Омыртқа бағанасы (columna vertebralis)



бет8/8
Дата29.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#130128
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тұлға сүйектерінің құрылысы

Кеуде торының пішіні

Дененің вертикалды қалпымен қолдың қызметінің өзгеруінен жауырын дорсалды бағытта орналасытынына байланысты адамның кеуде торының көлемі алдан артқа қарай тарылды. Кеуде торының жоғарғы және төменгі тесіктері бар.

Кеуде торының жоғарғы тесігі (aperture thoracis superior) – бірінші кеуде омыртқасымен, бірінші қабырғалармен және төстің мойындырық тесігімен шектелген. Кеуде торының төменгі тесігі (aperture thoracis inferior) ХІІ кеуде омыртқасымен, ХІ мен ХІІ – қабырғалармен, қабырғалар доғасы жиектерімен және алдынан семсер тәрізді өсіндімен шектелген. Оң және сол шеміршектік қабырғалық  доғалар арасы төсастылық бұрыш (anqulus intrasternalis) деп аталады. Оның көлемі дене бітіміне, жынысына және жасына қарай өзгеріп тұрады. Кеуде торының көлемі мен пішіні ажамның жастық, жыныстық ерекшеліктеріне, өмір сүру ортасына және индивидтік дамуы мен өсу жағдайларына тығыз байланысты. Сонымен қатар, созылмалы аурулар, кәсіптік зиянды орта және т.б. үлкен әсер етеді. Кеуде торының пішіні мен көлемін анықтауға келесі үш өлшемнің өзара қатынастары қолданылады (М.Г.Привес келтірген):

1.     Алдан-артқа алдыңғы-артқы көлемі, ҮІІ қабырғаның төспен қосылған деңгейінен сол тұста орналасқан омыртқаның қылқанды өсіндісіне дейін.

2.     Көлденең көлемі – ҮІІ қабырғалардың (оң және сол) аса шығыңқы нүктелерін бір-бірімен байланыстырады.

3.     Кеуде торының биіктігі, төстің мойындырық тілігінің жиегін Х қабырғалардың төменгі нүктелері арқылы өтетін горизонталды сызықпен байланыстыратын вертикаль бойымен анықталады.

Ендік индекс формуласы төмендегідей:  х 100; мұнда а – кеуде торының көлденең, б – алдыңғы-артқы өлшемдері. Өзгерістер 110-180 шамасында болуы мүмкін. 130-дан төмен индексте кеуде торы тар, ал 140-тан жоғары кең деп есептеледі. Кеуде торының басты үш пішінін ажыратады:

1.     Конус тәрізді немесе инспираторлық (демді ішке алғандағы қалып);

2.     Жалпақ немесе экспираторлық (демді сыртқа шығарғандағы қалып); Кеуденің алдыңғы қабырғасы ұзын, жалпақ және тік орналасқан, төсастылық бұрыш үшкір, алдыңғы-артқы көлемі кеңіген;

3.     Цилиндр тәрізді пішін. Сипатталған пішіннің ортасынан орын алған.



Кеуде торының пішіні кәсібе техникалық мамандықтарға оқушыларды іріктеп алуға өте маңызды роль атқарады. Кеуде торының пішінініе барқатар мамандықтар мен спортпен шұғылдану да әсерін тигізеді .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет