28 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, арықтау, 1 жыл бойы етеккірінің келмеуіне шағымданады. 2 жыл бұрын 2 л- ден көп қан кетумен босану болған. Объективті: дене бітімі астеникалық, АҚҚ- 90/60 мм.с.б. Гинекологиялық зерттеуде: қынаптың шырышты қабаты құрғақ, жатыры қалыптыдан кішкентай, қосалқылар анықталмайды.
26 жастағы науқас әйелдер консультациясына етеккірінің болмауына байланысты келді. Шағымдары: жүрек айну, таңертеңгі құсу белгілері, шаршағыштық, ашушаңдық. Анамнезінде – үш медициналық түсік. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цианозды, гипертрофияланған, бөшке тәрізді, сыртқы ернеу жабық. Жатыры жұмсақ консистенциялы, қалыптыдан кішкене ұлғайған. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері ерекшеліксіз. Бөлінділер қанды, аз мөлшерде. Ең ықтимал диагноз қандай?
Пациент 33 жаста, стационарға жедел жәрдеммен әкелінді. Науқас есі анық, бірақ айналаға мән бермейді. Сұрақтарға баяу жауап береді. Анамнезінде етеккірінің кідіруі 6 аптаға. Тері жабындылары бозғылт. Пульсі 120 рет минутына, АҚҚ 70/40 мм сб., іші кебінген, перистальтикасы жоқ. Құрсақ қабырғасын пальпациялағанда іш бұлшық еттерінің қатаюы байқалады. Сыртқы қан кетулері жоқ. Нв 66г/л. Сіздің ЕҢ ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?
аналық безінің апоплексиясы, геморрагиялық формасы,
жатырдан тыс жүктілік, түтіктің жарылуы, геморрагиялык шок
басталған өздігінен түсік, геморрагиялық шок 2 сат.