4. Этнолингвистикалық таным. Тіл фактілерін біз сол тілді дүниеге келтіріп, сол тілде сөйлеп, жан сырын, тән сезімін паш етіп келе жатқан, бүкіл рухани – материалдық болмысын сол тілмен баяндап, танытып, сол тіл арқылы келесі ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан этностың, қазақ этносының өз әлемімен байланысын біз екі тұрғыдан: 1) тіл шындығын айқындаудан, яғни зерттеп отырған құбылыстың болмыстағы бар – жоқтығынан, шынайы түрде өмір сүру, не сүрмеуінен, ол деректердің жалпыхалықтық сөз қорында, әдеби тіл байлығында және жергілікті тіл құрамында сақталу, сақталмауын және 2) этностың өзімен бірге жасап, біте қайнасып кеткен жақын құбылыс ретінде қалыптасуынан біле аламыз. Мысалы, зымыран І. «дене бітімі кішірек, өте ұшқыр құс». Зымыран ІІ (жаңа мағынасы) – космос кораблі, ракета. Зымыран ІІІ – терең де шыңырау құдық [3, 14-15б].
Филология ғылымдарының кандидаты Құрманалиева Ақмарал Мейірханқызы «Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты » атты еңбегінде гомогенді омонимдердің наным-сеніммен байланысына тоқталады:
Осы гомоомонимдердің біразының туындауына ертедегі адамдардың наным-түсінігі мен наным сенімдері де өзінің ықпалын тигізіп отырды десек болады. Мәселен тілімізге Көкшешек; Қарашешек; Шешек тигір (қарғыс); секілді тізбектерін әкелген «Аса қатерлі жұқпалы дерт» Шешек омонимнің туындауы дәл осы аталмыш фактормен қатысты. Бұл Шешек омонимінің қазақ, басқа да түркі халықтарында «өсімдік, түрлі-түсті гүл» бастапқы мағынасы бары белгілі. Оныңда жоғарыдағы ауру шешектен бөлек мағыналық шеңбері туындаған: Бәйшешек біріккен сөзі мен шешек атты (бүршік жарды); Наурыз шешек (Көктемде гүлдейтін өсімдік, гүл) [4, 21б.].
1.Ақ десең түкірік жерге түспейтін бет жалаған қызыл шұнақ сары аяз бен екі үйдің арасы көрінбес алай-түлей түтеген ақ боран –осы өлкенің еншісі(14 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |