9153 адам (4565 ер және 4588 әйел адам) (1999)[2];
11326 адам (5763 ер және 5563 әйел адам) (2009)[2].
Экономикасы[өңдеу]
Жетібайда “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-на біріккен Жетібай, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай мұнай-газ өндіру кәсіпшіліктері бар. Бұлардан өндірілген мұнай Өзен — Жетібай — Ақтау мұнай құбыры арқылы Ақтау портына тасымалданады. 1961 — 1997 ж. аралығында аталған кәсіпшіліктерден 59,5 млн. т мұнай, 11,653 млрд. м3 газ өндіріліп, тұтынушыларға жіберілді. Кент жанындағы карьерден ұлутас өндіріледі. Жетібайда “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамының “Жетібаймұнайгаз” филиалы, Жетібай технологиялық көлік кәсіпорны, “Маңғыстаугеология” акционерлік қоғамы, т.б. мекемелер жұмыс істейді.