Этилен, Этен, CH2=CH2 – органикалық қосылыс. Э. эфир иісті, түссіз газ, балқу t –169,5 °С, қайнау t –103,8 °С, суда нашар, эфирде жақсы ериді. Ауада жарқыраған жалын шығарып жанады да, көміртек қос тотығын және су түзеді: C2H4+3O2 → 2CO2+2H2O. Э. – реакцияласуға қабілетті, оның хим. қасиеттеріне молекуласындағы қос байланыс әсер етеді, сондықтан қосып алу, полимерлену реакциясына бейім. Э-ді лабораторияда этил спиртінен күкірт қышқылы қатысында дегидраттау арқылы, өнеркәсіпте мұнайды әр түрлі әдістермен өңдеу кезінде бөлініп шығаратын газдардан алады. Э-ді полимерлеу арқылы аса маңызды полимерлердің бірі – полиэтилен және хлор мен Э-ді әрекеттестіру арқылы катализатор қатысында хлорлы этил алынады. Этилен молекуласының құрылысын шарөзекті модельмен бейнелеуге болады. Этилен молекуласында әр көміртек атомы екі сутек атомдарымен дара байланыстармен байланысады және өзара қос байланыс арқылы жалғасады. Хлорлы этил еріткіш, тазартқыш ретінде және медицинада қолданылады. Э. көптеген маңызды өнімдер (этанол, этилен тотығы, т.б.) синтездеуде пайдалынылады.
Этилен алу.Химиялық белсенді болғандықтан қанықпаған көмірсутектер таза күйінде табиғатта өте сирек кездеседі. Этилен қатарының көмірсутектерін жоғары температурада сутек бөле отырып, алқандарды айыру арқылы алады. Сутек бөліне жүретін айырылу реакциялары дегидрлену реакциялары деп аталады.
Физикалық қасиеттері.Этилен-түссіз, иісі жоққа тән, ауадан аздап жеңілдеу, суда нашар еритін, жанғыщ газ.
Химиялық қасиеттері. Этиленнің құрамы метан сияқты көміртек пен сутектен тұратындықтан, оның жануы нәтижесінде де су мен көміртек(VI) оксиді түзіледі. 2.Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциялары тән. Құрамында қанықпаған қос байланыс болғандықтан этилен қосылу реакцияларына оңай түсіп, атомдарды және атом топтарын қосып алады. Реакция нәтижесінде этан немесе оның туындылары түзіледі және көмірсутек молекуласындағы қос байланыстың біреуі оңай түзіліп, дара байланысқалады. а)Өршіткі(никель,платина) қатысында этилен сутекті қосып алып этанға айналады.Сутек қосыла жүретін реакция гидрлену реакциясы деп аталады. ә)Этилен галогендерді қосып алады. Ол броммен әрекеттескенде бромның қызыл қоңыр түсі жойылып, түссіз диброметан түзіледі немесе бұл этиленнің сапалық реакциясы, бромның түссізденуі бойынша этиленнің бар-жоғын білуге болады. Этиленге хлор қосып, дихлорэтан алуға да болады. б)Этилен қос байланыс арқылы су молекуласын қосып алып, этил спиртін түзеді. Бұл реакцияның өнеркәсіптік маңызы зор. Қазақстанда Шымкент пен Атырау химия зауыттарында осы реакция бойынша этиленнен этил спирті алынады.
«GREEN TECHNOLOGY INDUSTRIES» ЖШС 2016 жылы 5 қыркүйекте құрылды.
Экономикалық қызметінің коды: ЭҚЖЖ 20600.
Химиялық талшықтар өндірісі: ПЭТ қалдықтарын өңдеу арқылы штапельді талшық.
Жылдық қуаты 50 000 тонна.
Зауыт Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында орналасқан, 1602 учаскесі. "Оңтүстік" индустриялық аймағы.
Қабылданатын қалдықтардың түрлері: ПЭТ қалдықтары (полиэтилентерефталаттан жасалған бөтелкелер).
Қабылдау пункттерінің мекен-жайлары: Алматы қ., Түркістан қ., Шымкент қ., Нұр-сұлтан қ,.Тараз қ., Шу қ., Қаскелең қ., Қызылорда қ.[10].
Жобаның атауы: полиэтилентерефталатты (ПЭТ бөтелке) қайта өңдеу және штапель талшығын өндіру зауыты.
Шетелдік қатысты: Hong Kong General Industry And Commerce Co Ltd (ҚХР)
Мен ХТ-20-13к тобының студенті Асқар Жулдызай 06.06.22ж-24.06.22ж аралығында «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасында оқу практикасынан өттім.
Оқу практикасы барысында кафедра тарихымен, кафедра құрамындағы зертханалармен таныстым.
Химиялық зертханаларда жұмыс жасағандағы техника қауіпсіздігі нұсқаулықтарымен таныстым. Сонымен қатар, қабырғалықтарды жөндеу, реактивтерді реттестіру, атауларын жаңарту, сөрелерге реттеп орналастыру, зертханаларды тазалау т.с.с жұмыстарды жүргіздім.
Кафедра зертханасында мұнай, мұнай өнімдері, полимерлер, шикізатына талдау жұмыстарын, атап айтқанда мұнайдан майлардың түрлерін алуды үйрендік.
Сонымен қатар «Жоғарғы молекулалы қсылыстар немесе полимерлер. Этилен» тақырыбында жеке тапсырма орындадым.
«GREEN TECHNOLOGY INDUSTRIES» ЖШС Түркістан облысының Ордабасы ауданында полиэтилентерефталатты (ПЭТ бөтелкелерді) қайта өңдеу және штапельді талшықтарды өндіру зауытына бардым.
Нәтижесінде оқу практикасы бойынша есеп әзірледім.