ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Мен Бақыт Темірлан, өндірістік тәжірибемді “ҚазФосфат” ЖШС зауытында өттім. Практика 2024 жылдың 26 сәуірінен 20 мамырына дейін болды. Бұл тәжірибе кезінде мен мекеменің IT бөлімінде жұмыс жасап, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы білімімді жетілдіруді және нақты жұмыс ортасында тәжірибе жинақтауды мақсат еттім.
Өндірістік технологиялық практиканың басты мақсаты – студенттің алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуін қамтамасыз ету және кәсіби тәжірибе жинақтау. Практика барысында студент мекеменің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, IT бөлімінің құрылымы мен қызметін, қолданылатын технологиялар мен құралдарды, сонымен бірге кәсіпорынның ішкі және сыртқы жүйелері арасындағы ақпарат алмасуды зерттейді. Студентке нақты жобалармен жұмыс істеу арқылы олардың кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік беріледі.
Ⅰ. ЖАЛПЫ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ
«Қазфосфат» ЖШС Компаниясы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 1999 жылы 27 қазанда құрылды. Бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Ал негізгі өндірістік қуаттары Жамбыл облысында шоғырланғандықтан Компанияның іс-қаракеттері оның Тараз қаласындағы офисі арқылы басқарылады. ЖШС - фосфаттар шығарудан бастап, олардан өндірілетін түпкі өнімді өз меншігіндегі Теміржол-көлік кешені күшімен жеткізуге дейінгі бүкіл жұмысты бір өзі атқаратын Қазақстан жеріндегі бірегей компания.
«Қазфосфат» АҚ-ның негізгі қызметі — Жамбыл облысында орналасқан кен орындарында фосфор кенін өндіру және қайта өңдеу, шикізатты байыту және қайта өңдеу, минералды тыңайтқыштар, сары фосфор және құрамында фосфор бар өнімдер өндіру. Өнім негізінен экспортқа және ішінара ҚР ішкі нарығына сатылады.
Қазфосфат ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындар:
Жаңа Жамбыл фосфор зауыты;
Минералды тыңайтқыштар зауыты;
Қаратау тау-кен өңдеу кешені;
Шолақтау тау-кен өңдеу кешені;
Теміржол-көлік кешені;
Степногор Химиялық зауыты;
Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты
Қысқаша сипаттама
Саласы: химиялық өнеркәсіп
Бас директор: Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы
Қызметкерлер саны: 6000-нан аса адам
Мекеменің электрондық поштасы: office@ndpp.kz
Тел. нөмірі/факс: 8(7262)900 058
Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы
Ⅱ. АРНАЙЫ БӨЛІМ. ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |