КІРІСПЕ
Мен, Жаппаров Нұрдәулет, өндірістік практикамды 5-ші маусымнан 16-шы маусым аралығында Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттар палатасында өткізген болатынмын.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «жоғары оқу орындарындағы оқудың кәсіпорындардағы міндетті өндірістік практиканы заңнамалық тұрғыда бекіту», «Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға практикалық машықтарға үйрету бойынша және практикалық біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту» қажет деп атап көрсеткен болатын. Осыдан-ақ, Елбасының білім беру мен өндірістік практикадан өту мәселесіне айрықша назар аударғаны аңғарылады.
Студенттің өндірістік практикасы – жоғары білім беру барысындағы оқу процесінің маңызды нысанының бірі. Өндірістік практикадан өту кезінде студент теория түрінде алған білімін іс жүзіне асырып, құқықтық қызметтің практикасын қалыптастыра бастайды. Жалпы, студенттің өндірістік практикадан өтудегі негізгі мақсаты – дәріс тыңдау барысында алған, меңгерген теориялық материалдарын, басқа да ақпаратты бекітіп, өз бетінше жұмыс істей білу практикасын жинақтауды көздеуі.
Өндірістік практиканың мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер қойылады:
мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жүйесі мен құқық қорғау органдарының қарым-қатынастарымен, міндеттері мен құзыреттілігімен, лауазымды адамдардың мәртебесімен және өкілеттілігімен танысу;
оқу орнында алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, олардың практикалық маңызын түсіну және оны заң қолданудың салаларында пайдалану;
практикалық іс-әрекеттің дағдыларын үйрену мен озық практиканы меңгеру және таңдаған кәсібінің ерекшеліктерін түсіну;
практикадан өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау, кәсіби этикеттің нормаларын меңгеру;
практика жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, практика бағдарламасын толық және сапалы орындау;
құжаттарды дұрыс дайындап, іс жүргізуге үйрену.
Студенттер алдын-ала практикадан өтетін орынды өздерінің талаптарына және болашақ жұмысқа орналасуына қарай таңдайды. Өндірістік практикадан өту барысында студенттер оқу кезінде алған жаңа білімдерін пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің заңдық іс-әрекеттерін талдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |