Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”– деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған. Өнер дегеніміз – өмір шындығын көркем бейнелер арқылы жеткізетін адам іс-әрекеттерінің формасы. Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар? Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін.... Бірақ өнер ол теке қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін. Өнерлі адам- өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар!
Өнер туралы мақал-мəтелдер
1.Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
2.Өнерлі өрге жүзер.
3.Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
4.Өнерліге өлім жоқ.
5.Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөз алтын.
Шеллингтің жасаған философиялық жүйесінде өнер ерекше орын алады. Егер И.Кант пен И.Фихтенің философиясында адамның моральдық жетілуі тарихтағы негізгі нәрсе ретінде көрсетілсе, Шеллинг оны өнерден, эстетикалық санадан көреді. Соңынан орыстың ұлы жазушы-ойшылы Ф.Достоевский осы ойға сай «Әсемдік әлемді құтқарады» деген нақыл сөзді айтқан болатын.Шеллингтің ойынша, әлемді тек кана әсемдік арқылы ғана жете түсініп-сезінуге болады, өйткені «Əлемнің өзі абсолютті өнердің туындысы», табиғаттың өзі «рухтың бейсаналық поэзиясы». Күннің шығуы мен батуы, аралардың ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен иістері, құстардың неше түрлі безенуі, жануарлардың дене кұрылыстарының әсемдігі т.с.с. – бәрі де бізді таңғалдырады, өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз ақыл-ойдың тудырған идеалды ұғымы сәйкес келеді.Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді, эстетикалық сананы қояды. «Ғылым әрқашанда өнер саласында алғашқы ашылған, сезінілгеннен кейін жүреді». Шеллингтің бұл ойын растайтын бір мысалды келтірейік. 1970-ші жылдардан бастап, бұрынғы кеңес қоғамының құлдырай бастағанын, оның алдағы болашақта тарихи тұйықтыққа келіп тірелетінін алғаш сезінген өнер қайраткерлері болатын. Ал ғалымдарға келер болсақ, олар тек сол қоғам келмеске кеткен уақыттан бастап қана оны сараптай бастады.Өнер саласының құндылығын Шеллинг генийлердің (genius -лат. сөзі, аса дарынды деген мағына береді) іс-әрекетімен тығыз байланыстырады. Өйткені олар - Абсолюттің құралы, бірақ оны олар сезінбейді. Генийдің өмірі - ерікті де, зардап пен шаттыққа, шығармашылық іс-әрекетке толы. Ол өнер саласында белгілі бір мақсат қойып, оны ертелі-кеш орындайды, дүниеге аскан әсем туынды келеді. Ал бірақ оған ол қандай жолмен, қандай заңдылықтардың нәтижесінде жетті - оны ол көбіне түсіне бермейді. Өйткені өнер кайраткерінің туындысын Дүниеге әкелетін ең терең себеп - ол Абсолюттің өзі.Алайда гений өз шығармасын тудырып, оның кемеліне келген әсемдігін сезініп, шексіз шаттанып, одан ғажап ләззат алады. Өйткені оның рухы өзінің жасаған өнер туындысы арқылы заттанды , ал заттанған өнер шығармасынан идеалды өмірдің нышаны байқалады.
Сонымен өнерде объективтік пен субъективтік бір-бірімен косылып, алғашқы бейсаналық теңдіктің дамыған финалы, соңы ретінде байкалады.
Шеллинг өнер саласын, негізінен, екіге бөледі. Біріншісі -реалдық өнерлер. Оған ол музыканы, сурет, архитектура мен скульптураны жатқызады. Екіншісі - лирика, эпос және драма. Егер біріншіге жататын өнер салалары көбіне дене әсемдігіне көңіл бөлсе, екіншілер, одан да жоғары - рухани әсемдікті көрсетеді.Музыка арқылы сөзбен жеткізе алмайтын нәзік сезім толқындарын тудыруға болатынын бәріміз де білеміз, олай болса оны екінші топқа жатқызуға, әрине, болар еді.Шеллингтің ойынша, ең биік өнер - ол поэзия. Ол арқылы Абсолют өзін-өзі ең терең түрде сезіне алады. Соңынан, XX ғасырда өмір сүрген ұлы неміс философы М.Хайдеггер бұл пікірді толығынан қолдап, поэзияда философиялық ой-өрістің шеңберінде ашылмаған болмыстың сырлары ашылады деген болатын.Сонымен тек өнерде ғана адам өлшенбейтін, бұл өмірде жок ғажапқа іштей беріліп, жан тыныштығына иеленеді. Ал ол — өлшемі Жоқ ғажап, ол - Құдай. Абсолют ұғымы - оның тек қана сөзбен берілген аты ғана. Соңынан Шеллинг өнердің Құдай идеяларына қатыстығы бар екенін көрсетіп, өнерді сүйіп-түсінудің өзі Құдайдың адамға жауған нұры деген пікір айтты.Көріп отырғанымыздай, өмірінің соңына қарай, Шеллинг бірте-бірте діни философияға қарай ауытқып, «аян философиясьның» жолына түсті. Шеллингтің замандастарыньвд көбі оның бұл ауытқуын теріс қабылдап, жас кезінде даңққа, сыйға бөленген философ қартайған шағында жалғыздықтың, ұмыт қалудың да қасіретін басынан өткізді.Қалай айтқанда да, ұлы философтың идеялары философия тарихында әрі қарай өз өмірін сүріп кете барды. Ол өзінен кейінгі көп ұлы философтардың ой-өрісінің қалыптасуына зор әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |