«Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент»


Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат



бет3/8
Дата12.10.2020
өлшемі230,5 Kb.
#68430
1   2   3   4   5   6   7   8
Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат

Оқытушының фамилиясы, аты, жөні –экономика магистрі «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Габдуллина Л.Б

Кафедра – «Есеп және аудит»;

Байланыс ақпараты – тел: 530373, №8 оқу ғимараты, №203 кабинет;

Сабақ өткізілетін орын – сабақ кестесі бойынша;

Пән аты - ««Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент»;

Кредит саны – 3;

1.2. Пәннің қысқаша сипаты мен мазмұны

«Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» пәні студенттерге экономика салалары бойынша шаруашылықты жүргізудің экономикалық негіздері мен басқару мүмкіндіктері ерекшеліктерін ескере отырып оқыту болып табылады. Курсты игеру барысында студенттердің экономикалық көрсеткіштерді талдау әдістерін меңгеруге, ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын анықтай білуге үйрету басты назар аударылады. Шаруашылық жүргізу шарттары кәсіпорын үшін өте маңызды орын алады, өйткені бизнестің даму стратегиясын және тактикасын анықтау үшін негіз болады.

Кәсіпорын халық шаруашылығының негізгі элементі бола отырып, оған нарықтық қатынас жағдайында шаруашылық еркіндік және өзін-өзі басқару берілгендіктен, олардың жұмысының соңғы нәтижелеріне жауапкершілік артты. Осыған байланысты кәсіпорын, фирма экономикасын жете білу экономиканың барлық саласының мамандарына міндетке айналды. «Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» пәні технология мамандығында оқитын студенттер үшін ең маңызды пәндердің бірі болып табылады. Нарық қарым-қатынастары жағдайында экономикалық қызметтің орталығы бүкіл экономиканың негіэгі бөлігіне-кәсіпорынға ауысып отыр, өйткені тек экономиканың осы деңгейінде ғана қоғамға қажет өнім шығарылады және қызмет көрсетіледі. Мұнда халықтың жұмысқа қабілетті адамдарының негізгі бөлігі жұмыс істейді. Білікті кадрлар да негізінен осында шоғырланған. Кәсіпорында қажет өндіріс қорларын тиімді пайдалану, жоғары сапалы техника мен технологиялар енгізу сұрақтары қарастырылады.Мұнда өндіріс шығындарын ең төменгі мәнге жеткізу, бизнес-жоспарларды құру, маркетинг шараларын жүргізу, нәтижелі басқару әдісі, менеджментті қолдану әдістері іске асырылады.

Егер кәсіпорын жоспарлы экономика жағдайларында қызмет етсе, онда оның жұмыс жасау сапасын өсіруге және пайдалылығын көбейтуге қажет ынта болмайды деп тұжырымдауға болады, яғни үлкен пайда алуға ұмтылыс аз болады. Алайда, бұл жағдайларда фирманың қызметіне әлеуметтік кепілдіктер өте көп болады, яғни оның банкроттыққа ұшырау ықтималдылығы өте төмен болады.

Егер де кәсіпорын күн сайын өзінің қызметін сақтауға мәжбүр болса, барлық кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс қарқындылығы (бастықтан бастап, қарапайым жұмысшыға дейін) едәуір өседі. Қазіргі кезде, ел экономикасына нарықтық заңдар енгеннен кейін міне осындай экономикалық шарттар қалыптасты. Осыған байланысты өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқаруды жете білу барлық болашақ қызметкерлерге өте маңызды міндетке айналды, әсіресе биотехнология мамандықтарында оқитын азаматтарға.

Берілген пән бойынша студенттер кәсіпорынның, фирманың құрылу, тіркелу ретін, кәсіпорын қызметіне қажет барлық қор мен факторларды, олардың түрлерін және тиімді қолдану шарттарын, кәсіпорынның экономикалық қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді, оларды талдау әдістерін, сондай-ақ, кәсіпорын шығаратын өнім сапасын жоғарлату жолдарын және т.с.с теориялық және практикалық ақпаратты білуге мүмкіндік алады. Осы білімді нақты өмірде қолдану дағдыларына үйренеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет