Өндірістік жарақаттану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері. Қарастырылатын сұрақтар: Жарақат және жарақат түрлері



бет2/3
Дата13.11.2023
өлшемі301,94 Kb.
#191360
1   2   3
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Өндірістік жарақаттану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.
Өндірістік жарақаттанудың себептері.
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:
Монографиялық (моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Бақытсыз жағдай болған кешенді еңбек жағдайын жіктеп – жіліктеп зерттейді, яғни еңбек және технологиялық процесстерді, жұмыс орнын, көмекші және негізгі құрылғыларды, жеке және коллективті қорғану құралдарын т.с.с.
Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Бақытсыз жағдай орын алған жерге байланысты себептерді қарастырады.
Статистикалық(салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.
Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.
Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; мұндағы
Шб – барлық шығын;
Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет