Өмірлік кезеңдерге қатысты салттар. Өмірге келумен қатысты салттар



бет8/8
Дата13.05.2022
өлшемі68,25 Kb.
#143004
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Презентация Каз.Ист.

Той және құдалық.

  • Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.
  • Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.
  • Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың қалыңмалын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне қарай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне киіт кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, матакездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлықжасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет