ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДАЛДЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Cуицидалды синдромның (белгінің) диагностикасы алдын алуда маңызды рөл атқарады. Суицидалдық кезеңдегі тұлғалар жеке дара, топтық және (немесе) отбасылық психотерапияны қажет ететін адамдар. Ерекше тәжірибелік маңызға ие – балаларды өзін-өзі өлтіруге кедергі болатын факторлар талдауы. Оған жататындар: депрессиялық күйзелістер кезінде болатын психикалық (жүйке) аурулардың болмауы; отбасындағы өте жақсы қарым-қатынас; нақты немесе формалды ойлау дәрежесіне жетпеген когнитивтік іс-әрекет; суицидті аз қабылдауға тырысатын мәдени және рухани-адамгершілік факторлардың болуы және т.б.
Суицидалды әрекеттерді болдырмау: Жүйке зақымданған жағдаяттарда психологиялық қобалжудан босату; суицидалдық мінез-құлыққа апарған әрекеттің себептің психологиялық тәуелділігін азайту; мінез-құлықтың компенсаторлық тетігін қалыптастыру; өмір мен өлімге шынайы қарым-қатынасты қалыптастыру.
Суицидті анықтау: алдын алу. «Превенция» (алдын алу) сөзі латынның «praevenire» – «алдын ала болу, алдын ала сезу» деген сөзінен шыққан. Суицидтің әлеуметтік және психологиялық хабаршысын білу бізге оны түсінуге және оны болдырмауға көмек болар еді. «Ол неге өз күші мен ақыл-ойын осы күш пен ақыл-ойды бұзуға тырысты?» Өзін-өзі өлтірудің құрбанын білетін адамдардың барлығы дерлік осы сұрақты қояды.
Түзету. Күйзелісті жеңудің әлеуметтік дағдылары мен білігін оқыту. Жасөспірімдерге отбасын, мұғалімдерді, достарын және т.б. тарту арқылы әлеуметтік қолдау көрсету, мінез-құлқының қиындықтарын шешетін әлеуметтік-педагогикалық тренингтер жүргізу, әлеуметтік қолдауды іздестіру, оны көрсету және қабылдау, өзін-өзі бағалауын көтермелеу бойынша жеке дара және топтық психологиялық түзету сабақтарын ұйымдастыру, өзінің жеке басына, эмпатиясына шынайы қарым-қатынасты дамыту.
Потенциалды суицид кезіндегі көмек: интервенция (зорлықпен қол сұғу). «Интервенция» сөзі латынның inter (аралық) және venire (келу) сөздерінен шыққан. Суицидалды интервенция «аралық келу» бола тұрып, өзін-өзі бұзу актісін болдырмау үдерісін білдіреді. Ол өмірден күдер үзген адаммен бетпе-бет келіп, оған әлеуметтік, психологиялық және экзистенциалды күйзеліс кезінде эмоционалдық қолдау мен аяушылық білдірумен аяқталады.
Көмекшінің алғашқы позициясы. Егер үрейлі толқыған тұлға қоршаған адамдардың немқұрайлылығы мен мән бермеу позициясымен кездесіп қалса бұл өте қауіпті болып табылады.
Ақылгөй ретіндегі көмекші. Суицидке апаратын діни және тарихи тыйым салынғандардың әсерінен көптеген адамдар суицидентке қате түсінікпен және шыдамсыздықпен қарайды. Олардың көзінше суицидтің жасалуы туралы айтылса, олар: «Сіздер мұны істей алмайсыздар. Бұл Құдайға қарсы және сеніммен сәйкес келмейді» дейді. Осы жерде потенциалды суициденттер өздерінің күнасын өте ауыр сезінетіндіктен жапа шегетінін атап кеткен жөн. Егер көмекші адам суицидентке өзіне-өзі қол салу туралы адамгершілікке қандай да бір жат деп айтса, онда ол бұл сұрақты талдауға тосқауыл ғана қоймай, ол онсыз да адамға ауыр тиіп отырған күйзеліс пен қайғыны күшейтіп жіберуі мүмкін. Суицидент үшін өзін-өзі бұзу ешқашан теологиялық мәселені қарастырмайды, ол адам төзбейтін эмоционалдық күйзелістің нәтижесі болып табылады. Суицидалды беталыстағы адамдар тек қана қайғырып, мұңайып, уайымға салынып және түңіліп қана қоймайды, олар өзін қоршаған ортасына да өшпенділікпен қарауы мүмкін. Өкінішке орай, отбасы мен достары олардың жауабына немқұрайлы қарап, сөйлескен кезде ашулы эмоциялармен қарым-қатынас жасап, одан сайын ашулы адамдарды одан да ауыр рақымсыздыққа итермелейді.