Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет17/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

үлкен-
дерде %
балаларда 
%
1 Құрсақ қуысында
32,7
3,5
2 Жыныс ағзаларында
22,3
4,0
3 Сүйектерде
1,3
11,7
4 Бүйрек
1,2
9,2
5 ОНЖ
0,8
14,2
6 Көз жөне көз шарасы
0,3
5,7
7 Басқа ағзалар
11,8
2,3
Морфологиялық зерттеу әдістері 
Балалар ісіктерін анықтауда морфологиялық зерт--
теу әдістері ерекше орын алады. Солидті ісік түрлері мен 
ұлғайған лимфа түйіндеріне цитологиялық зерттеу жүргізу 
үшін, олардан жұғынды-пунктатын алу қажет. Ол үшін 
балалар онкологиясында пункционды биопсия әдістері 
кеңінен қолданылады. Этиологиясы белгісіз лимфоаденит 
деп онкологтың кеңесіне жіберілген барлық балалардың 
ұлғайған лимфа түйіндерінен жасуша-жұғынды алынады. 
Қатерлі лимфасаркоманың морфологиялық диагностикасы 
да, барлық ісіктерге тән цитологиялық және гистологиялық
зерттеулері сияқты жүргізіледі.


26
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Аспирациялық биопсияны жасау әдісі (методикасы) 
қарапайым болғанымен дұрыс жасалынуы керек, себебі ма--
териалды алу техникасы, оны өңдеуі, препаратты бояуы т.с.с 
қорытындының дұрыс шығуына тигізер әсері көп. Барлық 
зерттеулер жансыздандыру арқылы, ал құрсақ қуысының 
пункциясы, кеуде қуысының, жамбастың, құрсақ артындағы
кеңістіктің ісіктеріне - релаксанттарды қолданылуымен 
жүргізіледі. Пункция кезінде патологиялық ошаққа ең 
қысқа жолды таңдайды. Инеге 20 гр. шприцті жалғап, 2 
және 3 сорғыш қозғалыстармен иненің қуысына тіндік 
сұйықтықты алады. Осылайша ісіктің әртүрлі аумағынан 
материал алуға болады. Осыдан кейін шприцты инеден ажы--
ратып, заттық әйнекке жұғынды жасайды. Егер материал аз 
болса, онда пункцияны қайталайды Үлкен көлемдегі ісік--
тер мен түйіндердің конгломераттарына әртүрлі аумақтан 
пункция жасаған жөн. Бірнеше препаратты дайындау үшін 
көбірек материал алу керек. Цитологиялық зерттеудің 
көмегімен дұрыс морфологиялық диагнозды 75 % жағдайда 
қоюға болады. Сонымен қатар, қазіргі диагностикалық 
аппараттардың көмегімен УДЗ, КТ, МРТ-ны пайдаланып 
жасалынған пункциядан, материалдың алынуы мен оның 
нәтижесі жоғарырақ болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет