«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасы «Бекітемін»



бет9/10
Дата02.11.2022
өлшемі155,25 Kb.
#156243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ТУРСЫН ЖУНИСОВ КУР. РАБ. РЫЛЫС РЫЛЫМДАРЫН РАСТЫРУ

Қорытынды
Мен осы курстық жұмысты орындау барысында үймереттер мен ғимараттар құрылысын жүзеге асыру үшін құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің жобаларын жасау әдістемелерімен танысып үйреніп шықтым. Сонымен бірге үймереттің жерүсті бөлігінің құрастыру жұмысында пайдаланылатын жүк көтергіштерін, құрастырғыш механизмдер мен ұстағыш құрылғыларды есептеу мен тиімді нұсқаларын іріктеу мен таңдау бойынша тәжірибе жинадым. Құрылыс құралымдарын құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасын жасағанда оқулықтар, анықтамалар және мөлшерлік құжаттармен, ҚР ҚНжЕ, БМБ, және т.б құжаттармен дербес жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Құралымдарды құрастыру процесін ұйымдастыру мәселелерінде әртүрлі көптеген сапалы шешімдер болады. Сондықтан құралымдарды құрастырудың негізгі вариантын таңдауды жұмыс өндірісінің бірнеше варианттарын техника-экономикалық салыстыру негізінде жасау және олардың ең жақсысын таңдап алу керек. Курстық жобаны орындау барысында құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйену арқылы орындадым.
Жалпы, осы секілді бірқабатты өнеркәсіптік үймереттердің құрамалы құрылымдарын орнату әдістері құрастыру жұмысының көлеміне, көлемдік- жоспарлы және құрылымдық шешімдерге, құрастыру мерзіміне, қолда бар құрастырушы механизмдер паркінің мүмкіндігіне қарай таңдап алынады.
Құрамалы құрылымдарды құрастыру тәсілдері көтергіш-құрастыру қондырғыларының қолданылуына, көтерер алдында құрамалы бөлшектердің немесе блоктардың жобаға сай орналастыруына, құрастыру процестерін дамыту бағытына, төмен жатқан тірек құралымдарының бағыттау, орналастыру әдістеріне қарай белгіленеді. Барлық жағдайда да кез-келген тәсілді қолдану барысында құралымдар дәлме-дәл орнатылып, үймереттердің беріктігі толық қамтамасыз етілуі қажет.
Әдетте құрамалы құралымдардан бірқабатты өнеркәсіп үймереттерін салғанда құрастырудың крандық әдісі қолданылады. Жекелеген қосымша элементтер немесе ірілендірілетін стендтен жобадағы құрылыс орнына бірден кранмен беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет