды.
Әдістемелік құралда тәрбиенің үздіксіздігі, бірізділігі, жүйелілігі және көп түрлілігігі сақтала отырып, тәрбиеленушілердің ішкі жай-күйі, жағдайы ескеріле отырып белсенді іс-әрекет жасауы, баланың тұлға ретінде үздіксіз дамуы, өзін-өзі тәрбиелеп, дамыту қарастырылды.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі, білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы, жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту мәселелері баса көрсетілген.


Біріккен ұлттар ұйымының ЮНИСЕФ қорының Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің есебіне сүйеніп жасаған соңғы мәліметтеріне қарасақ, 15 пен 19 жас аралығындағы қыз балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткішінен Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері бойынша бірінші орында, бұл әрбір 100 мың адамға есептегендегі коэффициент көрсеткіші. Ал ер балалар арасында Ресейден кейінгі екінші орында, - дейді ЮНИСЕФ-тің «Білім және балаларды қорғау» бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Адерихина [3] .
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Индияда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келеді екен.
ХХ ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид болып отыр. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кеткен. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Жасөспірімдердің өздеріне-өздерінің қол салуына көбінесе, айтылған сынды дұрыс қабылдамауы, қиындықтарға төзбеуі себеп болады. Өзіне-өзі қол жұмсайтын жастардың көбеюі жастар саясатының деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Мәселен Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.
Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған бозбалаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін-өзі өлтіруге қадам жасаған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған.
Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды [4,6].
Суицид терминін итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыт бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып, осындай әрекетке баратын адамдардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысады.
Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.
Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.
Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.
Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолы да әсер етеді.
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;
- Жастық кезең - 17-29 жас;
- Ересектік кезең – 30-35 жас;
- Қарттық кезең – 55-70 жас.
Жеткіншек кезеңде суицидалды әрекеттің себебі - ата-анасы мен мұғалімдерімен, жолдастарымен қақтығысқа бару болып табылса, жастар арасында әсіресе қыздар арасында өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталған.
Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді. Ол кезеңде балалардың қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы сипат алады.
Дюркгейдің суицид теориясынада адам бір проблемаға тап болған кезде немесе оның өмір сүріп отырған ортасы немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып Дюркгей суицидтің эгойсттік және альтруисттік сияқты түрлерін бөліп көрсетеді. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену деңгейі мен қоғамда алатын орнына байланысты да болатынын айтады.
Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі және мінез-құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін.
А.Г. Амбрумова өз-өздеріне қол жұмсау мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез-құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген [9].
А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды. Демонстративті-шантажды әрекетте - денеде ірі веналар жоқ жерлерді кесу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жасөспірімдерді зерттей келе, олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонстративті әрекет түрінде болады.
Шынайы суицидальді мінез-құлық деп тұлғағаның шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін-өзі өлтіруін айтсақ, ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Мұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез-құлық көбінесе бала кезден пайда болады.
Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауынан, алдарына қойған мақсаттарына жете алмауына және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.
И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз-өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...»-дейді. И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет