Қазақ Ұлттық аграрлық университеті
«Агробилогия» факультеті
«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы
Өндірістік практика есебі Студент: Дәуірбаева Д. Е
Тобы: ЗР-412
Жетекшісі Хидиров К.Р
Алматы,2020
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Мекеме орнымен танысу
2.2 Сырым ауданының табиғи-географиялық және климаттық жағдайы туралы қысқаша сипаттама
2.3 Сырым ауданы шаруашығындағы дақылды өсіру технологиясы
2.4 Зерттеу материалдары мен оны жүргізу әдістемелері
2.5 Сырым ауданының ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдердің есептеу үшін жүргізілген мониторинг жұмыстарының есептерірін әкелу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Агроөнеркәсіп комплексі халық шаруашылыгының ең басты салаларының бірі болып табылады, сондықтан да елімізде, әсіресе Қазақстан республикасында оны әрі қарай дамыту мәселесіне зор назар аударылып келді және келе де бермек.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, ал мал шаруашылығына тиісті жем-шөп қорын мол жинап жасау болып табылады.
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады.