Бел омыртқалары (vertebrae lumbales) – 5, басқа омыртқалардан буындық өсінділерінің сагитталды жазықтықта орналасуымен ерекшеленеді. Барлық бел омыртқаларының денелері көлемді, көлденең кесіндісі овалды немесе жасымық тәрізді болып келеді. Қылқанды өсінділері жуандаған ұштарымен артқа бағытталған табақша түрінде көрінеді. Бұл өсінділер қабырға қалдықтарының (рудимент) нағыз көлденең өсіндімен қосылып бітісуімен түзілген. Бел омыртқаларының буындық өсінділері жақсы жетілген және басқа омыртқалардан ерекшелігі сагитталды жазықтықта бағытталған.