Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Алтын балық
Мақсаты: Балаларды ертегі оқып беріп, түсінгендерін әңгімелету. Тіл байлықтарын жетілдіру. Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Әшекейлік арқылы көркемдік тәрбие беру.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту.
Билингвалды компонент: Алтын балық-золотая рыба
Сөздік жұмыс: жарлы.
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу.
|
Балалардың қызығушылығы оянады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Шаттық шеңбері:
Күндей жылы,
Алмадай тәтті,
Доптай көңілді,
Жүзіктей әдемі бол!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Кіріспе әңгіме
Балалар мен сендерге алдымен «Алтын балық» ертегісін оқып берейін. Мұқият тыңдаңдар.
Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап:
-Шал қайда барды?
-Өзенге не үшін барды?
-Шалдың қармағына не ілінді?
-Балық шалдың қандай арманын орындады?
Жұмыстың орындалу барысын түсінідіріп өтейін.
Бүгін біз алтын балықтың бейнесін картонға салып алып, оны қиып аламыз. Дайын болған балықтың желбезегін түрлі түсті моншақтармен безендіреміз.
Жұмысты бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
|
Достарыңызбен бөлісу: |