Оның зардаптары Сынып жетекші: 2023-2024 оқу жылы


«Зорлық зомбылықсыз бала»



бет8/58
Дата15.05.2024
өлшемі1,18 Mb.
#202278
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Байланысты:
Жоғары ҚМЖ тәрбие сағаты 23-24

«Зорлық зомбылықсыз бала»
Сынып жетекші:

2023-2024 оқу жылы


Сынып жетекшінің аты-жөні




Күні:




Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Зорлық зомбылықсыз бала

Тәрбие жұмысының бағыты




Мақсаты

Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.



Бағалау критерийлері:

.



Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Ресурстар

Кіріспе


Негізгі бөлім

1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?
 
2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар
 
3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?
 
4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?
 
5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай?
 
6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек?
 
7.Тәрбие сағатын анкеталық сұрақтармен қорытындылау.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Негізгі бөлім
Қайырлы кеш балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ ". Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.
Сонымен қатар Адам саудасы дүниежүзі бойынша кірісі жағынан үшінші орында тұр және ол барлық елде етек жайған. Әсіресе, адам саудасы құрбандарының жасарып бара жатқаны әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты. Соңғы жылдары адамдарды сату деректері күрт өскен. Жыл сайын оның құрбандарының саны төрт миллионға жуықтайды. Әсіресе, қазақ қыздарын шетелде жақсы әрі табысты жұмысқа алдап шақырып, жезөкшелікке салу деректері де біршама артқан. Биші, фотомодель ретінде алдап әкелінген жас қыздарды тәнін саудалауға мәжбүрлейді. Сондай-ақ ер адамдарды құлдыққа сату фактілері де едәуір өскен.
 1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?
Зорлықбалалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта
«Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Объективті факторларға сәйкес, еліміз адам саудасы құрбандары келетін, тұратын және транзит елдердің қатарына жатады. Адамдарды сату, пайдалану, азғырып-көндіру, тасу, жасыру әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізіледі. Бұл – адамдардың өмір сүруге, бостандығына, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады. Сарапшылардың зерттеуі бойынша, әлемде 2-4 млн. адамдар адам саудасының құрбаны болып келген.
3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?
Егор: Ондай адамдар қатарында кедей отбасынан шыққандар, басқа елге барып еңбек етіп, табыс тапқысы келетіндер, баспанасыз жандар, қараусыз қалған балалар, жетімдерді жатқызуға болады.
Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты.
Лидия: Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологмясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет