Сабақтың тақырыбы: Ұзақ мерзімді тараудың тақырыбы: Қазақ әдебиеті Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі



Дата21.01.2022
өлшемі63,27 Kb.
#112915
түріСабақ
Байланысты:
Уалитова Шаттык


Қысқа мерзімді жоспар


Пәні:

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Ұзақ мерзімді тараудың тақырыбы:

Қазақ әдебиеті
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Отбасы құндылықтары



Мектеп №35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп-гимназия





Мұғалімнің аты-жөні: Уалитова Шаттық Ғалымжанқызы

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:










Осы сабақ арқылы жүзеге асатын (оқу бағдарламасына сілтеме) оқу мақсаттары

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.

Сабақтың мақсаты:

Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімесіндегі екі нәрсені салыстыра суреттеп және қарама-қарсы суреттей алады.

Бағалау

Критерийлері

  • Шығармадағы салыстыра суреттеулерді табады, қарама-қарсы суреттеулерді талдайды.




Ойлау дағдысының деңгейі

Жоғары деңгей дағдысы

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

ұршық, кимешек, камзол, шылауыш, мәсі, мақаммен, кейуана



Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Нағыз әже қандай болады?

Неліктен «Нағыз әже» деп ойлайсың?

Себебі....

Өйткені....


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Құрмет, ынтымақтастық» құндылығы негізінде білім алушыларды өзара сыйластыққа, сенімділікке, қарым-қатынасты қалыптастыруға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

«Адам және әлем» тарауындағы отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мүшелерін құрметтеу негізінде өзін-өзі тану пәнімен байланысады.

Алдыңғы оқу

Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Сабақ барысы:

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  1. Ұйымдастыру жұмысы.

Өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтар қойылып, оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Сұрақтар:

1. Азаттың әжесі қандай еді?

2. Әкесі қыздарына нағыз әжені көрсетуді неліктен армандады?

3. Қыздардың ойындағы нағыз әже бейнесі қандай?

4. Қыдырып келген әже қандай еді?

5. Неліктен елден келген шешей нағыз әже емес деп ойлайсың?



«Миға шабуыл» әдісі
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.






Сабақтың ортасы

30 минут

«Еске түсір!»

Салыстыра суреттеу дегеніміз- ұқсату арқылы адамның ішкі және сыртқы әрекеттерін байланыстыруға мүмкіндік беретіндіктен, заттар мен құбылыстарды салыстыра суреттеу.

Қарама-қарсы суреттеу дегеніміз- антонимдес суреттеулер.
ТЖ. 1-тапсырма. «Салыстыру кестесі»

Әңгімедегі балалардың қиялындағы әже мен қонақта көрген әже бейнесін салыстыра отырып талдау үшін берілген кестені толтырыңыз.




Салыстыру аймағы

Сырт келбеті, киім кию мәнері

Мінезі

Іс-әрекеті

Балалардың қиялындағы әже










Қонақта көрген әже












Дескриптор:

  • салыстыра суреттеулерді табады;

  • әжелер бейнесін салыстырады;

  • суретттеулерге талдау жасайды, өз ойын ұсынады;


ҚБ. «Жапондық бағалау» әдісі


ЖЖ. 2-тапсырма.

«Т кестесі» арқылы әңгімедегі ауыл тірлігі мен қала тірлігінің қарама-қарсы тұстарын, өзіндік ерекшеліктерін суреттеңіз.



Ауыл тірлігі Қала тірлігі





Дескриптор:


ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Мадақ айтамыз, себебі ...

Ұсыныс береміз, өйткені ...
Жеке жұмыс. 3- тапсырма. «Венн диаграммасы» стратегиясы.

Қабысып жатқан үш дөңгелекке әуелі Райхан мен Аяның жеке қасиеттерін жазыңыздар, ортасына екеуіне ортақ қасиеттерін жазыңыздар.


Райхан ортақ Айя



Дескриптор:

  • әңгімедегі қарама-қарсы суреттеулерді таба алады;

  • Райхан мен Айяның өзіндік ерекшеліктерін суреттей біледі;

  • өз ойларын анық жеткізеді;

ҚБ. «Басбармақ» әдісі арқылы.





Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушыларға бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында берілген сөйлемдерді аяқтай отырып, сабақтан алған әсерін жазады.



  • Бүгін мен.................білдім.

  • Маған.......................қызықты болды.

  • Маған.......................қиын болды.

  • Мен...........................тапсырманы мен орындадым.

  • Мен енді...................білемін.

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі




Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)



Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?






Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?












Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет