Жалпы өнім - бұл өзгермелі фактор Ғ1-дің бірге-бірте өсуімен байланысты. ені.мнің жалпы көбеюі. Жалпы өнімнін көлемін, пайдаланған өзгермелі Ғ, фактордың санына болсек орташа өнім шығады. Егер өнімнің сәйкес фактор бірлігінің өсуі арқылы пайда болған өсімшелерін есептесек, шекті өнім шығады. Өнімділіктің кему заңын тым мүлтіксіз әрекет ететін заң деп, оған шоқынуға болмайды. Бұл заңның әрекеті кем дегенде екі жағдайда жүріп отырды:
кем дегенде өндірістің бір факторы тіркелген болу керек;
ғылыми-техникалық прогресс болмағанда.
Өндірістік ресурстар өнімділігінің төмендеуі, өндіріс тиімділігін төмендетеді. Баршаға белгілі, шығындардың өсуі мен өнімнің көлемінің өсуі ортақ пропорцияда өсетін болғанда, тиімділікте өседі. Ал өнімнін, шығуынын, көбеюі барған сайын шығын өсуінің салдары болса және олардың құны нарық бағасымен тең болса, онда тиімділік төмендейді. Бұл жағдай өндіріс масштабының кеңеюі нәтижесінде тиімділіктің кеми түсуін құрайды. Сөйтіп, өндірістік функция, өндіріс масштабының өсуіне байланысты, тұрақты тиімділікке ие болады, егер өндірудің өсу пропорциясы шығындардың өсу пропорциясымен бірдей болса.[1]