Сабақтың тақырыбы: Сөз. Сөйлем. Сөйлеу. Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі50,76 Kb.
#24596
түріСабақ
13-14 сабақ Қазақ тілі

Тобы

304
















Уақыты



















Тексерілді




















Сабақтың тақырыбы: Сөз. Сөйлем. Сөйлеу.

Сабақтың мақсаты:

1.Студенттердің синтаксис тарауы бойынша алған білімін жүйелеу, бекіту. Лексикология бөлімінің теориялық материалдарын қайталау.

2.Сөз мағынасының түрлерін дұрыс ажырату, сөйлемге лингвистикалық талдау жасау, өз бетімен іздену, ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесін беру, көпшілік алдында өзін өзі ұстау және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: алған білімді жүйелеу, бекіту.

Формасы: жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, талдау, жинақтау.

Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, қима қағаздар т.б.

Сабақтың жоспары


1.Ұйымдастыру

2 мин




2.Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру

3 мин




3. Үй тапсырмасын сұрау

20 мин

5 б

4. Үй тапсырмасын бекіту

10 мин

1 б

Сергіту сәті

5 мин




5. Сөзжұмбақ шешу

5 мин

2 б

6. Мен саған, сен маған

5 мин

2 б

7. Практикалық жұмыстар

15 мин

5 б

8. Сабақты қорытындылау

5 мин




9. Үй тапсырмасын беру

3 мин




10. Бағалау

2 мин




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

1.Ұйымдастыру бөлімі

Студенттердің сабаққа қатысымын тексеру, келмеген студенттерді журналға белгілеу

Кезекші студент жауап береді




2.Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру

Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіремін.

Тыңдайды.




3. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы сұралады

Рет-ретімен айтады, қазақ тілін кәсіби мамандыққа сәйкес оқыту

Ақыл-ойы дамиды

4. Үй тапсырмасын бекіту

Үй тапсырмасын бекіту ретінде сұрақтар қоямын.

Қойылған сұрақтарға жауап береді

Шапшаңдыққа, жылдамдылыққа үйренеді.

Сергіту сәті










5. Сөзжұмбақ шешу

Оқытушы топты екіге бөліп, сабақтың мақсаты мен шарттарын хабарлап, өзіне көмекшілер сайлап алғаннан кейін оқушыларды бірден іскерлік –шығармашылық ортаға енгізу мақсатында мынадай сөзжұмбақ ұсынамын.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

1.Сөйлем мүшесі; 2.дейін, шейін қай сөз табы?; 3. Грамматиканың сөйлем мүшелерін қарастыратын тарауы; 4. Тыныс белгісі; 5. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні; 6. Сөз мағынасы туралы ғылым; 7. Қысқарған сөздердің ғылыми атауы; 8. Тұйық етістіктің жұрнағы.

Сөзжұмбақ шешілгенде тік бағанадан ҚАЙТАЛАУ деген сөз шығады. Бұл өтілетін сабақтың түрі.



Сөзжұмбақты шешеді

Ойлау қабілеттері артады

6. Сен-маған, мен-саған

Ойынның орындалу барысын түсіндіремін.

Сұрақтар қояды бір -біріне

Логикалық ойлау қабілеттері дамиды.

7. Практикалық жұмыс

1-тапсырма. Берілген сөздердің мағыналық түрлерін анықтау.

Арық, мақта;

2-тапсырма. Берілген сөздермен тұрақты сөз тіркестерін құрау.

3-тапсырма. Сөйлем. Қима қағаздардағы берілген сөздерді дұрыс құрастырғанда, ежелгі дүние ойшылының қыздар туралы қанатты сөзі шығады. Құрастырылған сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.



Біз қыздарымызды тәрбиелеу арқылы ұлтымызды тәрбиелейміз.(Платон)

Омоним-синонимдерді табады
Тұрақты сөз тіркестерін құрайды
Сөздерді орнына қойып, сөйлем құрайды.

Сөздік қоры молаяды

8.Сабақты қорытындылау

Сабақты қорытындылаймын.







9. Үйге тапсырма беру

Сөйлемнің құрылымы мен айтылу мақсатына қарай тест сұрақтарын құру.

Үй тапсырмасының орындалу тәртібімен танысады.

Еңбектенеді, ізденеді.

10.Бағалау

Топтардың және жеке оқушылардың барлық кезең бойынша жинақтаған ұпай сандары есептелініп, бағалары шығарылады.

Бағаланады

Өз еңбектерінің бағаланғанын біледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет