«Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінің оқу – дала практикасының есебі Орындаған: Құрлытай Меруерт «6В01513 – Биология»



Дата26.09.2022
өлшемі416,78 Kb.
#150838
Байланысты:
«Омырт асыздар зоологиясы» п ніні о у – дала практикасыны есеб


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті


Жаратылыстану және география институты


Биология кафедрасы


«Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінің оқу – дала практикасының есебі


Орындаған: Құрлытай Меруерт «6В01513 – Биология» мамандығы, 1 курс, 3 топ, 1 топша


Жетекшісі: аға оқытушы Кауынбаева Э.

Алматы, 2021




Жоспар

І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім


1) Омыртқасыздарды жинау


2) Жиналған материалдарды өңдеу және оларға сипаттама
ІІІ. Қорытынды


Кіріспе

Оқу – дала практикасы 24.05.-06.06.2021 ж. аралығында басталды. Әрбір студент тұрғылықты мекен-жай бойынша өз өңірлерінің омыртқасыз жануарларымен танысып, мүмкіндігінше жинап, олардын коллекция жинаймыз.


Зоология - жануарлар организмдерінің құрылысын, қалыптасуы мен дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.


Оқу – дала практикасының мақсаты: Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда зерттеушілік іс – әрекетті қалыптастыруды насекомдардың биологиялық, экологиялық тіршілік ерекшеліктерін зерттеу материалдары мысалын теорилық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу. Студенттердің лекцияда, семинар сабағында алған білімдерін бекіту және оның тиімділігін анықтау мақсатында. Омыртқасыз жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын сақтау болып табылады. Студенттерді топтама жасауға даярлау және үйрету.


Негізгі бөлім





Көбелектер


Систематикалық орны


Тип:Буынаяқтылар


Класс:Насекомдар


Класс тармағы:Қанатты насекомдар, Otenefeota


Отряд: Қабыршақтылар немесе көбелектер


Өкілі:Көбелек

Көбелектердің төрт қанаты бар. Олардың түрлі түктері бар. Қабыршаққанаттарымен қапталған кейде ашық түске боялып, қанаттардың үстінде көбелектерге ғана тән өрнектер жасалады. Ауыз бөліктері сорғыш, ұзын тұмсыққа айналған. Кейбір түрлерінде жойылып кетеді. Түрленуі – толық. Көбелектердің дернәсілдері жұлдызқұрттар деп аталады.


Олардың үш жұп, кейде аяқ аяқтарымен бес жұп құрсақ жалған аяқтары болады. Дернәсілдері өмірінде бес рет түрленеді. Көбелектердің жұлдызқұрттарында тоқыма шығарғыш бездері болады.


Ақ көбелек - Әлемнің көптеген елінде ақ көбелек махаббаттың, нәзіктік пен тазалықтың символ саналатыны белгілі. Мәселен, Еуропаның кейбір елінде үйлену тойларында көгершіннің орнына көбелек ұшыратын дәстүр де бар. Ешуақытта ұйықтамайтын бунақденелі бұл жәндіктің жер бетінде 157 000 түрі бар екен. Көбелектердің қанатын жайғандағы көлемі 1,5-30 сантиметр аралығында болады. Түр-сипаты мен қанаттарының бояулары сан алуан келетін көбелектердің кейбірі ауылшаруашылық саласына орасан зиян келтірумен де ерекшеленеді. Көбелектердің қысқа ғұмыры жұмыртқадан басталып, шынжыртабан, қуыршақ және имаго (көбелек) атты төрт кезеңнен тұрады. Жұмыртқасының формасы шар тәрізді, дөңгелек, цилиндрлі және көпбұрышты болып келеді. Мына фотосуреттегі ақ көбелекті еліміздің Оңтүстігі, Оңтүстік Шығысы мен Солтүстік аймақтардан жиі кездестіруге болады.
Қорытынды

Мен, Құрлытай Меруерт - Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласының тұрғынымын. Менің өлкемде омыртқасыз жануарлардың көп түрі мекен етеді.Атап айтсам көбелек, ара, маса, өрмекші, инелік, қоңыз, шегіртке және құрттардың бірнеше түрі бар. Мен өз ауламнан көбелек аулап, бақыладым. Практика өту барысында көбелек жайлы білімімді тереңдете түстім.


Оқу – дала практикасының нәтижесінде сабақ кезінде алған теориялық білімізбен практика кезінде алған тәжірибелік білімімізді ұштастыра білдік.
Дала практикасының негізінде өз өңіріміздегі омыртқасыз жануарлардың алуантүрлілігімен танысып, оларды зерттеу арқылы оларға систематикалық талдау жасауды үйрендік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет