Құрсақ қуысы артындакездесетін қатерлі ісіктер налар түзеледі. Осы эмбрионалдық үрдістің қалыпты түзелу
жағдайынын ауытқуы – бүйрек ағзасының кемістіктері мен
ісіктерінің пайда болуына әкеледі.
Вилмс ісігі негізінен 2 мен 5 жас аралығында (80-85%-
ға жуық) /Л.А. Дурнов., 1986., D. Angіo G.І. 1991/ және жаңа
туған нәрестелер де жиі кездеседі /De Kraker І., Lemerle І.,
Voute P.A., et al 1990/. Вилмс ісігі 10% жуық іштен туатын
кемістіктермен бірге қатарласып келуі мүмкін. Әсіресе,
көздің қасаң қабығының жетілмей қалуымен (аниридиясы--
мен), бүйрек және жыныс ағзаларының әртүрлі кемістікте--
рімен (таға – доға тәріздес қосылып кеткен бүйректер, екі
бүйректің бір жақты орналасуы, зәраққыш ақаулары, гипо--
спадия т.б), науқастың психикасының жетілмей қалуымен
және де т.б кемістіктермен – ісік қатар келуі мүмкін.
2002 жылы шілде айында бізге Алматы қаласының
тұрғыны – 4,5 жастағы Карина Х., қаралды. Баланы жалпы
қарау кезінде әрі алып келген құжаттарын сараптау үстінде,
онда көптеген іштен туа пайда болған кемістіктер бар екенін
байқадық. Баланың өз қатарларынан психикалық тұрғыда
қалып қойғандығын, оған себеп – ми бөліктерінің дұрыс же--
тілмей қалуы екенін; дұрыс сөйлей алмауы, екі көзінде де
«аниридия», яғни қасаң қабаттарының жетілмеуі, сонымен
қоса, іш қуысына жасалынған компютерлік томографияда
оң жақ бүйрегінде Вилмс ісігі анықталды. 24.07.02 жылы
балаға операция амалы жасалынды. Операция үстінде, яғни
ісікті зақымдалған оң бүйрегімен алу – нефроуретрэктомия
кезінде, баланың екі бүйрегінің төңкерілген «таға» тәріздес
болып қосылып келгендігі (яғни, менің айтайын дегенім де
осы – КТ да анықталмаған !, жоғарыда айтылған кемістік--
терге қоса, бүйрек кемістігі + оның ісігі ) анықталып, ісік
алынды.
Бүгінгі күні, Карина толық кешенді емді алып бітті.
Жағдайы дұрыс,мамандандырылған мектепте оқиды. Біздің
диспансерлік қадағалауымыздан босады.