Өмірлік кезеңдерге қатысты салттар. Өмірге келумен қатысты салттар



бет1/8
Дата13.05.2022
өлшемі68,25 Kb.
#143004
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Презентация Каз.Ист.

Өмірлік кезеңдерге қатысты салттар.

Өмірге келумен қатысты салттар.

  • Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бірі Құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.
  • Баланы қырқынан шығару - тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салыпған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет