Ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30



бет1/2
Дата23.01.2023
өлшемі15,52 Kb.
#166163
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
document name



Автор: Қайырбай Еламан Сәлімжан
Пән: Математика
Сынып: 5-сынып
Бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып: ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30;

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

5.1.1.14 ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30; 5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Білім,іскерлік, дағдылар жиынын өз бетімен қолдана алу дағдыларын меңгеру, оларды жаңа жағдайларға тасымалдануын жүзеге асыру. Мәселелік тапсырма бойынша өз бетімен және топта жұмыс жасау арқылы оқушылар ондық бөлшекті жай бөлшекке ауыстыруды үйренеді, бөліміндегі разрядтық бірліктері 10, 100, 1000- нан және т.с.с өзгеше болатын жай бөлшектерді ондық бөлшектерге ауыстыру дағдыларын бекітеді, жазбасының соңында нөлдері бар ондық бөлшектердің қасиеттерін шығарады, қай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ал қайсысын ауыстыруға болмайтынын түсіндіру шеберлігі арқылы айтылым дағдысын қалыптастырады

Тілдік мақсаттар:

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай аудару керектігін ұғынады және түсінеді Пәнге тән лексика мен терминология: Ондық бөлшек – decimal fraction, үтір - decimal point. Ондық бөлшектің разрядтары, жай бөлшек, разрядтық бірліктер, бөлшектің алымы, бөлімі. ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; разрядтары бойынша сандарды жіктеу Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Күтілетін нәтиже:

Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет Бүтін бөлік, бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратылады. Бөлшек оқылуы: …бүтін, …(оннан, жүзден, …) Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін.... қажет 

Бағалау критерийлері:

Оқушылар: - ондық бөлшектерді жай бөлшектерге аударады; - алынған жай бөлшектерді, мүмкіндігінше, қысқарту қажеттілігін түсінеді; - ондық бөлшектермен амалдарды орындау үшін ондық бөлшекті жай бөлшекке аударуды қолданады

Құндылықтарды дарыту:

Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Микрокалькуляторлар, интерактивті тақта немесе диапроектор, дербес маркерлік тақталар немесе рефлексияға арналған кітапшалар

Пәнаралық байланыс:

Ондық бөлшектерді оқуды және ондық бөлшектері бар өрнектерді қолданып, айтылымды дамыту арқылы қазақ тілі пәнімен пәнаралқ байланыс жүзеге асады. Сабақтағы пәнаралық интеграция ағылшын тілінде ондық бөлшектерді оқу арқылы, түрлі әрекеттер бойынша іске асырылады.

Бастапқы білім:

Жай бөлшектер, дұрыс\бұрыс бөлшектер, бөлу және бөлшек байланысы, , бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың және ондық бөлшектердің разрядтары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет