Құрастырғыш механизмдердің техникалық параметрлерін анықтау
Жүк көтергіш крандардың атқаратын қызметі көлденең және тігінен жүктерді бір орыннан екінші орынға ауыстыру үшін қажет. Құрылыс саласында жебелі жұк көтергіш крандар кеңінен қолданылады. Жалпы, кранның негізгі техникалық параметрлеріне: жебе ұзындығы L м, кран ілмегінің көтерілу биіктігі H м, жүккөтергіш қабілеті Q т жатады.
Жыланбауыр(гусеничные) немесе қазмойынды кран басқа крандарға қарағанда жоғары маневрлі, жеңіл жүрісті, бір орында айнала алады және топырақ пен негізге ең аз қысым түсіреді. Бұл крандар құрылыс алаңында тиелген жүгімен бірге кез келген бағытта оңай орнын ауыстыра алады, сонымен қатар аса ауыр жүкті көтеру барысында тіреу бағаналарынсыз жұмыс істеуге арналған. Жыланбауыр крандар бірқабатты және көпқабатты өндірістік және азаматтық ғимараттарды монтаждау жұмыстарын атқаруға арналған негізгі механизм болып табылады. Техникалық параметрлеріне келетін болсақ, жүккөтергіш қабілеті 200 тоннаға дейін, жүкті 50м және одан да жоғары көтере алады. Бұл крандардың екі жұмысшы жебесі болады: бірі-жебе ұзындығы қалыпты жағдайында максималды жүк көтеруге арналған негізгі жебе, екіншісі-қосымша жебе, яғни қажетті жебе ұзындығына тәуелді болатын, жүк көтеру қабілеті төмен болатын жебе.
Қазмойынды жебелі кран үшін есеп жүргіземіз:
1. Кран ілмегінің көтеру биіктігі.
Нк=Н0+Нз+Нэ-Нт,
мұндағы Н0=7,2 м – ғимарат биіктігі;
Нз=0,5 м – құралымды орнату үшін биіктігі бойынша запас(0,5 м кем емес);
Нт=1 м –строп биіктігі.
Нэ-құрастыратын қалпындағы элементтің биіктігі (менің нұсқамда ұстын биіктігі)
2. Кран жебесі еңкішінің қолайлы бұрышы.
Нк=Н0+Нз+Нэ+Нс,
b=B/2+e-lқмcos
lқм – кранның қазмойын жебесінің ұзындығы (5; 7,5; 8м)
- қазмойын жебенің ең кіші бұрышы (35 -45 тең алуға ұсынылады);
e-көлденеңінен кран жебесінің өсіне дейін құрастыратын құралымның жанасуы мүмкін ең жақын нүктеден қашықтық (1-1,5 кем емес);
B-элементтің ұзындығы.
Достарыңызбен бөлісу: |