2.5 Зерттеу материалдары мен оны жүргізу әдістемелері
Зиянды жәндіктердің зерттеудегі тәжірибелер мен мөлтектерді салудың негізгі қағидаларына – нақтылы аймақ пен аймақшаларға лайықты төмендегідей көрсеткіштерді таңдау, оларға жер бедері, танаптың ластану көрсеткіштері, әрбір ауыспалы егіс типінде жүргізілетін технологиялық шараларды алғы дақылын ескере отыра жүргізу (топырақ өңдеу, тыңайтқыштар мөлшері, себу әдістері мен мөлшері және суару режимдері және т.б.). Азиялық шегіртке түр құрамы мен санын анықтау жаздық бидай танаптарында олардың өсіп-дамуының негізгі сатыларында үнемі маршруттық тексерістер арқылы жүргізілді (фитосанитарлық мониторинг).