1.3. «Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» пәні басты мақсаты тек теориялық білім берумен ғана шектелмей, сондай-ақ студенттерді өз іс-әрекеттерімен жоспарлап, өз қызметіндегі басты бағыттарды дұрыс таңдауға, күрделі экономикалық мәселелерді шешімін дұрыс, әрі тез, жан-жакты табуға үйретеді. Аталған курс өндірістің мазмұны мен ерекшеліктерін, менеджмент, маркетинг бойынша маңызды сұрақтарды, шикізат және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономика салалары бойынша экономикалық жетістіктерді оқытады.Студенттерге нарық жағдайларында фирманың, кәсіпорынның өдірістік құралдарын тиімді қолдану жөнінде, фирманың экономикалық және қаржылық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін нарықтық әдістер туралы теориялық ақпарат пен нақты дағдылар беру, кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптерін, еңбек заттарының қозғалысын қарастыру, өндірістік процестерді ұйымдастыруды жан-жақты оқып-үйрену, кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды қарастыру. «Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент»курсын оқу үрдісінде студенттер пәнді оқу бойынша алған білімдер негізінде ойлаудың экономикалық бейнесін, кәсіби қызметте тәртіптің экономикалық стилін қалыптастырады, алынған теориялық білімді тәжірибелік қызметте қолдана алады, экономикалық талдау әдістерін меңгере алады, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шеше алады.