Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К. Аханов



бет4/6
Дата13.05.2020
өлшемі22,96 Kb.
#67879
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Омоним

2. Этимологиялық таным. Сөздердің о бастағы негізгі мағынасы мен одан туындап, даму барысында ұмыт болған омонимдік мағыналарының ортақтығын дәлелдеудің бірден – бір ғылыми жолы – этимология. Гомоомоним табиғатын тануда да, міне, осы таным тұрақты түрде сақталуы тиіс. Мәселен, осыған орай диссертацияда жас сөзінің 5 омонимдік қатарларының түбірлестігі анықталады. Жас 1 – дымқыл, сыз; Жас 2 – сұйықтық, адамның көзінен шығатын сұйық зат; Жас 3 – пісіп жетілмеген, бойында дымқылы бар, кеппеген жасыл өсімдік; Жас 4 – «жас адам»; Жас 5 – адамның жасын білдіретін өлшем.

3. Логикалық таным. Ой, түсінік, ұғым сияқты абстракты құбылыстар адамның жан дүниесіне тән зиялы (интеллекті) қасиеттері болып саналады және олар тіл әлемінде семасиология құзырына жатады. Гомогенді омонимдердің мағына қатарлары арасындағы байланысты, астарлы да айқын ұқсастықты таразы басына салып анықтау логикалық танымға, бұлтартпайтын объективті заңдылыққа әкеледі. Ол тіл өмір сүретін қоғамның өзіндік болмысын, адамдар табиғатын, психикасын, ондағы сан алуан қарым – қатынас, құбылыстардың пайда болуын терең білуді қажет етеді. Қазақ тіліндегі ауыздық сөзінің: 1) «жүгеннің темір бөлшегі» мен 2) «суықтан болатын екі езуге шығатын жел-құз ауруы» арасындағы логикалық байланысты анықтау үшін «ауыздықты ауыздықпен емдеу» деген халықтың өмір салтын білу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет