Өндірістік практиканың мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер қойылады


Заң консультанттары палатасының функционалдық міндетін, ұйым жұмысының нысаны мен әдістерін меңгеру



бет3/7
Дата08.07.2023
өлшемі44,33 Kb.
#179352
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Нурдаулет практика

Заң консультанттары палатасының функционалдық міндетін, ұйым жұмысының нысаны мен әдістерін меңгеру.

Заң консультанттар палатасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 78-бабына сәйкес заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым болып танылады.
Заң консультанттар палатасы коммерциялық емес, өйткені ол мүшелікке негізделген, негізгі мақсаты ретінде кіріс алмайтын және өз мүшелері (құрылтайшылары) арасында алынған таза табысты бөліспейтін және заң консультанттар қорғауақысының аударымдары есебінен ұсталынатын ұйым.
Заң консультанттар палатасының негізгі функциялары:

  • кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді;

  • палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;

  • уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын, заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді;

  • палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;

  • кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;

  • палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

  • заң консультанттары палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

  • мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;

  • заң консультанттары палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауын

  • заң консультанттарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

  • Адвокаттық кызмет және заң көмегі заңының, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарайды;

  • орта білімнен кейінгі, жоғары заң білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі; 

  • практиканы қорытады және заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;

  • заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;

  • заң консультанттары үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

  • қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпаратты бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан заң консультанттарының қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

  • Адвокаттық қызмет және заң көмегі Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, заң консультанттары палатасының жарғысында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Заң консультанттар палатасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, олар өтініш білдірген жағдайда білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда олардың өкілдері болуға құқылы. Палата мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізеді. Сонымен қатар, мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарынан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан Палатаның функцияларын орындауы үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы болып табылады.
Заң консультанттар палатасы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сот арқылы дау айтуға жататын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотта шағым жасай алады.
Дауларды сотта және сотқа дейінгі шешуге, оның ішінде төрелiкке қатысуға және де өз жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
Палата мүшелерін кәсіптік оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастырады, олардың заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының талаптарын, палатаға мүше болу шарттарын сақтауы бөлігінде бақылайды, сонымен қатар палатаның қағидалары мен стандарттарын бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет