Жұмыс кезінде: 1. Компьютердi қосып, ақаулықтын жоқ екеніне көз жеткізу
2. Ақаулықтар болса, компьютерді өшiрiп өндiрiс қызметкерін шақыру.
Жұмыс аяқталғанда: 1. Компьютерді дұрыс сөндіру.
2. Құжаттар мен заттарды жинастыру.
3. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
Мекеменiң техника қауiпсiдiгiнiң негiзгi ережелері:
Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі туралы жалпы мәлімет
1. «Талғар ауданының жер катынастары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) Талғар ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасынын мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлiмнiң ведомстволары жоқ.
3. Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына , Казакстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актiлерiне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге , сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлiм мемлекеттік мекеме ұйымдық - қуқықтық нысанындағы занды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртанбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының занамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлiм азаматтық - қуқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Бөлiмгеегер заңнамага сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттiн атынан азаматтық - қуқықтық қатынастардын тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлiм өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен Бөлiм басшысынын бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер кабылдайды.
8. Бөлiмнiн құрылымы мен штат санынын лимиті колданыстағы заңнамага сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041600, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Рыскулов көшесі, № 72. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Талғар ауданының жер катынастары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі.
10. Бөлiмге кәсiпкерлiк субьектiлерiмен Бөлiмнiң функциялары болып табылатын мiндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру қуқығы берiлсе, онда осындай кызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiн кiрiсiне жiберiледi.
12. Жер учаскесiне меншiк кұқығы мен жер пайдалану құқығы туындау, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерін, жер учаскелерiнiн меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
13. Жерді ұтымды пайдалану мен корғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету максатында жер қатынастарын реттеу:
14. Шаруашылық жүргiзудiн барлық нысандарын тен құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; 1) жеке және заңды тулғалар мен мемлекеттiн жерге қуқықтарын қорғау; 2) жылжымайтын мүлiк рыногын жасау және дамыту; 3) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.
Мiндеттерi :
1 ) жер учаскесіне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгілеу ;
2 ) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу ;
3 ) шаруашылық жүргiзудiн барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау ;
4 ) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
5 ) жылжымайтын мүлiк рыногын жасау және дамыту; 6 ) жер қатынастары саласында зандылықты нығайту.
Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзудiн тәртiбi Жалпы ережелер:
1. Осы Ереже “Жер туралы“ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 кантардагы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзудiн жалпы принциптерiн, мiндеттерiн, мазмұны мен тәртiбiн белгiлейдi.
2. Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге , жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс – шаралар жүйесi болып табылады. Ол әлеуметтік – экономикалық, техникалық және құқықтық іс – әрекеттер кешенің қамтиды. Жерге орналастыру іс – әрекеттерінің әлеуметтік экономикалық бағыты жердi шаруашылық жүргiзудiң табиғи объектiсi ретінде тиімді пайдалануды ұйымдастырудан; техникалық жағынан – iздестiру, суретке түсiру, зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргiзуден құқықтық жағынан – жерді пайдаланудың тәртiбiн, шарттары және нысандарын айқындаудан тұрады.
3. Жерге орналастыру Қазақстан Республикасы жер туралы зандарында мынадай принциптері: Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтiндiгi; жердi табиғат обьектісі, Қазақстан Республикасы халқынын өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтауға, жердi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етуге; экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге; жердi мақсатты пайдалануға: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiн басымдылығына; жердiң жай – күйi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және оның қол жетiмдiлiгi; жерді пайдалану және қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттік қолдауға; жерге залал келтiрудi болдырмауға немесе онын зардаптарын жоюға: жерді пайдалануға ақы төленуiне негізделедi.
4. Жерге орналастырудын негiзгi мiндеттерi: жердi тиiмдi пайдалану мен коргауды жоспарлау және ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының табиғат жағдайларын кешенді бағалау жүйесiнде жер ресурстарын зерттеу; Ғылыми – зерттеу және тәжірибе – конструкторлық жұмыстарды орындау, жерге орналастыру, жер кадастры, жер мониторингi және жер багалау жұмыстары жөнінде гылыми – өндiрiстiк бағдарламалар, әдістемелер, ұсынымдар және нұскаулар әзірлеу; әкімшілік – аумактық құрылымдардын, жер учаскелерi меншiк иелерiндегi, жерді пайдаланушылардағы жерлердiн шекараларын белгілеу және бекіту арқылы жерге орналастыру және тиiстi материалдар мен құжаттарды рәсімдеу, меншiкке немесе жер пайдалануға берілген (берілетін) жерлердi пайдаланудың режимi мен шарттарын белгілеу жөнiндегi ұсыныстар әзірлеу; табиғи ландшафтарды және жердi қорғауды қолдау және жақсарту, топырақтың
құнарлылығын сақтау және арттыру, жаңа ауыл шаруашылық алқаптарын игеру және олардын қолда барын жақсарту, жерді эрозия мен дефляциядан, селдерден, су басуынаң, құрғаудан, батпақтанудан, қайта тұз басуынаң, шелге айналудан, химиялық, радиоактивтік және өндiрiстiк қалдықтармен және басқа да келенсiз құбылыстар мен ластанудан қорғау жөнiнде шаралар әзірлеу; жерлердiң (учаскелердiң) саны, сапасы туралы ақпарат дайындау, жерлерді бағалау жұмыстарын жүргізу және ауыл шаруашылығы алаптарын ауыл шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін алу кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын анықтау, жерлерді аймақтандыру болып табылады.
5. Жерге орналастыру меншiк және шаруашылық нысанына және онда шаруашылық жүргiзудiң нысанына қарамастан барлық санаттағы жерлерде жүргiзiледi: Жерге орналастыру жөнiнде жұмыстар жүргiзудiң нәтижесiнде белгіленген заңдарда көзделген тәртiппен қаралған және бекітілген жерлердiң мақсатты арнаулы, пайдалану режимi және оларды қорғау, шектеу және тауқыметi, жер учаскелерiнiң шекаралары жөнiндегi, жерлердiн сапасы мен саны туралы деректер мен басқа да деректер, жер құқық, қатынастары субьектiлерi үшiн орындау мiндеттi болып табылады. Жоғарыда көрсетілген деректердi қамтитын жерге орналастыру құжаттары жер ресурстарын басқаруды ұйымдастыру, жерге байланысты мәмілелердi жүзеге асыру, жер дауларын шешу кезінде, сондай – ақ заңдарда көзделген өзге де жағдайларда пайдаланылады.
Қорытынды
Мен «Жер қатынастары басқармасында» Өндірістік тәжірибені өте отырып, болашақтағы өз мамандынымның қандай маңызға ие екенің, жәнеде осы мамандық бойынша кейiн қандай жұмыс атқатынымды түсіндім. Сол бөлiмнiн қандай құжаттармен айналысытының ұғынып, көп нәрсені түсіндім. Жер құқықтық қатынастарының құрылуы мен пайда болуын тарихи аспектіде зерттеу, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің, құқықтық жағдайын анықтау, реформалау процесiнiң манызын, құрылымын негiзiн таңуда қажетті мәселе болып табылады. Жер қатынастарын қоғамдық қатынас ретiнде, әртүрлi құқықтық институттармен нормалармен онын iшiнде, құқықтық, экономикалық, идеологиялық және олардың механизмi көмегiмен ынталандыру арқылы реттелінеді. Мемлекеттiн ұйымдық құқықтық механизмi арқылы жер қатынастарын реттеуде оның басқаруы және жердi пайдалану мен қорғауы. Жер реформаларын жүргiзу барысында, жер құқықтық қатынастарын реттеу мәселесінде мемлекеттің және құқықтын рөлі маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. «Окер құқығы» Қазақстан Республикасы Мухитдинова Н.Т. 1998 ж.
2. Adilet.kz, kznews.kz
3. egov.kz
4. Землеустройство и земельные отношение. //СБ. Нормативных актов//- Алматы: Каржы – каражат , 1996. – С. 3 9. «Жер учаскелерiнiн кадастрлык ( багалау ) кұнын аныктау инструкциясы». 2004 жыл 24 желтоксан.