ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
С. СӘДУАҚАСОВ атындағы АГРАРЛЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
«Өсімдік шаруашылығы және топырақтану» кафедрасы
5В080100 – «Агрономия» мамандығы
Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
Орындаған: 5В080100 – «Агрономия»
Мамандығының 4-курс
АгК-62 тобының студенті
Капашев.Е.Д
Өндірістік
практика
жетекшісі: Сыздыкова.Г.Т
Көкшетау, 2019 ж.
Мазмұны
|
Кіріспе
|
|
|
|
1.1
|
|
|
1.2 Тақырыптың өзектілігі.
|
|
1.3
|
Ауылшаруашылық дақылының халықтық-шаруашылық мәні
|
|
1.4
|
Ауылшаруашылық дақылының морфо-биологиялық сипаттамасы
|
|
1.5
|
Ауылшаруашылық дақылының өсіру технологиясы.
|
|
2.1
|
ПРАКТИКА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕРДІҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ.
|
|
2.2
|
Топырақ климаттық жағдайлары
|
|
2.3
|
Климат
Топырағы
|
|
2.4
|
Метеорологиялық жағдайлары
|
|
2.5
|
Майлы зығырға қолданған препараттар
|
|
|
|
|
Қосымшалар
|
|
Қорытынды
|
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
|
|
ЖШС «Викторовское» 1998 жылы құрылды. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Мира көшесі, 132 үй. Жетекшісі – Андрюхин Владимир Яковлевич.
Шаруашылықтың негізгі қызметі – астық және дәнді-астық дақылдарын өсіру,тұқымтануды қоса.
Облыстық центрге дейін арақашықтық 70км (Көкшетау), аудандық центрге дейін 20 км (Зеренді). Шаруашылықтағы жер жоғары құнарлық потенциалы бар. Топырақтағы гумус мөлшері – 3,5-6%. Ең маңыздысы астық дақылдардағы ақуыз мөлшері.
Бидайдың жұмсақ сорттарындағы клейковина көрсеткіші – 8,6-24,4%, крахмалдың мөлшері – 65% және жоғары. Бидайдың басқа да басты көрсеткіштері – ылғалдылық, тазалығы, дән натурасы, жылтырлық.
Соңғы 3 жылдың өнімділігі – 15-17ц/га. Клейковина – 21-24%, сорт – жұмсақ бидай сорты.
Шаруашылықтағы жұмыскерлер саны – 220.
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Майлы өсімдіктерге зығыр, күнбағыс, қыша, рапс, майкене, мақсары жəне басқа да дақылдар жатады. Бұл дақылдар дəнінің құрамында 30-52 пайыз май болады. Осы қасиеттеріне қарай майлы өсімдіктер халық шаруашылығында жанжақты пайдаланылады. Өсімдік майы сіңімді тағам. Сондықтан олар маргарин, консерв, кондитер, нан пісіру өнеркəсібінде кеңінен қолданылады. өсімдік майлары тоқыма өнеркəсібінде (су өткізбейтін маталар, сиса жасау), клеенка өндірісінде, медицина саласында қолданылады.
Олар жеңіл өнеркəсіп өндірісінде, яғни сабын, зəйтүн, линеолеум өндіру үшін шикізат қоры болып табылады. Май бұршақтың күнжарасы мен майкене қоспалары желім, пластмасса жəне басқа заттар алу қолданылады. Кейбір майлы өсімдіктердің (күнбағыс, зығыр жəне тағы басқалары) күнжаралары мал үшін концентратты бағалы жем. Көптеген майлы дақылдар балды өсімдіктер. Өсімдік майы əртүрлі май қышқылдар қосылысынан құралған күрделі үш атомды спирт глицеринді эфирлер. Ақуыз жəне көмірсу қосылыстарымен салыстырғанда өсімдік майы аз қышқылданатын жоғарғы кернеулі қосылыс, өйткені 1 г. өсімдік майында 9500 калория болса, ал 1 г.
Ақуыз бен калий сутегінде осыған сəйкес 4400-4500 жəне 1000-1200 калория бар. Əртүрлі майлы дақылдардың дəніндегі майдың мөлшері мен оның сапасы топырақ, климат, қолданылатын агротехника, əр өсімдіктің сорттары мен түріне байланысты болады. Мысалы , күнбағыс дəніндегі майдың мөлшері 29,0 пайыздан 56,9 дейін ауытқыса, мақсарының дəніндегі мөлшері осыған сəйкес 25,0-37,0 пайыз аралығында болады. Иодтық санының мөлшеріне қарап Л.С.Иванов барлық майлы дақылдарды үш топқа бөлді: Бірінші топқа техникалық мақсатта қолданылатын,тез кебетін Тамаққа пайдаланылатын, бая кебетін, иодтық саны 85-тен 130-ға дейінгі күнбағыс,май бұршақ, қыша, рапс, мақсары жəне басқа дақылдардан алынатын майлар екінші топқа кіреді; Үшінші топқа тамақ жəне техникалық мақсат үшін пайдаланылатын, кеппейтін, йодтық саны 85-тен кем майкене жəне басқа өсімдіктерден алынатын майлар жатқызылады. Өсімдік майларының түрі, дəмі, консистенциясы жəне басқа белгілері жағынан да бір-бірінен айырмашылығы бар. Қазақстандағы 2006 жылғы майлы дақылдардың егіс көлемі 670,0 мың, оның ішінде суармалы жерлерде 37,0 гектар болып, олардың əр гектарынан орташа есеппен 7,0 центнерден жиналып, жалпы өнім 229,76 мың тонна болды.
Өсімдік майларының жануарлар майларымен қатар азық- түліктік маңызы бар, өйткені олар жоғары калориялы болып та- былады. Оларды тағамға, консерві, наубайхана өнеркәсібінде, маргарин өндіруде, кеңінен қолданады. Азық-түліктік майлар- дың ішінде ондірісі бойынша бірінші орынды майбұршақ майы иеленеді, содан кейін күнбагыс, жер жаңғағы, мақта, рапс, күн- жіт, мақсары майлары орналасады. Олар сыр, сабын, тері, тігін, парфюмерия, медицина ж.б. өндірістерде кеңінен пайдаланы- лады. Олиф, стеарин, линолеум дайьгадауда да қолданылады. Техникалық майлардың ішінде бірінші орында зығыр майы, одан кейін зэйтүн майы, майкене майы орналасады. Аталған дақылдар өсімдік белогінің маңызды көзі болып табылады. Майлы дақылдардан май өндіргеннен кейінгі қалдығында - күнжа- ра мен шротта (майсызданған күнжара) 40 %-ға дейін белок болады. Күнбағыс, зығыр күнжарасы бағалы қүнарландырылған мал азығы. Май бұршақ күнжарасынан казеин, желім, пластмасса өндіреді, сонымен коса оны мал азыгына да пайдаланады. Осы заманғы үлгіқалып (стандарт) талаптарына сэйкес адам бір жылда 8,47 кг. өсімдік майын (май түрінде - 6,53 л, маргарин - 1,75 кг, майонез түрінде — 0,73 кг. ж.б. өнімдер) пайдалану- ға тиіс. 2002 жылы республикамызда 104630 т. күнбағыс майы өндірілді, бұл қажет мөлшерінің 21,6 %, басқаша айтқанда 484,6 мың т майдың жетіспеген көлемі импорт есебінен толтырыл- ды. Соңғы жылдары елімізде өсімдік шаруашылыгында диверсификация үдерісін кеңінен қолдану нәтижесінде және нарық экономикасының талаптарына сэйкес майлы дақылдар өндірісі күрт артты.
Мақсаттары мен міндеттері:
1.Шедоу гербицидінің вегетациялық кезеңге әсері.
2.Шедоу гербицидінің әртүрлі мөлшеріндегі құрылымдық эдементтері мен өнімділігі.
Әдебиетке шолу
Ауылшаруашылық дақылының халықтық-шаруашылық мәні
Майлы зығыр — бағалы майлы дақыл, оның тұкымынан сапалы кебетін май өндіріледі (35-42 %) жэне оны техникалық, тағамдық мақсаттарға пайдаланады. Техникалық маңызы - сыр, олиф, лак, линолеум өндірісінде қолданылуында. Майлы зығырдың түқымы мен майы фармацевтикада да қолданыс тапқан. Май өндірісінің қалдықтары (күнжарасы мен шроты) - бағалы құнарландырылган мал азығы, олардың құрамында 30 %-ға таяу белок болады. 1 кг. күнжарасы 1,15 а.ө. тең. Зығыр өндірісінің қалдыгы — кострадан — жиьаз плиталарын, изоляциялық жіптер, шпагат, қағаз ж.б. дайындау шикізаты болып табылады. Зығыр — азиялық жэне жерортатеңіздік текті біржылдық өсімдік, ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл. Дүниежүзілік егістікте майлы зығыр (кудряш) 1,0 млн. га. астам өсіріледі. Үлкен алқаптары Аргентина, АҚШ, Канада, Үнді елдерінде шогырланган. ТМД елдерінде оның егіс аумагы жыл сайын жер шарындагы егістіктің 10 %-на таяу (90 мың га). Құрғақшылыққа төзімділігі мен ерте пісетіндігіне байланысты майлы зығыр негізінен Орал, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның орманды-дала жэне далалық аудандарында өсірі л еді. Солтүстік Қазақстанда 1986-90 жж. Жалпы егістігі 28-29 мың га, оның ішінде барынша үлкен алқаптары (16-17 мың га) Қостанай облысының үлесінде болды. Тұкым өнімі жоғары емес - 1,2-3,1 ц/га аралыгында.
Зығыр майының құрамы.Зығыр майы басқа да май түрлері секілді триглицеридтен тұрады. Триглицеридтерді құрайтын майлы қышқылдардың қасында альфа-линол қышқылының көп мөлшерінен тұратын зығыр майы өте ерекше болып келеді. Зығыр майындағы майлы қышқылдардың құрамы келесідей: үш еселенген қанықпаған альфа-линол қышқылдары (51,9%-55,2%); қаныққан қышқылдар: пальмитин қышқылы (7 % жуық) және стеарин қышқылы (3,4%-4,6%); моноқанықпаған олеин қышқылы (18,5%-22,6%); екі еселенген қанықпаған линол қышқылы (14,2%-17,0%).Зығыр майы әсіресе оттегінің әсерін полимерлеу реакциясында аса қабілетті. Полимерлеу процесінің жылу шығаратыны соншалық, белгілі бір кезеңде тіпті өрт туындатуы да мүмкін.
Косметологияда зығыр майы бұрыннан қолданылып келеді. Шаш бальзамы, тері мен тырнақ үшін жарамды компонент ретінде зығыр майы өзінің пайдалы екенін бұрында-ақ дәлелдеп қойған. Таптырмайтын май қышқылдары (ТМҚ) жазылудың ең басты компонеттерінің бірі болып табылады. Дұрыс қызмет атқару үшін ағза оны қажет ететіндіктен, ТМҚ-ның бағасы да арзан емес.
Зығыр майы қабынуға қарсы қасиетке ие. Сонымен қатар, ол адамды тыныштандыра алады. Күнге күйгеннен кейін зығыр майын жақсаңыз тері жылдам жазылады
Ауылшаруашылық дақылының морфо-биологиялық сипаттамасы
Көптеген түрлерінің ішінде барынша өндірістік маңызы бар зығыр түрі - мәдени, немесе кәдімгі зығыр.Майлы зығыр - біржылдық аласа өсетін (40-50 см) өсімдік.
Сабағы тік өседі, бұтақты және түксіз. Жапырақтары қарапайым, ланцетті, ұштары үшкірленген, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры - борпас шатыр тәрізді шоқгүл. Гүлдері қосжынысты, бестік түрде, күлтеше жапырактары ақ және күлгін гүсті, жемісі — бес ұялы домалақ келген қорапша. Тұқымдары - сопақ, жылтыр, тегіс бетті, қоңыр түсті, 1000 санының массасы 4-6г.
Майлы зығырдың басты ерекшеліктерінің бірі - оның жартылай қуаңшылықгы далалық және не орманды-дала аудандарының жағдайларына бейімділігі. Ол жылуға жоғары талап қояды, әсіресе пісу кезеңінде, тұкымдары 3-4°С-да өне бастайды, көктеуіне оңтайлы температура 12-14°С. Зығырдың егін көгі — 3-4°С бозқырауды жеңіл көтереді. Орташа мерзімде пісетін сорттары үшін белсенді температура жиынтығы 1600-1800°С. Майлы зығыр көктеуден гүлденуге дейінгі кезенде қуаншылыққа барынша төзімді. Бұл уақытта тамыр жүйесінің өсуі мен топыраққа тереңдей бойлауы жүреді.
Майлы зығыр ылғалға орташа талап қояды, транспирациялык коэффициенте 370-430. Ылғалға барынша жоғары талабы гүлдену-тұкымның толысу кезеңінде байқалады. Бұл кезеңдегі ылғал жетімсіздігі өнімді күрт төмендетеді. Майлы зығырға ен жақсысы механикалық құрамы орташа қара жэне күңгірт-қоңыр топырақтар. Сортаң кешенді топырактар оған жарамсыз. Майлы зығыр өздігінен тозаңданатын осімдік, алайда томенгі температура мен ауаның томен салыстырмалы ылғалдылығында гүлдердін бір бөлігі айқас тозаңдануы мүмкін. Зығыр таңғы сағаттарда гүлдейді, жекелеген гүлдер 3-5 сағат бойы гүлдейді, алайда танаптың гүлдеуі 30-40 тэулікке дейін созылады. Майлы зығырда мынадай фенологиялық кезеңдер ажыратылады: көктеу — 6-7 тәулік (тұқым жарнақтары жапырақтарының пайда болу кезеңі), косқүлақ — 28-29 тәулік себуден бастап
Ауылшаруашылық дақылының өсіру технологиясы.
Майлы зығыр алғы дақылға талапты және міндетті түрде жеміс алмастыруды қажетсінеді. Аймақ жағдайында ол үшін сүріден кейінгі жаздық бидай, жүгері, дәнді бұршақ дақылдары, бұршақ-астық түқымдастар қоспасы, көпжылдық шөптер қыртысы жақсы алғы дақыл болып табылады. Бүл Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір ғалымдарының зерттеулерімен дәлелденген. Топырақ өңдеу жүйесі дәнді дақылдарға ұқсас. Ол топырақты алғы дақылды жинағаннан кейінгі негізгі өңдеуді (сүдігер дайындау), қысқы екі рет қар тоқтату шараларын қарастырады. Көктемде-топырақтың беткі қабатын қопсыту (ылғал жабу) жэне себу алдындағы топырақты тұқым сіңіру тереңдігіне (4- 6) см өңдеу жүргізіледі. Қажет болған жағдайда (топырақтың тығыздалып қалуы, арамшөптермен ластануы жоғары болуы) себу алдындағы өңдеу қайталануы мүмкін, әсіресе жеңіл топырақтарда қосымша себу алдындағы тығыздау. Бұл шаралар егіннің жаппай көктеуін қамтамасыз етеді.
Аймақта сүдігер дайындағанда немесе себумен қатар фосфор тыңайтқышын (Р30) енгізу жақсы нәтиже береді. Себу алдында тұқым құрғақ ауада қыздырылады жэне дэріленеді (ТМТД, 80 %, 2-3 кг/т). Майлы зығырды топырақта тұқымның сіңіру қабатында температура 12-14°С-ға жеткенде - күнтізбелі 15-20 және 15-20 мамыр сепкен дұрыс. Себу тәсілі - жаппай катардағы немесе таспалы, себу мөлшері - 6-7 млн/га өнгіш тұқым (45-50 кг/га). Қазақстанның өте қуаңшылықты жағдаиларында кеиде кең қатарлы тәсілмен эр гектарға 20-30 кг тұқым себуге болады. Екі бағытта пайдаланатын аралық зыгырды (май жэне талшық өндіруде) өсіргенде тұқымның себу мөлшерін 10-15 кг/га арттыру ұсынылады. Тұқьшның сіңіру тереңдігі 4-6 см. Қажеттігіне байланысты майлы зығыр егістігінде арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолдануға болады: қосжарнақты арамшөптерге қарсы дақылдың «қосқұлақ» кезеңінде 2М-4Х гербицидімен (1,0-1,2 кг/га ә.е.з.) бүркеді; біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы себуге дейін немесе майлы зығыр көктегенге дейін 1,0-1,2 кг/га ә.е.з. мөлшерінде топыраққа триаллат гербицидін енгізеді.
Егінді жинау.Егінді бөлектеп жинайды, қораптардың 75% қоңырлағанда (толық пісуі 10-12 күн қалғанда) дестеге шабады, тұқым ылғалдылығы 11-13% жеткенде детелер бастырылады.
Топырақ-климат жағдайлары
Ақмола облысы климатының ерекшелігі күзгі суықтың ерте түсуі. Егін орудан қалған қалдықтардан егістікті тазарту кезеңінен кейін тұрақты температураға ауысу 0°С арқылы 40-45 күн ішінде қолайлы температура 400-450°С ауысады. Топырақтың беткі қабаты ғана ылғалданумен, орташа көп жылғы ылғал 30-40 мм жоғарыламайды. 0°С температураға ауысу 20-25 қазан аралығында өтеді. Бірінші үсік түсетін түндер тамыз айының соңғы бескүндігінде немесе қыркүйек айының басында болуы мүмкін. Сондықтан үсіктен кейінгі кезең +5°С-дан жоғары температура қосындысы 450-500°С аралығына жетеді, ол арамшөптердің өсуіне әсерін тигізе алмайды. Тұрақты қар қабаты қараша айының бірінші жартысында жатады, ал сәуірдің бірінші жартысында ериді. Сондықтан, қараша және наурыз айлары қыс айларына жатады. сәуір айында жылы температура тез тұрақталады. Жердің жыртылатын қабаттары сәуірдің екінші жартысында жыртуға даяр болады.
Климаты шұғыл континентальды, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы 16-18°С, шілдеде 19-21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130-140 күн, солтүстігінде 150-155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20-22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Қолайлы температура жиынтығы 17000С құрайды. Аса жоғары ауытқу жылдар бойынша қыратты және орманды дала ауыл шаруашылық аймақтарда байқалады.
Ең қолайлы ай шілде айы, ауылшаруашылық аймақтың жазығы бойынша температура 18,5...19,50С жетеді. Аязсыз кезең 100-120 күнді құрайды. Жеке атайтын жылдарда бұндай айырмашылықтар көктемнің кеш түскен аяздары мен ерте күзде түскен суық температура есесін толтырады. +100С-дан жоғары белсенді температура күндер қосындысы 1900-20000С құрайды. Мұндай жылу саны тұқым және азықтық бұршақ дәнді дақылдардың пісуіне жеткілікті. Солтүстік Қазақстанда көктемде жоғары температураның белсенді өсуі бақыланады, өз бірқалыпсыздығымен ерекшеленетін климаты, тез ысып тез сууы мүмкін.
Зерттеу жүргізілген жылдың метеорологиялық жағдайлары
Зерттеу жылдардағы вегетация мерзіміндегі метеорологиялық жағдайлар орташа көпжылдық берілгендермен салыстырғанда:
2018 жыл. Жаз айларының басы суықтау болды. Мамыр айының орташа температурасы +9,50С құраса, маусым айында температура +17,10С дейін көтерілді. Шілде айында температура сол деңгейде жоғарылауын жалғастырып, орташа температурасы +20,30С дейін жетті. Тамыз айының температурасы есеппен +16,60С құрады.
2019 жыл. Мамыр айында орташа температура +11,80С, маусым айында температура +17,80С көтерілді.Шілде айында температура қалыпты деңгейде жоғарылап, орташа температура +18,40С дейін жетті. Тамыз айында +16,40С орташа температурасын құрады. Қыркүйек айында +15,50С орташа температурасы болды.
Көрсеткіштер
|
Мамыр
|
Маусым
|
Шілде
|
Тамыз
|
Қыркүйек
|
Жауын-шашын,мм
|
44
|
41
|
30
|
53
|
38
|
Ауаның орташа температурасы, 0С
|
11,8
|
17,6
|
18,4
|
16,4
|
15,5
|
1-кесте. 2019 жылдың агроклиматтық жағдайы.
Мамыр ГТК=(44:11.8)*0.1=0.4
Маусым ГТК=(41:17.6)*0.1=0.2
Шілде ГТК=(30:18.4)*0.1=0.1
Тамыз ГТК=(53:16.4)*0.1=0.3
Қыркүйек ГТК=(38:15.5)*0.1=0.9
Мамыр айында гидротермиялық гөрсеткіш 0.4 болды, ол құрғақшылға жатады.Маусым айында құрғақ болып келді -0.2.Шілде айында жауын-шашын мөлшері аз болды - 0.1, Тамыз Жане Қыркүйек айларында 0.3 пен 0.9 көрсеткішті көрсетті, тамыздың соңына қыркүйектің басына қарай жауын-шашын мөлшері ұлғайды.
Шедоу гербицидінсипаттау
Действующее вещество и его состав
|
Концентрация
|
Клетодим
|
120 г/л
|
Норма расхода препарата (г,кг,л/га,м2,т)
|
Культура, обрабатываемый объект
|
Объект, против которого обрабавтывается
|
Способ, время обработок, ограничения
|
Срок последней обработки
|
Макс. кратность обработок
|
0,4-0,8
|
Подсолнечник
сахарная свекла
Свекла кормовая
Свекла столовая
Лен-долгунец
Рапс
Соя
|
Однолетние злаковые сорняки
|
Опрыскивание при высоте сорняков 3-5 см, независимо от фазы развития культуры
|
-
|
1
|
1,4-1,8
|
Подсолнечник
сахарная свекла
Свекла кормовая
Свекла столовая
Лен-долгунец
Рапс
Соя
|
Многолетние злаковые сорняки
|
Опрыскивание посевов при высоте сорняков 15-20 см (независимо от фазы развития культуры)
|
-
|
1
|
0,4-0,8
|
Морковь
|
Однолетние злаковые сорняки
|
Опрыскивание при высоте сорняков 3-5 см, независимо от фазы развития культуры
|
25
|
1
|
1,4-1,8
|
Морковь
|
Многолетние злаковые сорняки
|
Опрыскивание посевов при высоте сорняков 15-20 см (независимо от фазы развития культуры)
|
25
|
1
|
0,4-0,8
|
горох
Лук
|
Однолетние злаковые сорняки
|
Опрыскивание посевов при высоте сорняков 3-5 см (независимо от фазы развития культуры)
|
-
|
1
|
1,2-1,6
|
горох
Лук
|
Многолетние злаковые сорняки
|
Опрыскивание посевов при высоте сорняков 15-20 см (независимо от фазы развития культуры)
|
|
|
Зерттеу бағдарламасы және зерттеу әдістемелері
Тәжірибе III қайталымда өткізілді. Бір мөлдектің ұзындығы 2м, ені 2м. Мөлдектің жалпы ауданы 4м2. Мөлдек ара қашықтығы 0,5м. Майлы зығырдың Кустанайский янтарь сорты қолданылды.Қатарлы әдіспен Мамырдың 28-і себілді.
Майлы зығыр дақылының жан-жақты зерттеу мақсатында келесі бақылаулар мен есептеулер тәжірибе ісінің әдістемесі талаптарына сәйкес және өсімдік шаруашылығы БОҒЗИ әдістемесі бойынша анықталды:
1. Фенологиялық бақылаулар –майлы зығырдың вегетациялық мерзімінің әр фазасы бақыланды, фазааралық ұзақтығы БРӨШИ (1981) әдістемесі бойынша анықталды. Сонымен қатар әр фазаның басталу уақыты және ұзақтығы мен аяқталу уақыты көзбен анықталды.
2. Зерттеу аймағында майлы зығырдың келесі белгілері бойынша БОӨШИ-ң әдісімен құрылымдық талдау жасалды: өсімдік биіктігі, өнімді түптілік, өсімдіктегі қорапшалар саны, қорапшадағы дән салмағы, бір өсімдіктегі дән салмағы, 1000 дәннің салмағы, биологиялық өнімділік.
3. Вегетация кезеңінде ГОССОРТСЕТЬ әдістемесі бойынша өсімдіктің өсуі мен дамуы бақыланып, есептеліп отырылды.
4. Биологиялық өнімділікті анықтау келесі формула бойынша жүзеге асады: егін жинау алдындағы аудан бірлігіндегі өсімдік саны (Ш),қорапшалар саны (З), 1000 тұқым салмағы (Г):
1000 тұқымның салмағын анықтау. Практикада тұқымның сапасы оның граммен алынған 1000 данасының құрғақ ауа салмағымен де сипаттайды. 1000 тұқымның жоғарғы салмағы әдетте тұқымның ірілігімен байланысты. Тұқымның мөлшері бірдей болғанда бұл көрсеткіш оның ішкі құрылымының тығыздығын сипаттайды және ондағы қорлық қоректік заттарды анықтайды. Өндірісте 1000 тұқымның салмағын салмақтық себу мөлшерін есептеуге пайдаланылады.
Өлшеу нәтижелері төмендегідей тәртіппен өңделеді: 500 тұқым үлгілерінің өлшеу көрсеткіштерін бір-біріне қосып, 1000 тұқымның салмағы 10г-нан көп болса, оны 0,1-ге дейін дөңгелектейді. Мысалы:Майлы зығырдың Шедоу-20мл бірінші үлгісінің салмағы 3,46г, ал екінші үлгісінің салмағы 2,56г. Екі үлгінің жалпы салмағы 3,46+2,56=6,02г. 1000 тұқым салмағы 6,02г тең болады.(кесте 2)
Препарат атауы
|
Себу нормасы,г
|
1000 тұқым салмағы,г
|
контроль
|
13
|
6,1
|
Шедоу-5мл
|
11
|
5,8
|
Шедоу-10мл
|
15
|
6,2
|
Шедоу-15мл
|
11
|
6,4
|
Шедоу-20мл
|
14
|
6,02
|
Орташа топ бойынша
|
12,8
|
6,10
|
Кестені қорытындылай келе, келесі нәтижелерді алуға болады: орташа топ бойынша себу мөлшері 12,8 г құрады. Салмақтарының әртүрлі болу себебі, кей сорттардың тұқымдары толық және ауырлау болды. 1000 тұқым салмағы топ бойынша орташа есеппен 6,10 г құрады.
Майлы зығырдың өсіп – даму кезеңдері, күн
Егілген күндер
|
Егін-көгі
|
Бұтақтану
|
Бутонизация
|
Гүлдеу
|
Тұқым пісуі
|
Жиналған күндер аралығы
|
Вегетациялық кезең
|
|
жасыл
|
қоңыр
|
толық
|
|
27.05
|
4.06
|
20.06
|
15.07
|
29.07
|
14.08
|
22.08
|
5.09
|
12.09
|
112күн
|
29.05
|
6.06
|
23.06
|
16.07
|
30.07
|
16.08
|
23.08
|
8.09
|
15.09
|
115күн
|
Майлы зығыр дақылының егін көгі 8-ші күні шықты,егілген сорт атауы Кустанайский янтарь,егу күндері 27-29 мамыр күндері өтті. 27.06 егілген майлы зығыр бұтақтану кезеңіне дейін 23 күн аралығында байқалды, 29.06 егілген 24 күнде бұтақтануы байқалды.Вегетациялық кезеңі 112 күн және 115 күнде болды.Бутон кезеңі 15-17 шілде аралығында байқалды.Гүлдеуі 29 шілде мен 1 тамыз аралыгында жүрді.Тұқымның толық пісуі 5-8 қыркүйек аралығында жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |