Өмірзақ озғанбаев: Қазақтың іздейтін жоғы көп


«Қарты бар елдің қазынасы бар» деп түсінетін қазақ үшін ардагерлер кеңесінің жас ұрпақты тәрбилеуде орны ерекше екені сөзсіз



бет2/5
Дата05.02.2022
өлшемі52,62 Kb.
#7764
1   2   3   4   5
«Қарты бар елдің қазынасы бар» деп түсінетін қазақ үшін ардагерлер кеңесінің жас ұрпақты тәрбилеуде орны ерекше екені сөзсіз...
– Дұрыс айтасың. Ардагерлер кеңесінің халық тәрбиесінде оның ішінде жас ұрпақтың тәрбиесінде алар орны ерекше. Себебі, ақсақалдар үлкен өмір көрген.Көпшілігі күні кеше облыс басқарған парасат пайымы жоғары тұлғалар.
Ежелгі гректер елінде «білгенін жастарға айтпаса ағалардың өздері кінәлі» деген тәмсіл бар. Осы тұрғыдан келгенде еліміздің ардагерлер кеңесі жастарға үлкен тәрбие беріп жатыр деп айта аламын. Әрбір жастармен кездесуде өмірлік тәжірибемізді бөлісіп, оларға шамамыздың келгенінше ақыл кеңесімізді беріп келеміз.
Жасыратыны жоқ қазіргі таңда кейбір жастарымыз жат ағымның жетегінде кетіп жатыр. Бұл алаңдатарлық жағдай. Осы олқылықтың алдын алу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Жастарымыз жат ағымның жетегінде кетпесін десек жоғары деңгейдегі діни сауаттылықты артыру керек. Бұл арада мықты теологтардың атқаратын шаруалары шаш етектен. Мамандар мәзһабымызды мойындамайтын, оны жоққа шығаратын адамдардың дін бұзар екенін ашық және жиі айтуы тиіс. Сондай-ақ,о дүниелік болғандарға Құран бағыштамау да ата дінімізге қайшы. Бүгінгі әсіре діншілдердің әрекетін біздің ата-бабамыз еш уақытта жасамаған.
Жалпы, жас адам қалай исең солай майыса беретін жас шыбық сияқты солқылдақ келеді. Егер ол ата дәстүрміз ислам діні туралы мағлұмат алмаса, жат ағымның жетегінде кете береді. Сол себепті, дін мамандарының пікірі батылырақ болса, тура жолды жастарға көбірек түсіндірсе деген үлкен тілегім бар. Бұл арада ардагерлер кеңесі де өзіндік үлесін қосады.
Қазір көптеген кісілер қиналса да исламның бес парызының соңғысын орындауға ерекше құмартып жатыр. Былтыр қажылыққа елімізден 4 мың 500-дей адам барды. Ал кеңес кезінде небәрі 70 адам барған екен. Ал қазіргі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында еліміздегі қажылардың саны 40 мыңға жақындап қалды. Менің ойымша қажылар неғұрлым көбейген сайын біздің ортамыз да жақсара түседі. Себебі, әрбір дінге бет бұрған кісі жүрген жерінде ненің сауап, ненің күнә екендігін айтып жүреді. Бұл да қоғамның түзелуіне өз үлесін қосады ғой деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет