Облыста бидай септориозының S. Nodorum., таттың Puccina triticina кең таралған. Зерттеу әдісі-танаптық тәжірибе, мөлдектердің ауданы 150м2, қайталым саны - 4. Жаздық жұмсақ бидай сорты-Астана. Егістіктегі тәжірибе нұсқалары жүйелі әдіспен орналастырылды. Жұмыс сұйықтығының шығын мөлшері 200 л/га есебінен. Өңдеу жұмыстары масақтану басында шілде айында жүргізілді. Тәжірибеде аурудың таралуы мен дамуына келесі әсер етуші заттардың тебуконазол 250 г/л (0,5 л/га), флутриафол 250 г/л (0,5 л/га), пропиконазол, 200 г/л + тебуконазола 200 г/л (0,15 л/га) пропиконазол, 200 г/л + тебуконазола 200 г/л (0,25 л/га) фунгицидтердің әсері зерттелді.