Өндіріс пен өндіріс факторлары туралы түсінік



бет2/8
Дата08.02.2022
өлшемі250,5 Kb.
#122458
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
өндіріс функциялары

Өндірістік функция.
Өндіріс факторларының қандай болмасын жиынтығымен, осы жиынтық арқылы өндірілетін өнімнің барынша көп көлемінің арасындағы өзара қатынас өндірістік фунцияны сипаттайды. Өндірістік функция ресурстардың шығындары мен шығарылған өнімнің арасындағы технологиялық төуелділікті керсетеді.Осыны изокванта сипаттайды — өндіріс факторларының бір көлемді өнім шығару үшін бір бірімен ұштасуының бірнеше түрі болу мүмкіндігін сипаттайды. Тапсырылған өнім көлемін өндірудің көп варианты болатынын өндірістік функция көрсетеді. Өндірістік функция, қашан болмасын, тек белгілі технологиялық құрылым үшін жасалады. Факторлардың қандайы болса комбинациясында шығарылатын өнімнің қол жететін көлемін одан әрі өте жоғары кетере алатындай дәрежеде технологияның жақсартылуы, қашан болсын жаңа өндірістік функцияда орын алады. Өндірістік функцияны, тауарлардың көрсетілген көлемінің қайсысы болмасын соны өндіруге қажет шығындар санының төменін анықтап білу үшін қолдануға болады. Егер өңдіріс факторларының, немесе, ресурстардың барша жиынтығын енбектің, жердің және капиталдың шығыны деп санасақ, онда өндірістік функцияны былайша жазып көрсетуге болады:
Q = F(L, К, N),
бұнда Q — берілген технологияда және еңбектің L, капиталдың К, жердің N берілген сәйкестігінде өндірілетін өнімнің барынша көп көлемі. Әр түрлі өндіріс түрлерінің өндірістік функциясы өзгеше болса да, олардың барлығының ортақ қасиеттері бар.
Бірініші. Басқа жағдайлар бірдей болғанда, бір ресурстың шығынын көбейтіп. өндірістің көлемін өсірудің шегі болады. Айталық, фирмада станоктар мен өндірістік ғимараттардың саны берілген болса, онда жұмыскерлердің санын қосымша көбейту арқылы өндірістің шамасын өсірудің шегі болады. Жұмысшылардың саны өскендіктен болған арту бірте-бірте нольге жақындай бастайды.
Екішші. Өндіріс факторларының өзара алмасуы, немесе, бірінің орнына бірі жүре алатындығы болады. Бұл жағдайда өндіріс факторларының бірінін, орнына бірі жүргенде өндірістің көлемі төмендейді. Мысалы, егер жұмыскерлер өндірістік құралдармен қамтамасыз етілген болса, олардың еңбегі тиімді болады. Ал құралда) болмаса өндіріс көлемі төмендейді, немесе өседі (егер жұмыскерлер саны көбейсе). Бұл жәйтта бір ресурс басқа ресурспен алмастырылады. Өнімді шығаруды азайтпай, еңбекті одан коп капиталмеі алмастырудың шегі болады. Осы сияқты, жабдықтарды қолданбай қол еңбегін пайдаланудың шегі бар. Мысалы, фирмада машиналарды қолдануды қысқартып, қол еңбегінің санын өсіруге болады Бірақ, машиналардың саны аз, жұмысшылар саны көп болғанда машиналардың бір жұмыс сағатын өтеу үшін, жұмыскерлердің көп сағат еңбегі қажет болады. Қандай өндіріс болмасын, ол өзінің негізгі мақсатына — неғұрлым көп пайдаға жеткен жағдайды, өндіріс тепе-тендігі де атайды. Шығарылған өнімнің көлемінің өзгерістері, шығында көлемінен тәуелділігі сақталғанша, азды-копті түрақты болмақ Шығындардын. өсуімен бірге өнім колемі белгілі бір шекке дейі өседі. Осылай алынған өнім шекті өнім (ШӨ) деп аталады. Бұл өнім ресурстардың шекті өнімділігінің негізінде пайда болады. Ол өнімнің өсімімен ΔӨ ресурстардың өсімінің ΔХ ара қатынасы арқылы есептеледі:
ШӨ = ΔӨ /ΔХ.
Егер шығындар шексіз аз мөлшерде өсіп отырса, онда шекті өнім ресурстың шекті өнімділігін корсететін болады. Ресурстарды шекті өнімділігін және оның (ресурстың) нарықтық бағасын салыстыра отырып, кәсіпорны (фирма) қоғамдық өндірістің ұйымдастырушы формасы ретінде, қосымша шығындар жасау-жасамау қажеттілігін шешеді. Егер динамикалық техникалық прогресс қамтамасыз етілмесе онда қосымша еңбек шығынының бірлігінің тиімділігі бірте-бірте азая береді. Сөйтіп, шекті еңбек өнімділігі мен шекті өнім төмендей беретін болады. Бұл машиналар мен імеханизмдерге жұмыскерлер жұмсайтын еңбек шығындары барған сайын көбейе беретінінен байқалады. Еңбектің техникамен құралдануы төмендейді, өндіріс техникалық шекке жетеді, өнімнің жалпы өсуі тоқтайды.

1-сурет
Техникалық шекке таянған сайын, өндірісті одан әрі дамыту мен байланысты шығындар да өсе бастайды. Бұл жерде тек мына жағдайды айтып кетейік: өндірістік функцияның өсу қисық сызығының «сөне бастау» процесі, экономикалық теорияда өнімділіктің кему заңы деп аталады: егер шығындардың бір түрінің көлемі өсіп отырғанда, олардың басқа түрлерінің шамасы өзгермей түрақты болып кала берсе, онда осы түрлі шығынның қосымша шамасы өнеркәсіптік жиынтық өнімге қосатын үлесі бірте-бірте азайып отырады. Осыны 1 суреттен байқайық. X = f (F1 F2, ... Fn) деген өндірістік функция бар болсын. Тағы, осы функция сипаттайтын өндірістік процесте F1 ден басқа барлық факторлар тұрақты дейік. Бұл өндірісте F1 пайдалану бірте-бірте еседі және бұл өзгермелі фактор F1 мен өндірілетін өнімнің өзара тәуелділігін анықтау керек. Осы өнімді өндіру үшін барлық факторлар қажет болғандықтан, F, ноль шамасында болғанда, өндірілген өнімде нольге тең болады, F, фактордын. бірте-бірте кезекті болшекгерш өндірісте пайдаланумен бірге. өнім өндірісі де нольден бастап бірте-бірте өсе береді. Осы өнімнің өсу процесінің үш сипаттамасы бізден назар аударуды тіленді: жалпы өнім, орташа өнім және шекті өнім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет