Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К. Аханов


Ғалым Әдішева Айман Өмірзаққызы 2002 жылы



бет3/6
Дата13.05.2020
өлшемі22,96 Kb.
#67879
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Омоним

Ғалым Әдішева Айман Өмірзаққызы 2002 жылы қорғаған “Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің әдеби – диалектілік варианттары (этнолингвистикалық зерттеу)” атты кандидаттық диссертациясында гомогенді омонимдерді зерттей отырып, танып – білудің әдіс – тәсілдерін ұсынады. Олар: 1) визуальді таным; 2) этимологиялық таным; 3) логикалық таным; 4) этнолингвистикалық таным.

1. Визуальді (көрнекілік) таным. Гомогенді омонимдердің мағыналық қатарына жататын ұғым – түсініктердің материалдық негізін құраушы заттар мен құбылыстар арасында көзге көрінетін, көңілмен түсінетін бір ұқсастық, ортақ қасиет болуы шарт.Мәселе, диссертацияда: Саға омонимінің 1) «өзен жағасының тау сілемдерімен шектесер тұсы»; 2) «пышақ, қылыш, балта сабы мен басының жалғасар жері»; 3) домбыраның шанағы мен перне тағар мойынының жалғасар тұсы» т.б. мағыналық қатарлары арасындағы «екі заттың жалғасуы» идеясына байланысты визуальді (көрнекі) ұқсастығы осыны көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет