Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К. Аханов



бет1/6
Дата13.05.2020
өлшемі22,96 Kb.
#67879
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Омоним
Сценарий Мағауин, Сұрақтар Мағауин, мәтел, Метафора, Эпитет

Омонимдер

Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К.Аханов: «Тіл білімінің негіздері» атты еңбегінде омонимдар қалай пайда болды деген сұраққа:“ 1)Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика-семантика тәсілі арқылы пайда болған. Мысалы: Жабағы І. Алты айдан асып, бір жылға толмаған құлын. ІІ. Қыстан қалған ескі жүн. Осы мысалдардағы жабағы деген сөздің шығу тегі бір.

2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде туындайды. Мысалы, ер деген сөздің (атқа салатын ер мағынасында) ертерек кездегі дыбысталуы, көне түрі егер екендігін байқауға болады. В.В.Радлов ер деген сөздің шағатай тіліндегі түбір қалпы – егер, туынды түрі – егерле (қазақша ертте дегенмен бірдей) екенін көрсетеді.

3) Омонимдер сөздердің түбіріне (немесе негізіне) омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: сөгіс І (зат есім) «кінәле» деген мағынадағы сөк етістігінен жасалса, сөгіс ІІ (ортақ етіс) «тігісті ыдырату» деген мағынадағы сөк етістігінен жасалған.

4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Мысалы, орыс тілінің волость деген сөзі қазақша болыс болып өзгеріп, «көмектес» деген мағынадағы болыс деген сөзбен дыбысталуы жағынан сәйкес келеді” – деп жауап береді [1, 117-120б].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет