«Онкүндіктің ашылуы, және жабылуы» «Бастауыш-біл ім негізі»-атты 20.11.2015Редакция
Алматы қаласы Әуезов ауданы
№119 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
Абдуразакова Камила Актаевна
Онкүндіктің ашылу салтанаты. —Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін «Бастауыш-білім негізі»-атты апталығымызды ашық деп жариялаймыз.Қош келдіңіздер!
-ҚР-ның мемлекеттік әнұраны орындалады. —Жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер,әз жандар.
Білім іздеп инеменен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсыаламыз сіздерді.
10-күндіктің ашылу салтанатында
Пәндер жайлы айтылып,
Би және ән де бүгін шырқалар.
Құрметті қонақтар назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын. Мұнда біз мектепте бастауыш сынып оқушылар саны
Және олардың өткен жылғы апталықта алған жетістіктері
Туралы мағлумат беріп отырмыз.Мақсатымыз биылғы жылы көбірек болады деген мақсатта.
Ашылу салтанатымыз: 3-бөлімнен тұрады
1-«Бастауышта-білім негізі»құтықтаусөз және апталық жоспары.
2-«Пәндер сөйлейді» 3-«Оқушылар өнері» Апталықтың ашылу құрметіне құтықтау сөзін директордың
Оқу ісі жөніндегі орынбасары Раймқұлова Ақтолқын апайға беріледі
Ән «Менің қазақстаным» орындаушы 3 «а»сынып оқушысы Томирис Жаңыл —Жүргізуші: -Ал енді кезекті «Пәндерге береміз» Әрбір тілде сөйле Әлемді таң қылып.
Ана тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер бабаң ,байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
-Қазір 3 «Ә» сыныбының орындауында сахналық көрініс. -Келесі кезек 3 «А»сынып оқушысы Нурболов Диас
« Қазақ тілі» туралы жарлықты оқып береді.
Елімізде атақты.
Ғалым ата не тапты
Бәрін, бәрін білесің.
Оқи берсең кітапты.
-«Қазақ тілі» өлең орындайтын 3 «А»сынып оқушысы
Төлеубаева Ерке.