Химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау: Органикалық химия лабораториясындағы жұмыстардың көпшілігі улы, қопарғыш және күйдіргіш заттарды қолдану арқылы орындалатын болғандықтан, олармен жұмыс істеу өте қауіпті.
Лабораторияда студенттер немқұрайлы және салақтықтан жазатайым жағдайларға жиі ұшырайды. Кейде сақтық шаралардың барлығын қолдануға қарамастан, қолайсыздыққа тап болатын сәттер де кездеседі. Сондықтан лабораториялық жұмысқа тек қауіпсіздік техникасын толық меңгерген соң ғана кірісу керек. Ол үшін студенттердің әрқайсысы төменде көрсетілгендерді басшылыққа алуды ұсынамыз:
қауіпті жағдайда көмекке келетін адам (лаборант) болмаса, лабораторияда жұмыс істеуге болмайды;
лабораториядағы жазатайым жағдайлар көбінесе асығыстықтан, салақтықтан туады, сондықтан студенттер жұмыс кезінде тазалық сақтап, тәртіпті болып, қауіпсіздік ережесіне сай шаралардың барлығын да орындауға тиіс;
лабораторияда істеуге тиісті адамдардың барлығы өрттен сақтану құралын, аптечканың қайда тұрғанын және оны қалай пайдалану тәсілдерін біліп алуға міндетті;
химиялық лабораторияда тамақтануға, су ішуге, темекі тартуға болмайды;
лабораториядағы заттардың дәмін тартып, қолмен ұстап, иіскеп ажыратуға болмайды, егер заттың иісін білу қажет болса, онда затты танауға иісі бірден келмейтіндей қашықтықта ұстап, қолмен ауаны өзіне қарай желпу арқылы иіскеуге болады;
химиялық лабораториядағы банкалардың, шөлмектердің және т.б. реактивтер сақталатын ыдыстардың сыртында міндетті түрде заттың атын білдіретін этикетка болу қажет;
органикалық сұйық заттарды пипетка деп аталатын ұзын шыны түтік арқылы ауызбен соруға, қыздырған кезде ыдыстың аузын тіке өзіне немесе көршісіне қаратып ұстауға, сондай – ақ заттың үстінен қарауға болмайды;
тәжірибе аяқталған соң газды, суды жауып, спирт шамын өшіру қажет;
лабораторияда қорғаныш көзілдірік, противогаз, респиратор, құм салынған жәшік, өрт сөндіруге қолданылатын одеал, өрт сөндіргіш, медициналық аптечка (спиртте ерітілген танин, калий перманганаты, йод тұнбасы, мақта, бинт, пластырь, күйікке жағатын май) және т.б. заттар болуға тиіс.
ПОЛИМЕРЛЕР ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНЫ
Мұнай-химия өнеркәсібі немесе жай ғана мұнайхимия өңдеу индустриясының маңызды салаларының бірі болып табылады. Ол өндіретін өнімдерді біз іс жүзінде әр минут сайын қолданамыз. Бізді кез-келген уақытта қоршап тұрған кез-келген бес заттың төртеуі мұнай химиясының арқасында жасалған деп саналады. Бұл сала қазіргі заманғы адамның өміріне берік енген синтетикалық материалдарды шығарады. Пластикалық пакеттер, тұрмыстық техника, автомобиль шиналары, пластикалық терезелер, су өткізбейтін аяқ киім, аспалы үй төбелері, бір рет қолданылатын ыдыс - тізімді шексіз жалғастыруға болады.
Мұнай химиясының арқасында адам ұзақ уақыттан бері қолданып келе жатқан заттар танымастай өзгерді, жаңа салалар пайда болды, ал кейбіреулері жоғалып кетті. Егер резина болмаса, доңғалақ қандай болар еді? Егер синтетикалық талшықтар мен маталар болмаса, планетада мақта мен жануарлардың жүні жетер ме еді?
Көптеген спорт түрлері, мәселен футбол немесе үлкен теннис сияқтылар қазіргі күйге тек мұнай-химия өнімдерінің арқасында жетіп отыр. Егер «мұнай химиясы дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, бұл қазба көмірсутектерінен біздің айналамызда нақты әлемді құраған сала. Бізді қоршап тұрған нәрсе – деп айтуға болады.