Ғалым Әсет Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде омонимдер жайлы: «Омонимдер дегеніміз- түрлі себептермен, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа – басқа сөздер» деп тұжырымдайды.Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар.Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұлар нақ бірдей деуге болады.Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі түр-тұрпатында емес, мағынасында жатыр.Бірақ бұлар әр сөз табына емес, бір ғана сөз табына қатысты.Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы әр басқа басқа сөздер тобын білдіреді.
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының әлденеше амал тәсілдері бар солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар;
Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семаникалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер.Мысалы:Жал I.Жан –жануарлардың желкесіне шыққан қыл.Жал II Ұзыннан ұзақ созылып жатқан белес, қырқа.
Сөздер сан түрлі фонетикалық өзгеріштерге ұшырап, дыбыстардың құрамы жағынан кірігуі арқылы жасалған омонимдер.Мысалы:Егер деген сөз ер деген сөзге айналып, дыбыстық өзгеріске ұшырып тұр.
Аффикстер жалғану арқылы туынды омонимдер.
- ма, - ме,- ба, - бе,- па,- пе жұрнақтары арқылы.
-ыс,- іс,- с жұрнақтары арқылы.
- ық,- ік, - к,- қ жұрнақтары арқылы жасалады.
Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омонимдер [2, 33б.].
Достарыңызбен бөлісу: |