Тапсырмалар: 1. Ондық жазылуындағы үш бірдей цифрдан тұратын сан 3 және 37 сандарына бөлінетіндігін дәлелдеңіз
2. Сан жеті 8 цифрынан, тоғыз 1 цифрынан және 5 цифрынан тұрады. Осы сан 9-ға бөлінеді ме?
3. 1033+8 саны 9-ға бөліне ме?
4. Алты бірдей цифрмен жазылған сан 3, 7, 11, 13 және 37 сандарына бөлінетіндігін дәлелдеңіз.
5.Үштаңбалы санның цифрларын кері ретпен жазған және үлкенінен кішісін алған. Айырманың 9-ға бөлінетіндігін дәлелдеңіз.
6. Кез келген 5 бүтін сандардың ішінен қосындысы 3 ке бөлінетін 3 санды табуға болатындығын дәлелдеңіз
7. Егер P -жай сан және P>3 болса, онда P2-1 өрнегінің 24-ке бөлінетіндігін дәлелдеңіз.
8. Егер x2+y2саны 3-ке бөлінсе және x,y бүтін болса, онда x және y 3-ке бөлінеді. Дәлелдеңіз.
9. Үш бүтін санның квадраттарының қосындысын 8-ге бөлгенде қалдығы 7-ге тең болмайтындығын дәлелдеңіз.