«Өнерлі екен он саусақ» үйірмесі балаларды дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салуға, мүсіндеуге, жапсыруға, табиғи материалдарды қолданып өз шығармашылық қабілеттерін дамытып, жасаған жұмыстары туралы әңгімелей білуге үйретеді.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, мәдениетін дамыту. Шығармашылық іскерліктері мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеттері:
Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, бір затты әр қырынан көре білулеріне, жасаған жұмыстарын талдауға, өз ойларын жеткізе білулеріне машықтандыру.
Бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту.
Саусақ моторикасының дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал ету.
Сурет өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Бастаған істі аяғына жеткізуге, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік қасиетін дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.