Өндіріс орындардағы жұмысшылар ағзасына зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың қолайсыз әсерін алдын-алу аумағындағы медицина бакалаврының қызметі ретінде Заңнама



бет1/2
Дата14.02.2018
өлшемі433,09 Kb.
#37673
  1   2

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ КАФЕДРАСЫ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ






Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Алматы 2012


1. Тақырып № 1: Өндіріс орындардағы жұмысшылар ағзасына зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың қолайсыз әсерін алдын-алу аумағындағы медицина бакалаврының қызметі ретінде - Заңнама.

2. Мақсаты: Еңбекті қорғау аумағында Қ.Р Мемсанэпидқадағалау заңнамасы бойынша , Қ.Р Кодексі 18.09.2009 жыл № 193- IV «Халық денсаулығы денсаулық сақтау жүйесі туралы» білімділікті қалыптастыру; еңбек гигиенасындағы қоғамдық денсаулық сақтау бакалаврының қызметінде даулы сұрақ туған жағдайда заңды түрде шешу үшін қолданылатын заңдар бойынша іскерлікті қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Еңбекті қорғау саласында Еңбек кодексімен танысу

  2. Еңбек гигиенасы саласында ҚР санитарлық –эпидемиологиялық қызметі бойынша сұрақтармен танысу

  3. Еңбек гигиенасы саласында ҚР Кодексі 18.09.2009 жылдан № 193-IV «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» танысу.

  4. Еңбекті қорғау саласында Еңбек кодексіне сәйкес белгілі өндірістік жағдайда медицина бакалаврының қолдану дағдыларына үйрену.

  5. Еңбек гигиенасындағы қоғамдық денсаулық сақтау бакалаврының қызметінде даулы сұрақ туған жағдайда ҚР Кодексі 18.09.2009 жылдан № 193-IV «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» қолдана отырып дағдыларды қалыптастыру.

  6. Өндіріс орнында қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры қолданылуы үшін еңбек гигиенасы саласында ҚР санитарлық –эпидемиологиялық қызметі бойынша дағдыларды қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өндірістік орта туралы түсінік

  2. Кәсіби зияндылық туралы түсінік

  3. Кәсіби аурулар туралы түсінік

  4. Еңбек гигиенасы саласында ҚР санэпидқызметінің құрылымы мен қызметі

  5. Еңбек гигиенасындағы нормативті – әдістемелік материалдар

  6. ҚР санэпидқызметінің жұмысшының әдістері мен түрлері

  7. Еңбек гигиенасы саласындағы ҚР Еңбек кодексінің негізгі ережелері

  8. Еңбек гигиенасы саласындағы ҚР Кодексі 18.09.2009 жылдан № 193-IV «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» негізгі ережелері.

5. Оқыту және жүргізу әдістері: Біріккен (кіші топтарда жұмыс істеу, сөз-талас, презентация), Еңбекті қорғау саласында Еңбек кодексімен танысу, Еңбек гигиенасы саласындағы ҚР Кодексі 18.09.2009 жылдан № 193-IV «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» негізгі ережелері,еңбек гигиенасында нормативті-әдістемелік материалдар, тесттік тапсырмаларды орындау)

6.Әдебиет:

Негізгі

  1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Оқулық. Москва, 2008. 9-21б.

  2. Гигиена. Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К., Бекмагамбетова Ж.Д. және т.б., Оқулық. Алматы. 2009 ж- б. 4-15.

  3. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. В.Ф. Кириллова)- М., Медицина, 2001.- б. 88-103, 173-215, 296-311.

  4. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред. д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – б 13-30; 512-514.

Қосымша

  1. Трудовой кодекс РК (2007 г. с изменениями и дополнениями по состоянию на 06.01.2011 г.). – Статьи 1, 2, 3, 4, 9 (на сайте кафедры гигиены труда).

  2. Кодекс РК от 18.09.2009 года № 193-IV «О здоровье народа и системе здравоохранения». – Статьи 16, 21, 59, 62, 153, 154, 157, 182, 183, 185, разделы по охране труда (на сайте кафедры гигиены труда).

  3. Перечень основных понятий согласно Кодексу Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года № 193-IV «О здоровье народа и системе здравоохранения», необходимые для бакалавра медицины в области гигиены и охраны труда. - Приложение к методическим рекомендациям по теме занятия.


7. Бақылау (сұрақтар, тестер)

Сұрақтар.

  1. Еңбек гигиенасындағы регламенттеуші іс-әрекетінің заңды түрдегі деңгейі

  2. ҚР санэпидқызметінің құрылымы.

  3. Санэпидқызметінің негізгі жұмыс формасын атаңыз.

  4. Еңбек гигиенасындағы қоғамдық денсаулық сақтау бакалаврының негізгі міндеті.

  5. Зиянды өндірістік факторларға түсінік беру

  6. Еңбек процесі факторына қандай жағдайлар жатады.

  7. Еңбек жағдайы классификациясын атаңыз.

  8. «Оптималды еңбек жағдайы (1 класс)» анықтама беріңіз

  9. «Рұқсат етілген еңбек жағдайы (2 класс)» анықтама беріңіз

  10. «Зиянды еңбек жағдайы (3 класс)» анықтама беріңіз

  11. «Қауіпті еңбек жағдайы (4 класс)» анықтама беріңіз

  12. ҚР профпатологиянық ерекшелігі.



Тесттік бақылау сұрақтары

1. Еңбек гигиенасы – бұл қандай ғылым?



  1. клиникалық

  2. эксперименталды (тәжірибелік)

  3. профилактикалық (алдын-алу)

  4. өндірістік

  5. теориялық

2. Еңбек гигиенасы қандай класстарға бөлінеді?

  1. оптимальды

  2. шектеулі рұқсат етілген

  3. зиянды

  4. қауіпті

  5. барлық жауап дұрыс

3. Санитарлық дәрігер төменгі өз бетінше зерттеу жұмыс жүргізе ала ма?

  1. ия

  2. жоқ

  3. санитарлық дәрігердің қадағалаумен ғана

  4. тек өндірістік әкімшілік басшылығымен ғана

  5. ия, бірақ хаттама жазбайды

4. Санитарлық дәрігер көмекшісінің жұмысын кім қадағалап отырады?

  1. СЭС бас дәрігері

  2. еңбек гигиенасындағы дәрігер

  3. СЭС-тегі ұйымдастыру әдістемесін бөлім меңгерушісі

  4. өндірістегі әкімшіліктің бір өкілі

  5. өз бетімен жұмыс жасайды

5. ҚР санэпидқызметінің негізгі құрылымының, әр жерде:

  1. СЭҚ басқармасында

  2. санэпидэкспертиза орталығына

  3. ҚР СЭҚ департаменті

  4. ҚР-дағы мемлекеттік бас дәрігері

  5. еңбек жөніндегі инспекция

6. Санэпидқызметінің негізгі жұмыс формаларын көрсетіңіз

  1. алдын ала санитарлық қадағалау

  2. ағымды санитарлық қадағалау

  3. ұйымдастырушы-әдістемелік жұмыс

  4. жұмысшыларды медициналық тексеруден өткізу

  5. өз жұмысшының білімділігін көтеру

7. Санитарлық дәрігердің негізгі қызметі:

  1. тексеру қызметі

  2. оперативті салу функциясы

  3. ұйымдастыру қызметі

  4. үйрету, насихаттау қызметі

  5. тұтынушының қызметі

8. ШРЕК-не түсініктеме беру:

  1. шектеуші болу керек концентрация

  2. шектеуші рұқсат етілген концентрация

  3. шекті рұқсат етілген концентарция

  4. дұрыс шекке дейінгі концентрация

  5. рұқсат етілген концентрация

9. Жедел кәсіби ауруларға (улануларға) неше сағат ішінде пайда болатын ауруларды айтамыз?

  1. 7 жұмыс кезегі

  2. 6 жұмыс кезегі

  3. 5 жұмыс кезегі

  4. 4 жұмыс кезегі

  5. 1 жұмыс кезегі

10. Өндірістік еңбек жағдайына кім жауап береді?

  1. профсоюз

  2. еңбек жөніндегі инспекция

  3. жұмыс беруші

  4. прокурор

  5. еңбек гигиенасы қоғамдық инспекторы



Қосымша

Қазақстан Республикасының № 193-IV 2009 жыл 18 қыркүйектегі «Денсаулықты қорғау жүйесі және тұрғындардың денсаулығы туралы» кодекстегі негізгі ұғымдар.
1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі - мекендеу ортасы) - адамның тыныс-тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;
2) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
3) бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
4) денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы;
5) денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;
6) денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;
7) денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама (бұдан әрі - денсаулық сақтау саласындағы сараптама) - денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі аяларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;

8) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі - стандарт) - медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қағидаларды, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;



9) денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрі - стандарттау) - стандарттарды, талаптарды, нормаларды, нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу, енгізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы процестердің, медициналық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларын ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
10) кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе жедел ауру;
11) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;
12) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
13)санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;
14) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
15) тәуекелді бағалау - инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына кері әсеріне және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға ғылыми негізделген баға беру;
16) улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілді) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);
17) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;
18) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелді бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметі

1. Тақырып № 2: Жұмысшылардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау. Алдын-ала және кезеңдік медициналық тексерулер. Кезеңдік медициналық тексерулерді ұйымдастыруда еңбек гигиенасы дәрігерлерінің рөлі.

2. Мақсаты: Жұмысшылардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау бойынша білімділікті қалыптастыру, алдын-ала және кезеңді медициналық тексерулер маңыздылығы бойынша және оларды өткізуде санитарлық дәрігердің рөлі.

3. Оқыту міндеттері.

    1. Жұмысшылардың денсаулық жағдайын зерттеудегі негізгі әдістермен таныстыру.

    2. Жұмысшылардың алдын-ала және (жұмысқа орналасар алдында) кезеңді медициналық тексерулердің маңыздылығын көрсету.

    3. Медициналық тексерулерді ұйымдастыруда және өткізуде еңбек гигиенасы бөлімі дәрігерінің рөлін ағарту.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.

  1. Өндірістегі алдын ала медициналық тексерулер.

  2. Алдын-ала медициналық тексерулерді ұйымдастыру, олардың өндірістегі аурушаңдықты алдын-алуда маңыздығы.

  3. Қ.Р денсаулық сақтау министрлігінің №754 15.10.03ж бұйрығы- жұмысшыларды алдын-ала және кезеңді медициналық тексерулерден өткізу.

  4. Зиянды және қауіпті өндірістік жағдайдағы жұмысшыларды міндетті түрде алдын-ала және кезеңді медициналық тексерулерден өткізу реті туралы.

  5. Қолайсыз өндірістік факторлар және қауіпті және зиянды заттармен жұмыс істеуге жіберуге жалпы медициналық қарсы көрсеткіштер.

5. Оқыту және жүргізу әдістері: біріккен (кіші топтарда жұмыс, Қ.Р денсаулық сақтау министрлігінің №754 15.10.03ж бұйрығымен танысу, дискуссия, тесттік тапсырмаларды орындау).

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. Под ред. В.Ф. Кириллова.М.-ГЭОТАР-2008.- б.387, 401-411.

  2. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К., Бекмагамбетова Ж.Д. и др., Учебник Алматы. 2009 г. – б. 13-16.

  3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – б. 433-453.

Қосымша:

  1. Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности РК. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010. – б. 3-73.

  2. Приказ Министра здравоохранения РК № 754 от 15.10.2003. «Об утверждении Инструкции по проведению обязательных предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся возведению вредных, опасных и неблагоприятных производственных факторов, перечня вредных производственных факторов, профессий, при которых обязательны предварительные и периодические медицинские осмотры. Список профессиональных заболеваний.

7. Бақылау

Сұрақтар:

  1. Жұмысқа орналасу алдында медициналық текерудің мақсаты қандай?

  2. Еңбек етушілерді алдын ала және кезеңді медициналық тексеруді кім жүргізеді?

  3. Медициналық тексеру мәліметтері қайда тіркеледі?

  4. Еңбек етуші жұмыстан шыққан немесе басқа жұмысқа ауыстырылғанда алдын ала және кезеңді медициналық тексеру медициналық картасы қайда жіберіледі?

  5. Ұйым әкімшілігі еңбек етушінің кәсіби жарамдылығына медициналық қорытынды беру міндетті ма?

  6. Медициналық тексеру өткен және өтпегенге қолына қорытынды беріле ма?

  7. Алдын ала және кезеңді медициналық тексеруді ұйымдастыру мен өткізу үшін МСЭБ органдарына қандай міндет жүктеледі?

  8. Алдын ала және кезеңді медициналық тексерудегі емдік –профилактикалық мекемелердің рөлі қандай?

  9. Өндірістік ұйымдарда медициналық реабилитация қалай орындалады?

  10. Кезеңдік медициналық тексерулердің ұзақтығы қандай?


Тесттік сұрақтар

1. Алдын ала және кезеңді медициналық тексеруді кім өткізеді?



  1. кез-келген лицензиясы бар емдік-профилактикалық ұйым;

  2. арналандырған емдік-профилактикалық ұйым;

  3. фельдшерлік-акушерлік пунктер.

2 Жұмысшылардың кай контингенті кезеңді медициналық тексеруден өтеді?

  1. барлық жұмысшылар;

  2. зиянды, қауіпті қолайсыз әсер ететін өндірістік фаторлармен жұмыс істейтін жұмысшылар;

  3. кезеңдік медициналық тексеру таңдамалы өткізіледі.

3. Кезеңді медициналық тексеруден бас тартқан жұмысшылар жұмысқа жіберіле ме?

  1. жіберілмейді

  2. міндетті емес

  3. жіберілуі туралы әкімшілік шешеді.

4. Ұйым әкімшілігі еңбек етушінің кәсіби жарамдылығына медициналық қорытынды беру міндетті ма?

  1. міндетті түрде

  2. міндетті емес

  3. жағдайға қарай жеке шешіледі.

5. Кезеңді медициналық тексеруді өткізетін басты адам кім?

  1. учаскелік дәрігер терапевт – цехтік дәрігерлік участк немесе территориалық дәрігерлік участк;

  2. емдік-профилактикалық ұйымның бас дәрігері;

  3. дәрігер-неврапотолог.

6.Медициналық тексеру кезінде қандай мамандар болуын кім анықтайды?



  1. өндіріс әкімшілігі;

  2. бұйрық ҚР ДМ №709;

  3. №709 бұйрықта көрсетілген мамандардан басқа комисия құрамына қосымша мамандар кіруі мүмкін;

7.Есту анализаторын зерттеу үшін келесі әдіс қолданылады:.

  1. камертон арқылы

  2. тоналді аудиометрия

  3. сыбырлы сөзбен әсер ету әдісі

  4. сөйлеу сөзбен әсер ету әдісі

  5. динамометр көмегімен

8. Жанаспалы ультрадыбыспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің кезекті тексеру кезінде қандай мамандар қатысады:

  1. терапевт

  2. невропатолог

  3. хирург

  4. оториноларинголог

  5. радиолог

9. Жанаспалы ультрадыбыспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің кезекті медициналық тексерулері қаншалықты жиілікте жүргізілед:

  1. кварталына 1 рет

  2. жарты жылда 1 рет

  3. жылына 1 рет

  4. жылда 1 рет

  5. ай сайын

10. Өндірістік дірілідің әсері бар жұмысқа алу барысында қандай арнайы қарсы көрсеткіштер кездеседі?

  1. облитерирлеуші эндоартерит

  2. Рейно ауруы

  3. Минамата ауруы

  4. әйел жыныс мүшелерінің ақаулары

  5. миопия

11.Хронометраждық зерттеу әдістерін қолдана отырып нені анықтауға болады?

  1. жұмыс күнінің ағымындағы жеке операциялардың ұзақтығы

  2. сенсомоторлы реакциялардың уақыты

  3. негізгі және қосымша операциялардың жасалынуына кететін уақыт, жұмыстағы микроүзілістер және т.б.

  4. жұмыс күнінің тығыздығы

  5. артериалдық қысым

12. Еңбек гигиенасы бойынша дәрігер өндірісте кезекті медициналық тексерулер жүргізу кезінде

  1. медициналық тексеруге жататын контингенттерді анықтау

  2. қаралушылардың атына байланысты тізімін келістіру

  3. өндірістегі еңбек жағдайымен медсанбөліміндегі дәрігердерді таныстыру

  4. медициналық тексерулердің жүргізілуіне жоспар құрау

  5. медициналық тексерулердің жүргізілуіне қатысу

13. Кәсіптік ауруларды тіркеуге арналған санитарлық-гигиеналық сипаттаманы құрайды:

  1. цех әкімшілігі

  2. техникалық қуаіпсіздік бойынша инспектор

  3. МСЧ бас дәрігері

  4. МСЭҚ дәрігері

  5. хирург

14. Жедел кәсіптік улану жағдайларын зерттеуді жүргізеді:

  1. өнеркәсіп әкімшілігі

  2. цех дәрігері

  3. цех басшысы

  4. МСЭҚ дәрігері

  5. техникалық қауіпсіздік бойынша инспектор

15.Созылмалы кәсіптік ауру жағдайларын зерттеуді жүргізеді:

  1. өнеркәсіп әкімшілігі

  2. МСЧ бас дәрігері

  3. МСЭҚ дәрігері

  4. техникалық қауіпсіздік бойынша инспектор

  5. цех дәрігері


1. Тақырып № 3: Өндіріс орындардағы кейбір демографиялық көрсеткіштерді зерттеу (жастық-жыныстық құрамы, өлімшілдік, өлі туушылық).

2. Мақсаты: бұл сұрақтың құқықтық аспектілері және әдістемелік бағытталуы, өндірістегі жұмыс істейтін әйелдердегі өлі туулар, өлімшілдік, жастық-жыныстық құрамын зерттеу туралы білімділікті қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Өндірістегі жұмысшылардың денсаулық жағдайын сипаттайтын негізгі демографиялық көрсеткіштер жайлы білімді қалыптастыру;

  2. Жұмысшылардың жас-жыныстық құрамын зерттеу әдістері жайлы білім қалыптастыру;

  3. Өндісітегі жұмысшылар арасындағы өлімшілдікті зерттеу жайлы білімді қалыптастыру;

  4. Өндірісте жұмыс жасайтын әйелдердің арасында өлітуушылдықты зерттеу жайлы білімді қалыптастыру;

  5. Жұмысшы контингентінің демографиялық көрсеткіштерін бағалау бойынша алғашқы құжаттарды статистикалық өңдеу дағдылын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жұмысшылардың денсаулық жағдайын зерттеу үшін қолданылатын негізгі демографиялық көрсеткіштер.

  2. Жұмысшылардың аурушылдық деңгейіндегі жас-жыныстық құрамының мағынасы.

  3. Өндірістегі жұмысшылардың жас-жыныстық құрамын зерттеу принциптері.

  4. Өндіріс объектілердегі жұмысшылар арасында жоғары өлімшілдіктің себептері.

  5. Жұмысшылар арасындағы өлімшілдік көрсеткіштерін зерттеу принциптері.

  6. Өндірісте жұмыс жасайтын әйелдер арасында өлітуушылдықты зерттеу.

  7. Өнеркәсіпте демографиялық көрсеткіштерді зерттеу үшін қолданылатын құжат формалары.

  8. Демографиялық көрсеткіштерді зерттеудегі медициналық және санитарлық статистика.

5. Оқыту және жүргізу әдістері: біріккен (кіші топтарда жұмыс, пікір талас, кейс-стади).

6. Әдебиет.

Негізгі

  1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва, 2008.- С. 495-501.

  2. Гигиена. Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К., Бекмагамбетова Ж.Д. и др., Учебник Алматы. 2009 г.- б 13-16.

  3. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. В.Ф. Кириллова)- М., Медицина, 2001.-б 88-103, 173-215, 296-311.

Қосымша

  1. Российская энциклопедия по медицине труда. Под ред.Н.Ф.Измерова-М.-Медицина.-2005.-б 350-400.

  2. Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности РК. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010. – б. 3-73.

7. Бақылау Сұрақтар

  1. Қандай көрсеткіштер демографиялық көрсеткіштерге жатқызылады?

  2. Жұмысшылардың жас-жыныстық құрамын зерттеу әдісі қандай?

  3. Аурушылдық деңгейі өндірістегі жұмысшылардың жас-жыныстық құрамына байланысты болуы мүмкін бе?

  4. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылар арасындағы өлімшілдік қалай зерттеледі?

  5. Қай өнеркәсіп салаларында жұмысшылар арасында өлімшілдік көрсеткіші жоғары?

  6. Өнеркәсіпте жұмыс жасайтын әйелдер арасындағы өлітуушылдық жайлы түсінік.

  7. Өнеркәсіпте жұмыс жасайтын әйелдер арасындағы өлітуушылдық себептері.

  8. Өлітуушылдықты зерттеу үшін қолданылатын құжат формалары.

  9. Өлімшілдікті зерттеу үшін қолданылатын құжат формалары.

  10. Тұрғындардың денсаулығын зерттеу кезіндегі медициналық статистика негіздері.

Тесттік сұрақтар

1. Жұмысшы тұрғындардың денсаулық жағдайын сипаттау үшін көрсеткіштер қолданылады:



  1. демографиялық

  2. экологиялық

  3. социалды

  4. аурушылдық

  5. адаптация

2. Жұмысшы тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне жатқызады:

  1. физикалық даму

  2. клиникалық

  3. өлімшілдік

  4. мүгедектік

  5. экологиялық

3. Жұмысшы тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалаудың демографиялық көрсеткіштеріне жатқызады:

  1. өлімшілдік

  2. физикалық даму

  3. табиғи өсуі

  4. аурушылдық

  5. мүгедектік

4. Жұмысшы тұрғындардың денсаулық жағдайына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларға жатқызылады:

  1. жасы

  2. еңбек жағдайы

  3. күн сәулесі радиациясының деңгейі

  4. материалды жеткіліктілік

  5. медициналық қызметтің ұйымдастырылуы мен деңгейі

5. Жұмысшы тұрғындарыдың денсаулық жағдайына әсер ететін қандай факторларды әлеуметтік-биологиялыққа жатқызады:

  1. жынысы

  2. пәтер-үй жағдайы

  3. материалды жеткіліктілік

  4. жасы

  5. ортажылдық температура

6. Табиғи өсім мен өлімшілдікті тұрғындардың денсаулығын бағалаудың қандай көрсеткіштеріне жатқызады?

  1. демографиялық

  2. социалды

  3. мүгедектік

  4. миграциялық

  5. биологиялық

7. Жалпы денсаулықты бағалау үшін сандық көрсеткіштер қолданылады:

  1. аурушылдық

  2. физикалық даму

  3. мүгедектік

  4. демографиялық

  5. социалды

8. Тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалаудың интегралды көрсеткіштеріне жатқызады:

  1. нәрестелік өлім көрсеткіші

  2. алдағы өмірдің орташа ұзақтығы

  3. экологиялық

  4. санитарлық-химиялық

  5. жас-жыныстық

9. Мемлекет, медициналық қызметкерлердің көбірек назарын талап ететін тұрғындардың жеке кәсіптік топтарының арасында аурушылдық деңгейі бойынша приоритеттерді тапсырмаларды одан да эффективті шешу үшін олардың денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында анықтауға болады:

  1. жас топтары

  2. ерлер

  3. әйелдер

  4. балалар

  5. жұмыссыздар

10. Демография – бұл ғылым:

  1. жалпы тұрғындардың

  2. жұмысшы тұрғындардың

  3. тұрғындар, жас-жыныстық құрамын есепке ала отырып

  4. тұрғындар, тұрғындардың өндіру заңдылығы жайлы және олардың әлеуметтік-экономикалық ескертілуі

  5. тұрғындар, әлеуметтік-экономикалық факторларын есепке ала отырып

11. Өндірістегі өлімшілдік көрсеткіші есептелуі мүмкін:

  1. жұмысшылардың жалпы ортажылдық саны

  2. жұмысшылардың жас топтары бойынша

  3. жыныстық ерекшеліктері бойынша

  4. балалар бойынша

  5. жұмысшыларыдың аурушылдық құрылымы бойынша

12. Өндірісте өлімшілдіктің жалпы көрсеткіші мына формула бойынша есетеледі:

  1. 1 жылда өлгендердің жалпы саны / жұмысшылардың орташа саны) × 1000

  2. 1 жылда өлгендердің жалпы саны / жұмысшылардың орташа саны

  3. 1 жылда өлгендердің жалпы саны / жұмысшылардың орташа саны) / 1000

  4. 1 жылда өлгендердің жалпы саны × жұмысшылардың орташа саны

  5. жұмысшылардың орташа саны / 1 жылда өлгендердің жалпы саны

1. Тақырып № 4: Өндірістегі аурушылдық. Жоғары аурушылдық себептері: биологиялық, медико-әлеуметтік факторлар, өндірістік факторлар, еңбек процессінің факторлары.

2. Мақсаты: Өндірістік орындардағы жұмысшалардың кәсіптік аурушаңдалығы мен жалпы өсіміне мүмкіндік туғызатын негізгі факторлар жайлы білімді қалыптастыру; Өнідірісте жұмысшылардың жоғары аурушаңдылық себептерін анықтау бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

3. Оқыту тапсырмалары:

  1. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жалпы аурушыңдылығының өсу себептері жайлы білімді қалыптастыру;

  2. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың аурушаңдылығының өсуіне мүмкіндік туғызатын факторлар жайлы білімін қалыптасытру

  3. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жоғары аурушаңдылығының себептерін анықтау бойынша дағдыларды қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жалпы және кәсіптік аурушаңдылығы, түсінігі, сипаттамасы.

  2. Жұмысшылардың аурушаңдылығындағы өндірістік орта факторларының рөлі.

  3. Жұмысшылардың аурушаңдылық деңгейіне әсер ететін медико-әлеуметтік факторлары.

  4. Өндірістік орта факторлары жайлы түсінік, олардың сипаттамасы.

  5. Өнеркәсіп орындарындағы еңбек үрдісінің факторлары.

5. Оқыту және жүргізу әдістері: біріккен (жұптасып жұмыс істеу, дискуссия, тестілеу).

6. Әдебиет.

Негізгі

  1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва, 2008.- б. 22-34.

  2. Гигиена. Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К., Бекмагамбетова Ж.Д. и др.,Оқулық

Алматы. 2009 г.- б. 494-501.

  1. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. В.Ф. Кириллова)- М., Медицина, 2001.- б. 88-103, 173-215, 296-311.

Қосымша

  1. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред. д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – б. 433-440.


7. Бақылау.

Сұрақтар

  1. Өндіріс ортасы жайлы түсінік.

  2. Өндірістік орта факторлары: физикалық, химиялық, биологиялық.

  3. Еңбек үрдісінің факторлар

  4. Зиян және қауіпті өндірістік факторлар жайлы түсінік.

  5. Еңбек жағдайы жайлы түсінік.

  6. Физикалық жүктемелер (статикалық и динамикалық).

  7. Жүйке-психикалық жүктемелер.

  8. Жеке жүйелер мен мүшелердің қажуы.

  9. Кәсіптік аурулар және олардың жіктемесі.

  10. Жедел, жеделдеу, созылмалы кәсіптік аурулар.

  11. Химиялық факторлардың әсерінен туындайтын кәсіптік аурулар.

  12. Өндірістік шаңның әсерінен туындайтын кәсіптік аурулар.

  13. Физикалық факторалардың әсерінен туындайтын кәсіптік аурулар.

  14. Еңбек үрдісімен байланысты кәсіптік аурулар.

  15. Биологиялық факторлардың әсерінен туындайтын кәсіптік аурулар.

Тесттік сұрақтар

1. Бұлшықет жұмысы



  1. тыныс алудың минуттық көлемін азайтады

  2. ағзаның оттегіге қажеттілігін жоғарылатады

  3. эритроциттер санының жоғарылауымен қоса жүреді

  4. шеткі қан жүйесінде лейкоциттер санын төмендетеді

  5. қан қоюлығын төмендетеді

2. Статикалық жұмыс – бұл:

  1. жүкті тасымалдаумен байланысты жұмыс

  2. сүйек бұлшықетінің үштен бір бөлігінің қатысуымен атқарылатын жұмыс

  3. ауыр жүкті көтерумен байланысты жұмыс

  4. адамға жұмыс қалпын алуға және еңбек құралдары мен жабдықтарының тұрақтандырумен байланысты жұмыс

  5. денені және оның жеке бөліктерін кеңістікте ұстап тұру үшін керекті бұлшықеттердің жиырылу үрдісімен байланысты жұмыс

3. Еңбек үрдісін ұйымдастырумен байланысты өндірістік факторларды белгілеңіз:

  1. гипокинезия

  2. дененің амалсыз қалпы

  3. шу

  4. діріл

  5. нашар жарықтандыру

4. Өндірістік орта факторларына жатады:

  1. бірқалыпты еңбек

  2. шу

  3. жұмыс алаңындағы ауадағы анибиотиктердің аэрозольдері

  4. жартылай еңкейген қалыптағы жұмыс

  5. жергілікті бұлшықет жұмысы

5. Аталғандардың қайсысы қайсысына жататынын көрсетіңіз:

1 – эргометриялық критериялар

2 – физиологиялық критериялар


  1. 1 сағаттағы сигналдардың ұзақтығы

  2. пульс жиілігі

  3. сыртқы жұмыстың қарқындығы

  4. энергия жоғатулар, ккал/мин

  5. ауысымдағы еңбек өнімділігі

6. Өндірістік орта факторларына кіреді:

  1. еңбектің физикалық жүктемесіне негізделген факторлар

  2. табиға-климаттық факторлар

  3. өндірістік үрдістердің технологиялық ерекшеліктерімен байланысты факторлар

  4. еңбек үрдісін ұйымдастырумен байланысты факторлар

  5. еңбектің психо-эмоционалды жүктемесімен шартталған факторлар

7. Шаңды кәсіптік ауруларға жатады:

  1. подагра

  2. биссеноз

  3. Минамата ауруы

  4. металлокониоз

  5. фузариоз

8. Жергілікті дірілдің өнеркәсіптегі көзі:

  1. ұрғыш балталар

  2. виброплатформалар

  3. қол шлифовальды машиналар


  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет