Онкологиялық науқастарға құрамында есірткі құралы бар дәрілік заттарды тағайындау, пайдалану, жазып беру, босату, сақтау, бөлу, есепке алу, жою «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық құралдар мен прекурсорларды медициналық мақсатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 396 қаулысымен регламенттеледі. 38. Есірткілік ауырсындырмайтын препарттарды тағайындау қажеттігі туралы шешімді МСАК деңгейінде комиссия арқылы береді және тиісті хаттамамен ресімделеді. Қорытынды тұрғылықты жері бойынша пациенттің амбулаториялық картасына жапсырылады, бұл учаскелік дәрігердің ерекше үлгідегі («қызғыш бланктер») рецепті жазып беруі үшін негіз болып табылады. 39. Есірткілік препараттар алған онкологиялық науқастар 10 күн бойы кемінде 1 рет МСАК дәрігерінің жүйелі бақылауына жатады. Егер онкологиялық науқас есірткілік препараттарды 3 айдан аса қабылдаған болса онкологиялық диспансердің жүргізілген ауырсынуға қарсы терапия орындылығы мен тиімділігі туралы қорытындысын алу қажет.