Қант зауыты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Өнерлі екен он саусақ»
Тәрбиешілер: А. Сансызбаева
А.Нусипбекова
2018 -2019 оқу жылы
Түсіндірме хат
Дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салу, мүсіндеу, қол еңбегі бүлдіршіндердің ең сүйікті ісі де болады. Өйткені, бояу әлеміне ену, оны қолмен ұстап, сезіну арқылы салынған дүние – балалардың танымдық деңгейін ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға деген қызығушылығын да арттырады. Сондықтан болар, дәстүрден тыс әдіс арқылы бейнелеу:
-баланың психикасына (эмоционалдық жағдайына);
-логикалық ойлау қабілетіне;
-саусақ моторикасының дамуына;
-қағаз бетіне бағдарлай білуді;
-көзбен көріп, мөлшерлей білуді;
-эстетикалық талғамының қалыптасуына зор ықпал етеді.
Жалпы, мектепке дейінгі мекемелердегі бейнелеу өнерінің, мүсіндеудің, табиғи материалдармен жұмыс жасаудың шығармашылық қабілеттерін шыңдауда балалар үшін маңызы зор. Өз түсінгенін бұқпасыз, боямасыз жеткізетін жеткіншектің бояу арқылы бағдарлауында тәрбиешінің орны ерекше. Сондықтан да, өзімнің шығармашылық жұмысымның арқауы ретінде осы дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салуды, мүсіндеуді, қол еңбегін алуды жөн көрдік. Аптасына бір рет өткізілетін бұл іс-әрекеттер балалардың қиялын, ой-өрісін дамытады, щығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық жұмысымның өзектілігіне келер болсақ: Бала қиялына ерік беру арқылы оның ішкі сезімін, жан дүниесін бағдарлау, нәтижеге жетер жолдағы тиянақтылық пен іскерлік дағдысын дамыту.
Ерте кезде-ақ философтар шығармашылық феноменды аңғаруға және адам дамуына ықпалы қаншалықты екенін анықтауға ұмтылды (Платон, Аристотель, Ф. Аквинский, И.Кант). Орыс философиясында шығармашылық зор түсініктердің бірі екендігін мойындайды (В.С.Соловьев, В.Н.Лосский, И.А.Беряев ).
Бейнелеу өнері шығармаларын жақсы дәрежеді қабылдау үшін, бала өнердің өзінің бейнелеу тілін түсінетін дамыған қабілет болу қажет. Өнер қабылдау балада арнайы үйренуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |